Ашық сабақ Құстар -біздің досымыз

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Ортаңғы топ балаларына арналған ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру саласы:, «Қатынас»

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: Құстар - біздің досымыз!

Мақсаты:

Білімділігі: Құстар туралы білімдерін кеңейту. Олардың тіршілігін, ортақ қасиеттерін, айырмашылығын ажыратуға үйрету.

Дамытушылығы: Балалардың сөздік қорын, ой - өрісін, дамыту. Сұраққа толық жауап беруге, 2-3 сөйлем құрастыруға қалыптастыру.

Тәрбиелігі: Құстарға қамқор бола білуге, қорғауға, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Билингвальді компонент: Құстар – птицы – birds

                         Жұмыртқа – яйцо - egg

Сабақ барысы:

Шаттық шеңбер:

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз,

Жайнай түсті гүліміз.

Кайырлы күн балалар

Кайырлы күн қонақтар


Доброе утро всем нам!

Доброе утро всем гостям!

 

Good morning,good morning,

Good morning to you.

Good morning,good morning,

I am glad to see you.

(құстар туралы аудиозапись қосылады)

Тәрбиеші: Балалар ненің дауысы естіліп тұрған?

Балалар: Құстардың.

Тәрбиеші: Ендеше, біздің бүгінгі ұйымдастырылған оқу- іс-әрекетіміз құстар тақырыбында болмақ.  Балалар, ал енді сендер құстар туралы не білесіңдер?

Балалар: Құстар үй құстары және дала құстары болады.

Тәрбиеші: Олардың қандай пайдасы бар?

Балалар: Олар өсімдіктерді, ағаштарды зиянды жәндіктерден, құрттардан тазартады

Тәрбиеші: Құстарды жыл мезгілдерінің өзгеруіне қарай қалай бөлеміз?

Балалар: Қыстап қалатын құстар, жыл құстары болып  бөлінеді.

Тәрбиеші: Қыстап қалатын құстарды білеміз бе?

Балалар: Торғай, қарға, көгершін, сауысқан.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, бұлар суықтан қорықпайды, қыста өз қоректерін тауып жейді Жыл құстары жайлы не айта аламыз?
Балалар: Жыл құстары олар жылы жаққа ұшып кетеді.
Тәрбиеші: Құстар қыста ағаш бүршігін, кепкен жемістерді қорек етеді.
Тәрбиеші: Ал адамдар оларға қандай көмек көрсетеді?
Балалар: Адамдар оларға жемшашар жасап, оған нан қоқымын, жем шашып береді.

Қостілдік жұмыс: Құстар – птицы – birds

                          Жұмыртқа – яйцо - egg

Құстар туралы слайд. Құстар бір орында тұрмайды. Олар бір жерден екінші жерге ұшып –қонып жүреді. Олар балапандарын жауларынан  қорғайды. Барлық құстарға ортақ қасиет – олар ұшады, қанаттары, мамықтары, бәрінің тұмсықтары бар.Олар жұмыртқалайды, балапан басады. Айырмашылығына келсек, құстардың дене көлемі, пішіні, тұмсығы, түсі, дыбыстары, тіршілік етуі бір – біріне ұқсамайды. Құстар үй құстары , дала құстары болады. Құстар: жүзеді, ұшады, жүреді. Құстар өте пайдалы. Олар ағаштарды қорғайды.
«Құстарды топтастыру» ойыны.
Ағаштарға жыл құстарын, қыстап қалатын құстарды ілу.

Жыл құстары: қарлығаш, бұлбұл, аққу, көкек.

Қыстап қалатын құстар: торғай, сауысқан, көгершін.  қарға.

Қарға – басы, қанаты, құйрығы қара, ал арқасы мен бауыры сұрғылт, тұмсығы үшкір, тырнақтары өткір. Түрлі тамақ қалдықтарын тырнақтарымен қар астынан шұқып жейді. Бұл өте ақылды құс. Оның балапанын сөйлеуге үйретуге болады. Қарғалар ұзақ өмір сүреді.
Сауысқан– ала қанатты, ұзын құйрықты құс. Кез келген тамақты қорек етеді. Қауырсындары бірыңғай қара емес, жасыл реңкті келеді, бүйіріндегі қауырсыны аппақ.
Суықторғай– ағаш қуыстарын, індерді, үй – жайларды мекендейді. Бұталардың дәнімен, жемісімен қоректенеді. Кейде тоқылдақ қорегінің қар бетіне түскен қалдығын теріп жейді.
Көгершін – достықтың  символы. Ол бейбітшілік құсы деп есептеледі Ол - әлемді  шарлап  хат  тасушы  құс  болған. Оның түсі көк, сұр, қоңыр, ақ түсті болады .

Қарлығаш-  киелі  құс.  Ол  адамның  досы.  Қарлығаш  ұясын  асханаларға,  үйлердің  кіре   беріс   жеріне, киіз  үйдің  шаңырағына  салады.  Ол  кішкентай  сәбиді  аидаһардан  қорғап   қалған.

Бұлбұл – орман-тоғайда, нулы жерде, бақта жүретiн, дауысы әдемi кiшкене әншi құс.

Көкек – "Көкек, көкек", - деп үн шығаратын, түсi ала-құла көктем құсы.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, ал біз осы құстардың қалай дыбыстайтының білеміз бе?

Балалар: Ия.

Тәрбиеші: Олай болса қай құс қалай дауыстайды, соны табыңдаршы.

«Құстар қалай дауыстайды?» дидактикалық ойын.
Қарға------ қарқылдайды
Сауысқан----- шақылдайды

Тоқылдақ --------тоқылдайды

Бұлбұл – сайрайды

Қаз – қаңқылдайды.

Торғай – шиқылдайды.

Көкек – көкектейдi.

Сергіту сәті: «Шөжелерім» әнімен қимылдау.

Тәрбиеші: Балалар құстар туралы ырымдар мен болжамдарды да білеміз. Қане, соларды еске түсірейікші.

Құстың ұясын бұзба!

Құсқа тас лақтырма!

Құстардың балапанына тиіспе!

Құстардың жұмыртқасын жарма!
Жаңбыр жауарда қарғалар у-да шу болады.
Құс жүнін үрпитсе,жаңбыр жауады.
Шымшық ұя салса,қыс қатты болады.

Торғай  шаңға аунаса, жаңбыр  жауады.

Торғай  терезеге  қонса, күн  суытып, аяз  болады.

«Орман дәрігері» ертегісін сахналау

(балалар ертегіні рольдерге бөліп сахналайды)

Тәрбиеші: Балалар, барлығыңызды «жүректен жүрекке» шеңберіне шақырамын.

Балалар, біздер құстарға деген сүйіспеншілігімізді білдірейікші! ( Тәрбиеші құс мүсінін алақанына салып, келесі балаға ұсынады.)

- Егер менің қолыма құс келіп қонса, мен оны аялап мәпелер едім - деп, балапанды балаларға ұсынады.

- Егер менің қолыма құс келіп қонса, мен оны жуындырар едім.
- Егер менің қолыма құс келіп қонса, мен оған әдемілеп ұя жасап берер едім.
-Егер менің қолыма құс келіп қонса, мен оның аузына дәм салар едім.
- Егер менің қолыма құс келіп қонса мен оның қанаттарын тазалар едім.
- Егер менің қолыма құс келіп қонса, мен оны құшағыма қысар ед

 

Жарайсыңдар, балалар! Осы сәби жүрегінен шыққан жақсы тілектер қабыл болсын! Құстарымыз сайрап, күніміз ашық болсын! Осымен оқу іс - әрекетіміз аяқталды. Сіздерге рахмет!