|
Классный час в 3 классе
Автор публикации: Ристемирова А.А.
Дата публикации: 2016-10-08
Краткое описание: ...
Алтын төрім - Астана Тақырыбы: Алтын төрім - Астана Мақсаты: а) Байтақ қазақ даласының иесі кім екенін алыс пен жақынға танытатын қазақ жерінің кіндігіне Ақ ордасын тіккен – жаңа Астана тарихымен таныстыру; б) Астанасына қарап елін таниды дегендей, Астананың мемлекетіміздің биік мәртебесі, жоғары дәрежесі, елдік пен тұтастықтың, бірліктің тұтқасы екендігін таныту; в) Екі ғасыр тоғысында Еуразия құрлығындағы ірі тарихи оқиға болып, тарихқа енген астанамыз - Астана қаласымен мақтануға тәрбиелеу; Түрі: слайд шоу Көрнекілігі: Интерактивті тақта, Астана қаласының суреттері, Қазақстан картасы, т. б. Жүрісі І. Ұйымдастыру Құрметті оқушылар, ұстаздар бүгінгі болып отырған «Алтын төрім – Астанам» атты слайд шоуға қош келдіңіздер! Ән: Әнұран (хор)
Жоспары: 1. Кіріспе - мұғалім сөзі 2. Сиқырлы сандар не дер екен?- оқушы шығармашылықтары 3. Астана айшықтары - суреттер сөйлейді 4. Жаса, жайна ару қалам - Астана!
ІІ. Негізгі бөлім: 1. Кіріспе:- мұғалім сөзі: - Балалар, биылғы 2016 жылдың ерекше екенін білесіңдер ме? - Әрине, білулерің керек. Ғасырлар, жылдар бойы аңсаған тәуелсіздікке еліміздің қол жеткізгеніне биыл 25 жыл. Халқымыздың тарихын түгендеп, жоғалғандарымызды тауып, өткенімізді жандандырып, елімізде талай қиындықтар мен қуаныштар болғаны белгілі. Тәуелсіздік - біздің басты бақытымыз. Сондықтан да, оның 25 жылдық мерейлі тойын мазмұнды да мәнді етіп өткізу бүгінгі үлкен - кішінің басты мұраттарының бірі. Бұл мәселеге Елбасымыз бен Үкіметіміз де үлкен мән беріп отыр. Балалар, Қазақстан – біздің сүйікті ата мекеніміз. 1991 жылғы 16 желтоқсан - оның тарихындағы ұлы күн. Сол күні Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады. Қазақ халқы ғасырлар бойы аңсаған арманына жетті. Еліміз егемен мемлекет болды. Қазір қазақ мемлекетін жер жүзі біледі. Оның көгілдір туы Нью-Йорктегі әлем елдері туының арасында желбіреп тұр. Әнұранымыз дүние жүзінің әр жерінде қазақ тілінде шырқалады. Арсен: Қазақстан: Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты. Игорь: Дәуірлердің көшінде, Ел басы - деп шешімге. Отау тіккен Астана, Сарыарқаның төсінде. Гүлфайруз: Қазақстан өз егемендігін алғаннан кейін - 1997 жылы 10 желтоқсаннан бастап, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының жаңа Астанасы болып жарияланды. Ал 1998 жылы 6 мамырындағы Жарлығымен Ақмола қаласының аты Астана болып өзгертілді.
2. Сиқырлы сандар не дер екен?
Әбді - Әлі: Отанымның төрінде, Сарыарқаның өрінде. Ту ұстаған Астана Әсем қала бас қалам. Заман жаңа ел жаңа, Күлімдейді кең дала. Өз - Астанам өз ордам Сүйсінерім сен ғана.
Әсел: Бой көтерді бір қала, Ол біздің сұлу - Астана. Астанада бәрі бар, Қараймыз соған шаттана. Мынау менің мекенім, Астанада көсемің, Әнұран - ақ көрсетер, Қазақтың кім екенін. Асхат: Астана жас қалам, Жайнай бер жас қалам! Өркендеп өренің, Гүлдей бер Астанам! Жүрегім лүпілдеп, Баруға асығам. Бітіріп мектепті, Барармын мен саған. Би:«Қаражорға» 3 «в» сынып оқушылары
Қайырбек: Сұлу қалам - жас қалам, Нұр төгілген бас қалам. Шуақ шашып бәріне, Өсе берші, Астанам! Камшат: Астанам мақтанышым, Күн сайын күнге ұмтылған. Халқыңа бар данасың, Өмірге шын құлшынған. Астанам арқадай кең, Даналық мінез сақта. Елбасы Нұрсұлтандай, Жете бер жақсы атқа. Альбина: Арасында дүрмектің, Астанада жүрмекпін. Бірақ Есіл өзені, Бар екенін білмеппін. Арайлы екен таңдары, Көңілді екен жандары, Көшелердің әдемі Самсап тұрған шамдары. Ерекше екен не керек, Жолың түссе көре кет. Астанамыз аяулы, Қала екен ғой керемет!
Ән:«Астана» Сағызбай Рысты Асылзат: Астанам сұлу қалам, Төкті нұрын оған, Алла. Сүйікті қалам - Астанам, Жарқырай бер жас қалам.
Нұрай: Күміс күннің астында, Желбірейді туымыз. Қазақ деген халықтың, Қызы менен ұлымыз. Ардақтайтын Астанам, Мәртебелі бас қалам. Көркейе бер күн сайын, Алға қарай бас қалам!
Рысгүл: Жасыл желек оранған, Әрбір көшең көк орман. Сенде түлеп, сенде өскен, Жас ұрпақта жоқ арман. Заман жаңа, ел жаңа, Күлімдейді кең дала. Өз Астанам, өз ордам, Сүйенерім сен ғана.
3. Астана айшықтары - суреттер сөйлейді
4. Жаса, жайна ару қалам - Астана! Оқушылардың салған суреттерін тамашалау. Би: «Саржайлау» Қайырбай Ақбөбек
ІІІ. Қорытынды: Ерке Есіл жағасында бой көтерген, ерекше сәулеттік ландшафты бар, бірегей мүсіндік нышандары сап түзеген, жоғары технологиялы болашаққа ұмтылған, өзгені сыйлап, өзінің жаңа астанасы мен өз елін шексіз мақтаныш тұтатын көп ұлтты және көп дінді халқы бар әсем де мейірлі астанамыз, міне осындай қала.
|
|