Тілдер мерексіне арналған Тіл - халықтың рухани байлығы атты сынып сағаты

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрнлігі

Базылбек Ахметов атындағы орта мектеп












Тілдер мерекесіне арналған сынып сағаты


Тіл – халықтың рухани байлығы


5-А сынып













Дайындаған: Тысымбаева Самал Алибековна








Ново-Одесское ауылы 2016ж

Сабақтың тақырыбы: Тіл – халықтың рухани байлығы.

Сабақтың мақсаты: Жалпы қазақ халқының ана тілін қалай қадірлеп, қастерлеп келе жатқанына шолу жасау арқылы оқушылардың тілге деген қызығушылықтарын нығайту. Сонымен қатар келешек ұрпаққа дамыған, көркейген, таза тіл жеткізу – біздің міндетіміз екенін түсіндіру. Қазақ халқының рухани байлығына тоқталу арқылы білімдерін дамытып, өмірге, тілге, елге, салт-сана, әдет-ғұрыпқа деген қызығушылықтарын және ынта-жігерін нығайту.

Сабақтың түрі: Жарыс сабақ.

Сабақ көрнекіліктері: Ұлағатты сөздер: «Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой»

«Ақылды ой, алғыр сөз адамның ең жоғарғы қасиет» (Ғ.Мұстафин)

«Ана тілі – мәңгілік аманат атадан балаға»

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда», қазақтың әуені,

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:

ІІ. Кіріспе сөз: (Ақырын қазақтың әуені ойнап тұрады)

Құрметті оқушылар!

Әр адамның азаматтық қасиеті мен мәдениеті өз ана тілімен өлшенбек. Жер бетінде 3-4 мыңдай халық бар. Олардың белгілі бөлігі ұлт. Ұлттың ұлт екенін танытатын негізгі ең қасиетті сипаты – тіл. Олай болса, қаншама даналық сөздер бізге тіл арқылы жетті. Сондықтан біздің тілге деген құрметіміз шексіз. Бүгінгі «Тіл – ұлттың ұлы игілігі» атты сағатымыз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына және жерлесіміз – Мұзтаудың мұзбалағы, жазушы Оралхан Бөкейдің туған күніне арналмақ. Олай болса, Тіліміз әрқашан да таза болып, жасай берсін!деп сағатымыздың 1-бөлімін бастайық 5-сынып оқушыларынан 6 баладан 3 топ құру

1-топ басшысы: Ата-анамыз әлдилеп,

Уатқан бізді баба тіл.

Сол туған тіл атауы

Ежелгі біздің қазақ тіл.

2-топ басшысы: Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті екенін білеміз. Олай

болса, бүгінгі тіл мерекесіне арналған сабағымызға қошеметтеп тілдің өзін шақырсақ, қалай қарайсыздар, достар!

3- топ басшысы: Бұл өте орынды ұсыныс.

Бабамыздың тілі деп,

Даламыздың үні деп,

Ана тілін, ана тілін

Шақырамыз құрметтеп!

(Ортаға әуенмен ТІЛ шығады)

ТІЛ: Тілмін мен! Ана тілмін мен!

Осы елдің шежіресі, жырымын мен.

Асан Қайғы арманы,

Қорқыт күйі –

Тағдырымен тамырлас мұңым менің.

Тілмін мен!

Жауға айбар ұраным, туым менің,

Найзасымен тең ұстап әркез мені.

Намысымды қорғады сырым менің.

Тілімін мен!

Ұлы Абай, Мұхтардың пірімін мен.

Тұнығым рухани жан азығым

Ол бүлінсе, менің де бүлінгенім!

1-т.б.: О, мәртебелі Тіл!

Бас иеміз саған біз.

Көтереміз биікке,

Шарықтатып әлемге!

2-т.б: Көп күттірген туған тілім, бармысың!

Сағындырған ана тілім, армысың!

Осы тілде бар азамат ұғысқан,

Осы тілде талай жүрек табысқан.

3-т.б. Сенің арқаң – дүниеден сыр ұқсам.

Сенің арқаң – жүзіп ішсем тұнықтан.

Туған анамды ұмытқаным емес пе?

Туған тілім – егер сені ұмытсам?!

1,2,3- оқушылар кезекпен:

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.

Алтын күннен бағасыз бір белгі боп.

Нұрлы жұлдыз баба тілі сен қалдың!

Мұғалім: Иә, тіл – қазақтың жаны да, тәні де, қазынаға толы кең байтақ даласы да, әні де, жыры да. ендеше мәртебелі Тілімізді құрметпен қошеметтеп төрге шығарайық. Балалар, бүгін біз 3 топ болып «Қазақ тілі еліне» сапар шегеміз. Қазақта қасиетті сан 7 демекші, алдымыздан 7 бекет кездеседі, әр бекетте сендердің өз ана тілдеріңді қаншалықты жетік білетіндерің мен қалай құрметтейтіндеріңе көз жеткіземіз. Осы сындардан мүдірмей өткен топ «Қазақ тілі елінің құрметті азаматтары» атағын жеңіп алады.

  • Алдымен, қай сайыстың болса да әділ өтіп, мәресіне жарыса, қуанышпен жетуімізге дем беруші әділқазылары болады, әділқазылармен танысыпалайық. 1 оқушы – Тіл, 2 мұғалім)

«Сәлем - сөздің басы, көңіл арнасы»,- дегендей, 3 топтың бір-бірімен сәлемдесуі:

І топтың аты: «Дарын»

Ұраны: «Біз дарынды баламыз,

Оқуда алғыр боламыз.

Тілді таза сақта! – деп,

Достарға талап қоямыз.

ІІ топтың аты: «Бірлік»

Ұраны: «Бірлік түбі – тірлік

Тілін білу – ерлік,

Өнер алды – тіл екенін

Біз әрқашан білдік»

ІІІ топтың аты: «Зеректер»

Ұраны: «Сөзге шешен зеректерміз,

Іске шебер біз екенбіз,

Тіл мерейін көтеруге.

Оқу-білім керек дейміз!»

1-сайыс: «Ғалым» бекеті. Сұрақ-жауап.

  1. Тіл туралы Заң қашан қабылданды? 1989ж. 22 қыркүйек

  2. Тіл білімінің негізін салған кім? А.Байтұрсынов

  3. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? Түркі

  4. «Ана тілің-арың бұл, ұятың боп тұр бетте» өлеңінің авторы? Қ. Мырзалиев

  5. 28 қыркүйекте жерлес жазушыларымыздан кімнің туған күні? О.Бөкей

  6. Абайдың шын аты? Ибраһим

  7. Сөз және мағынаны зерттейтін сала қалай аталады? Лексика

  8. Қазақта тұңғыш шешен кім? Жиренше

  9. Тәуелсіздік күні қашан? 16, 17 желтоқсан

  10. Желтоқсан құрбандарын ата? Ләззат,Сабира, Қайрат

  11. Үш би Төле, Қазыбек, Әйтеке

  12. Ұлттық аспап? Домбыра

  13. Республикамыздың тұңғыш президенті? Н.Ә.Назарбаев

  14. Республикамыздың рәміздері? Ту, Әнұран, Елтаңба

  15. Тұңғыш қазақ ғарышкері? Т.Әубәкіров

2-сайыс: «Алғырлар» бекетінде мәнерлеп, нақышына келтіріп өлеңдер оқу.

1. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнап өлең оқу:

Қазақстан

Таң қалдырған Қазақстан бұл әлемді,

Берекелі, кең байтақ жалпақ елді.

Тәуелсіздік көк туын көкке ұстап,

Қазақстан адымдап бара берді.

Кім танымас тербелген тал бесікті,

Болашаққа айқара аштық кең есікті

Барша ел аузын ашып тамсанумен,

«Қандай ғажап егемен ел» - десіпті.

Көптен күткен көк Байрақ желбіреді,

Күннің көзі көктемдей елжіреді.

Мұнан ыстық жалын-от бар ма, сірә,

Отан - әнмен жүрегім тербеледі.

2. О.Бөкейге арнап бір өлең оқу: Жәнібек Қызырдың О.Бөкеевке арнауы:

...Биігіне өнердің самғай барып,

Пенделікпен төменде тұрмай қалып.

Халқының жүрегінен орын алды,

Қазақтың үркеріне өзі айналып.

Дір-дір еткен сайтан көпір үстінде,

Тәуекелдің не екенін күштің де.

Қар қызының үлпілдеген жүрегін,

Зерделедің, мұз суынан іштің де.

Тұлпар болып бәйге аларда құлының,

Ғұмырыңның ажал қиды тұлымың.

Жүректерде мәңгілікке жасайды,

Болашаққа жаңғыратын сырлы үнің.

  1. Тіл туралы өлең оқу

Тілі аманның – күні күлген,

Қор болмайды мұны білген.

Тіл жоғалса, заман туар

Ит мөңіреп, сиыр үрген.

: Тіл сыйлаған ардан азбас,

Тіл сыйламас бордай оңбас,

Мардымсумен, «мама»лаумен

Ата-салтын жалғай алмас

. Меңгерсе де талай ғылым-ілімді,

Ана тілін білмеген қай білімді.

Ғамзатұлы авар тілін сүйгендей

Бізге неге сүймеске бай тілімді.

3-сайыс: «Атаның сөзі – ақылдың көзі»– дегендей, мақал-мәтел жарысы.

Бұрындары қазақ жастары жиын-тойларда мақал-мәтелдермен жарысқан екен. Қай топ аталған тақырып бойынша көп мақал айтады.

  1. Тіл туралы.

Тіл – асыл қазына

Сәлем – сөздің басы, көңіл арнасы.

Ана тілі – мәңгілік аманат атадан балаға

Туған жер – тұғырың,

Туған тіл - қыдырың

Ана тілде аруақтар демі бар

Ана тілсіз ұлт дәстүрін түсінбейсің,

Ана тілмен бар болмысты мүсіндейсің

Ана тілі – ұлттық тірлік діңгегі,

Ең асыл рухың ол ділдегі.

Тіл – тынысың, жаның

Тіл – намысың, арың.

Тіл – ұлт қанымен қайнаған киелі дүние

Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады

  1. Ұстаз тақырыбына

  2. Қазақ халқы қонақжайлы халық, соған байланысты мақал-мәтелдер.

  3. «Доссыз өмір – тұссыз ас» тақырыбына

4- сайыс: «Тек осы әріпке ғана» әр тірлі әріптер шашылады. Қазіргі кезде адамдар неше түрлі кинолар көріп, бала дүниеге келгенде, әдемі ат деп, сол естіген, өздеріне ұнаған атарын қйып қояды. Ал бұрыңғы кезде қазақ халқы дүниеге келген сәбиге азан шақырып ат қойған. Соған орай сендер нағыз қазақи есімдерді білесіндер ме екен тексеріп көрелік?

Ол үшін бірнеше әріптің ішінен бір ғана әріп таңдап алу және сол әріпке басталатын аттар айту.

5- сайыс: «Қайрат» бекеті

«Халық тілінің мол байлығын жазба әдебиетімізде бірінші рет мазмұнын байыта отырып, молынан пайдаланған ақын – Абай Құнанбаев. Абай қазақ тілін мәдениеттің биік сатысына шығарып келген» (С.Мұқанов)

Тіл – ұлт қасиеті, салт-сананың негізгі өзегі, нағыз бейнесі. (Б.Момышұлы)

Тіл – ішкі сырды сыртқа шығаратын құрал. (Ж.Аймауытов)

Тіл – халық тарихы

Тіл өркениет пен мәдениеттің даму жолы (А.И.Куприн)

Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой.

Ақылды ой, алғыр сөз адамның ең жоғарғы қасиеті (Ғ.Мустафин)

Тіл – ұлттың жаны

Тіл – идеяның, сезімнің, ойдың жанды көрінісі (А.Н.Толстой)

6- сайыс. «Арнау» бекеті Қазақ халқы әрқашан әр түрлі жағдайда бір-біріне алғыстар, ақ тілектер білдіріп жатқан. Сендер білесіңдер ме?

7- сайыс: «Үміт» бекеті. Ал біз тыйым сөздерді білеміз бе екен, кім көп біледі? (кезек-кезек)

Қорытынды: Міне, жеті түрлі сайысты да аяқтадық. Сендер бүгін қазақтың байлығының бір қырымен таныс болдыңдар. Осы қазақтың атадан балаға қалған рухани байлығын қызғыштай сақтайық дей отырып, әділқазылар әділ бағасын шешкенше, «ана тілі» әнін барлығымыз айтып, сабағымызды аяқтайық.

Ән: «Ананың тілі»

ТІЛ: Кіршіксіз қардай сақтаңдар,

Қазақтың тілін ғаламат.

Ана тіл – арым, иманым,

Аманат, саған, аманат. М. Әлімбаев.