Сценарий литературного вечера на казахском языке Мұқағали Мақатаев

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...




Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби-сазды кеш «Ғасырдың ғаламат ақыны»

Өтетін орны: Салтанат залы

Өтетін күні:


(Сахна қараңғыланып, әуен жүріп тұрады. Жеңіс Олжас Мұқағали Мақатаевтың «Туған күн» атты өлеңін оқиды.



(Фанфары. Сахнаға екі жүргізуші шығады (Ермахан Арман, Таласбай Салтанат)

1-жүргізуші: - Армысыздар, қадірлі оқытушылар мен студенттер!

2-жүргізуші: - Бармысыздар, қадірменді жыр сүйер қауым!

1-жүргізуші:

Ақынмын деп мен қалай айта аламын,

Халқымның өзі айтқанын қайталадым,

Күпі киген қазақтың қара өлеңін,

Шекпен жауып өзіне қайтарамын!


2-жүргізуші: Ұлы тұлға, Ұлы ақын Мұқағали Мақатаев жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың ықыласына бөленіп, артына өлместей өміршең өлең-жырларын қалдырған ақиық ақынға арналған «Ғасырдың ғаламат ақыны» атты әдеби-сазды кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!


2-жүргізуші: Мұқағали халық көңілін сусындатқан, жүрегі отты, рухы асқақ, өмір жұпарын жыр еткен маржан жырлары – болашақ ұрпақтың еншісі, қадір тұтар мұрасы.

1-жүргізуші:

Шарасында шаттықтың мұңы басым,

Нұр сәуле боп жүректе нұры қалсын.

Мұқағали мұзарттың мұзбалағы,

Шашып өткен әлемге шұғыласын, – дей келе, Мұқағали Мақатаевтың өмір жолынан деректерге назар аударайық.

(Интерактивті тақтадан Мұқағали Мақатаевтың өмірі туралы бейне ролик жүреді)

(Сахна сыртынан жүргізуші жариялайды)

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, меңше сүй

2-жүргізуші: Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған ән «Саржайлау» орындайтын ФБ-12 тобының студенті Фариза.

(Сахна сыртынан жүргізуші жариялайды)

1-жүргізуші: «Әке ақылы – бұлақ, ана ақылы – шырақ», – демекші асқар тауы қазақтың Мұқағали өлеңдерінің негізіндегі әсерлі жырлары әке мен анаға арналған.


(2 студент ортаға шығып, өлеңдерін өздері хабарлап оқиды)

Филология бөлімінің студенттері Құдайбергенова Гүлдана,

Қожахметов Азиз)

(Сахна сыртынан жүргізуші жариялайды)


1-жүргізуші: Бір түнде, бір деммен, табиғат пен ақын сезімінің үндесуінен туған дүние, халықтың наным-сенімін, әдет-ғұрпын жаныңмен ұғып, санаңа сіңіруді көздеген туынды ақынның «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы.

2-жүргізуші: Аққуды қазақ ежелден қастерлеп, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп ұғады. Ендеше, осындай қасиет пен қасіреттің белгісіне айналған, ақын ағамыздың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді.

(«Аққулар ұйықтағанда» поэмасы көрініс)

(Сахнаға жүргізушілер шығып, жариялайды.

Сол уақытта декорация дайындалады)


1-жүргізуші:

Өлеңнің құдіреті сізде екенін,

Білдім мен көңіл-құсқа іздетемін.

Артымда өнер қуған өрендер бар,

Деп артып кеткендейсің бізге сенім, – дей келе, бүгінде Мұқағали жырларымен сусындаған, жас толқын шәкірттеріміз ақын ағамызға өз арнауларын ұсынады.

2-жүргізуші:

Сахнада Филология бөлімінің студенттері Төлеубек Еркегүл, Рахат Қаракөз, мектепке дейінгі бөлімінің студенті Шадетхан Айнұр.

(Сахна сыртынан жүргізуші жариялайды)


2-жүргізуші:

Ән «Есіңе мені алғайсың»

Әнін жазған Елена Әбдіхалықова

Орындайтын: ДМ-12 тобының студенті Есемсеитов Мейрам


1-жүргізуші (Арман ортаға шығады):

Құдай-ау, қандай сол жылдар,

Махаббат қызық мол жылдар.

Ақырын-ақырын шегініп,

Алыстап кетті-ау, құрғырлар.

Мұқағали – махаббат жыршысы. Ол махаббатты асқақтата жырлайды. Махаббатты сөзбен емес, жүрекпен жазады.

«Махаббат диалогы» орындайтын ФБ-31 тобының студенттері Баядилова Тойжан, Абиев Айбек.

1-жүргізуші : Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған ән «Айтатын саған сырым бұл», орындайтын Елеш Сәттігул.

(Сахна сыртынан жүргізушілер жариялайды)

2-жүргізуші:

Өлең дейді шіркін-ау өлең дейді,

Кейде өлең байқаусызда елеңдейді.

Жаныңа дауа болып жадыратар,

Өлеңсіз өмір гүлге бөленбейді, – дей келе, ақынның махаббат тақырыбына арналған жүректі тебірентер жырларын ұсынамыз.

(Горошко Лада, Ермахан Арман, Тасболат Ғасырбек)

1-жүргізуші:

Ән «Сенің көзің»

Сөзі: Мұқағали Мақатаев

Әні: Қанат Ибрагимов

Орындайтын: ДМ-31 тобының студенті Қабиденов Нұркен

2-жүргізуші:

Айтылмаған Мұқаңда арман бар ма?

Әрбір әні толы ғой армандарға

Шерте білген мұңдарын жас қайынға

Дәл Мұқандай қазақта ақын бар ма?

1-жүргізуші:

Ән «Туған жер»

Орындайтын: Еншілес Фариза (Соңында барлығы шығады)

(Жүргізушілер сахнаға шығып, жариялайды)

2-жүргізуші: Осымен, Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби-сазды кешіміз өз мәресіне жетті. Көңіл қойып, тыңдағандарыңызға көптен-көп рахмет!

Жүргізушілер бірге айтады: Қош, сау болыңыздар!





[pic]

Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжінің

кітапхана меңгерушісі Шоқатова Шара Оразғалиқызы





[pic]



[pic]