Күтілетін нәтижелері | А)Еліміздегі елеулі саяси оқиғаларды біледі; В) Оқушылар өздігінен мәселені шешіп, шешім қабылдауға дағдыланады. С) Бейбіт еліміздегі шешімін тапқан, жетістікке жеткен оқиғаларды анықтап, бірнеше әлем елдерімен салыстырады. |
Тұсаукесер | Оқушыларға «Миға шабуыл» сұрақтары қойылып, үш топқа тапсырма беріледі. І топ: «Ұлы Отан соғысындағы Қазақстан» ІІ топ: «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ батырлары» ІІІ топ: «Жергілікті жердің батырлары» | Оқушылар берілген сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашады. Ұлы Отан соғысы жылдарын, еліміздің тарихындағы болып жатырған мерекелерді, оқиғаларды, ұлы есімдерді еске түсіре отырып, айтып шығады. |
Негізгі бөлім | Жаңа тақырыпты өздігінен меңгеру. «Идея туралы ойлар» әдісі көмегімен Ұлы Отан соғысы жылдарынан бейнебаян көрсетіп, оқушылармен бірге талдап, ойларын айту ұсынылады. Топқа идеяларын ұсынуға мүмкіндік береді, негіздеу қабілетін, сұрақтар қоюды, идеялар алмастыруды дамытады. Формативті бағалау: «Мадақтау сэндвичі». 1 бөлік – позитивті комментарий, не ұнады; 2 бөлік – сындарлы сын, не нәрсені жақсарту керек; 3бөлік – келешекке арналған комментарий: маған ұнады, бірақ келесі жолы … Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарды басынан бастап еліміздегі елеулі оқиғаларды презентация арқылы көрсетіп, оқушыларға құнды мәлімет беру. «Ыстық орындық» әдісі арқылы сабақты қорытындылау. Өз қалауымен шыққан оқушыны мемлекет басшысы етіп сайлап, Қазақстанның соңғы саяси ерліктерімен таныстырып, мемлекетте болып жатырған жетістіктер мен проблемалар туралы сұрақтар қою. | Оқушылар бұрынғы білімдеріне сүйене отырып, көрсетілген визуалды айғақтардан туындаған сұрақтарын қойып, өз ойларын, идеяларын ортаға салады. Бірнеше оқушының пікірі тыңдалады Өз ойларын, қиялын еркін жеткізуге мүмкіндік алады.
Топтар бір-бірінің жұмысынан жақсы жағын атап көрсетіп, жақсартуға ұсыныс айтады.
Өз қалауымен шыққан оқушы «Ыстық орындыққа» отырып, сынып ішінен туындаған сұрақтарға жауап беріп, өз шеберлігін көрсетеді. Бұл әдіс арқылы оқушы өзі шешім қабылдауға, мәселені шешуге дағдыланады. |