Тақырыбы: Рухы мықты - Адам
Мақсаты:
1.Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
3. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу
Көрнекілігі: слайдтар көрсету, шарлар, суреттер, ноотбук
• Н.Ә.Назарбаевтың кітаптары
• Н.Ә.Назарбаевтың жолдаулары
Біздің Президентіміз –Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.
Барысы:
Ұйымдастыру.
Ынтымақтастық ортаны қалыптастыру.
Топқа бөлу. Сергіту сәтін өткізу.
Мұғалім:
Бағдарлап елдің ертеңін,
Тыныштық тауып жатпаған.
Болашақ үшін тер төгіп,
Үмітін елдің ақтаған.
Қиялы ұшқыр ойлы адам,
Әлемге болған аты аңыз.
Ұрпақтың қамын ойлаған,
Аман-сау жүрші, Атамыз.
Құрметті Ұстаздар, қонақтар, оқушылар !
Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. 1 желтоқсан күні – Президент күні.
Бұл күн мемлекеттік мереке ретінде жалпыхалықтық деңгейде 2012 жылдың 1 желтоқсанынан бері тойланып келеді. Өйткені 1991 жылдың 1 желтоқсанында алғаш рет өткен жалпыхалықтық сайлауда егеменді Қазақстанның негізін салушы Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш Президент болып сайланды. Қазақстан өз тәуелсіздігінің 25 жылы ішінде әлем мойындаған мемлекеттердің қатарына қосылды. Ғасырлар бойы бабалар армандаған тәуелсіздіктің туы көкте желбіреді. 150-ден астам елдермен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Шын мәнінде, Елбасы Н.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында тәуелсіз қазақ елі қалыптасып, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз қайта оралуда, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды. Осыдан-ақ еліміздің Тұңғыш Президентін сайлау күнінің Қазақстанның тәуелсіздік тарихында маңызды болғанын аңғарамыз.
Қазақстан дейтін менің бар елім .
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман! (Қ.Аманжолов)
-Н.Ә.Назарбаев кім?
-Оқушылар өлең жолдарын оқиды.
Топтық жұмыс:
І топ – Президентіміздің өмірбаянына тоқталу
ІІ топ – Тәуелсіздігіміздің арқасында еліміз қандай жетістіктерге жетті.
«Үш қоңыр» әні орындалып тұрады.
1-оқушы:
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
2-оқушы:
Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
3-оқушы:
Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.
4-оқушы:Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
5-оқушы.1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.
6-оқушы:1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.
7-оқушы:
1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.
Елтаңба авторлары:Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов.
8-оқушы: Шаңырақ –Отан отбасынан басталады.ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынаны, ал уықтар –үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді.Ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгіздің қара күшін, еліктің шапшаңдығын, қырмызы қызыл түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді.Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр.
9-оқушы:Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып, 6-маусымда күшіне енді.Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі бар.Жалаудың ұзындығы -2 метр, ені-1метр. Жалаудың жобасын жасаған –суретші Шәкен Ниязбеков.
10-оқушы:1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға енді.
11-оқушы:
1995 жылы 28-қаңтарында тәуелсіз ҚР –ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.
12-оқушы:Астана-ҚР-ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.
13-оқушы: 1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды.Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.
14-оқушы: 2006 жылы 7-қаңтарда әнұран қабылданды.
Егемен елім әнұраны жанарды, “Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды.
Слайд «Бас қолбасшы – әскери қауіпсіздік кепілі»
Мұғалім:
Барша қауым бейнеттен арылғанда,
Жаңа ғасыр есігі ашылғандай.
Елбасы тыным таппай ел кезіп жүр,
Ел үшін Асанқайғы бабасындай.
Н.Ә.Назарбаевтың «Ой бөлістім халқыммен» деген жинағынан оқушылар сіздердің назарларыңызға нақыл сөздерді ұсынып отыр.
1-оқушы:
Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол-тәуелсіз Қазақстан.
2-оқушы:
Отанды сүю-өркениеттіліктің бірінші белгісі
3-оқушы:
Салтанатты жарасқан қаласы бар, ұшан- теңіз байтақ даласы бар, аруақ қолдаған бабасы бар ел екендігімізді мақтан етейік.
4-оқушы:
Отаншылдық рухы бізге ауадай қажет.
5-оқушы:
Отаны бірдің-тілегі бір, жүрегі бір.
6-оқушы:
Көп ұлтты ел болуымыз-біздің байлығымыз, мақтанышымыз.
7-оқушы:
Дүниеде тәуелсіз Қазақ елі бар.
Әлемде егемен Қазақстан бар.
Оның көп ұлтты, тату, ынтымақшыл халқы бар.
Ең бастысы-бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар. Сол күнге берік сенім бар!
Шығармашыл оқушы бөлімі.
-өлең жолдарын жазып келу
-егерде мен Президент болсам эссе
Рефлексия
Бүгінгі сабақтан не алдың?
Қорытынды бөлім.
Мұғалім:
Сіз-әке барша қазақ бәрімізге,
Жас сәби үлкен-кіші кәрімізге.
Сіз –басшы, халқың-қосшы бола бергей,
Жарасып келе жатыр әніміз де, сәніміз де,-дей келе «Рухы мықты – Адам » атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Тұңғыш Президент күні құтты болсын!
Алаулаған алабынан нұр тамып,
Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.
Көк байрағың желбірейді төріңде,
Гимнің тұр көгіңде шырқалып.
Барлығы:«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»
Ән: «Елім менің» (сөзі: Н.Назарбаев, әні: Б.Тілеуханов)