Технологическая карта учебно-воспитательной работы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

«___»_____20___ ж.


Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Мүсіндеу

Тақырыбы: Саңырауқұлақтар

Мақсаты: Ермексазды жалпақтау және есу қимылдарымен екі затты біріктіріп саңырауқұлақ жасауға үйрету.

Білімділік міндеті: Бөліктерін бір-бірімен біріктіріп, оңай заттарды мүсіндеуге үйрету.

Дамытушылық міндеті: Жалпақтау, есу тәсілдеріндегі балалардың шеберлігін арттыру.

Тәрбиелік міндеті: Ұқыпты таза жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, сұрақ-жауаптар.

Көрнекі құралдар: үлгі, бала саны бойынша тақтайшалар, ермексаз, сүлгілер,ойыншық кірпі,

Қостілділік компоненті: саңырауқұлақ- грибы;кірпі-ежик; орман аңдары-лесные звери; любит- жақсы көреді; жалпақтау –расплющевать.


Мотивациялық-қозғаушылық


Үстел үстінде жаулық астында жасырулы заттар болады.

Балалар мыналар не? (оларды түрпіп көреміз)

- Ой өздерінен дыбыс шығады.

Жаулық астында жасырынып жатқан кірпі,қоян, тиын екен.

- Балалар сендерге мына ойыншықтар таныс па?

-Балалар кірпі саңырауқұлақтарды жақсы көреді екен.

-Тамаша!

-Балалар қоян мен тиын ,кірпі досына қысқа азыққа саңырауқұлақтар жинап бермекші екен.

-Сендер қоян мен тиынға көмек көрсетуге қалай қарайсыңдар?

Балалар қызығушылық танытады.


-Иә, біз білгіміз келіп тұр.




-Біз білеміз олар орман аңдары.

Бірге қайталайды.


Балалар ойланады,




Балалар келіседі.

Ұйымдастыру-іздестіру


Көрсету, түсіндіру.

-Мынау не?

-сәбізді не жақсы көреді?

-Мынау ше?

-Жаңғақты не шағады?

-Мына жерде тағы бір зат жатыр.

-Кім біледі ?

( үлгіні зерттеп көрсетемін)

-Балалар мен саңырауқұлақтың бірінші есу арқылы төменгі бөлігін жасаймын.

Енді ермексазды алақанның арасында дөңгелетіп аламында, жалпақтаймын.

( бас бармақпен жаншып көрсетемін)

-Екі бөлікті бір біріне қосамын.Міне кірпіге саңырауқұлақ дайын болды.

Ауадағы саусақ жаттығуы:

Сергіп дем аламыз:

Орнымыздан тұрамыз,

Мойнымызды бұрамыз.

Бір отырып ,бір тұрып

Бойымызды жазамыз.

Балалар жұмысы: ( қиынсынған балаларға көмек көрсетемін.)

Жұмысты біртіндеп аяқтаймыз.

Бірге қайталап, есте сақта:

Сабақты талдау:

-Жаулық астынан нелер шықты?

-Қоян мен тиын неге кірпіге қандай көмек сұрады?

- Саңырауқұлақтарды қалай жасадық?

-Рахмет ,сендер тамаша жұмыс жасадыңдар.


-Ол сәбіз.

- Қоян сәбізді жақсы көреді.

-Ол жаңғақ.

- Тиын жаңғақты шаққанды ұнатады.

Балалар ойланады, жауап беруге тырысады.

-Бұл саңырауқұлақ.

Балалар назар аударады.







Бірге қайталайды.


Балалар бірге қайталайды.

Өз беттерімен жұмысқа кіріседі.

Бір –біріне көмектесіп жұмысты аяқтайды.

Қоян-заяц, тиын-белка ; кірпі-еж; сәбіз- морковь, жаңғақ-орех; саңырауқұлақ- грибы;кірпі-ежик; орман аңдары-лесные звери; любит- жақсы көреді; жалпақтау –расплющевать.

-Кірпі, қоян, тиын.

Олар саңырауқұлақ жасап беруді сұрады.

-Оларды есу және жалпақтадық.

Балалар қуанып қалады.

Рефлексивті-түзетушілік

Балаларға алғыс білдіріп мақтаймын.

Балалардың жұмыстарын талдап мадақтаймын.

Балалар риза болып қуанады.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Бөліктерін бір-бірімен біріктіру

Қандай түсініктерді игерді: ұқыпты таза жұмыс жасау

Меңгерген дағдылар мен іскерліктер: алақанның арасында ермексаз түйірін есу және жалпақтау