№ 187 М.Шоқай атындағы қазақ орта мектебі
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мурынбаева Баян,
Қызылорда қаласы
Сабақтың тақырыбы: Жас ақындар айтысы
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін
қалыптастыру. Жас ақындар өнерін дамыту.
Сабақтың дамытушылығы: Ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың тәрбиелік мәні: Ақыл- ой, адамгершілік тәрбиесін беру.
Сабақтың әдіс- тәсілі: Жас ақындардың шығармашылық кеші.
Сабақтың көрнекілігі: «Жас ақындар айтысы» тақырыбы, жас ақындар
айтысын бағалауға арналған бағалар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Құрметті мұғалімдер мен оқушылар, бүгін жас ақындардың өнерін тамашалайсыздар.
Қазақ тілі- ұлт тілі, мемлекеттік тіл. Өздерің осы тілде оқып, білім алып, жақсы азамат болып өсе беріңдер.
Ана тілі- ата- бабаларыңның, ата- аналарыңның тілі, осы тілді сүйіп, құрметтеңдер.
Төрешілер алқасымен таныстыру.
Айтыс шартымен таныстыру.
Қайым айтыс
Жұмбақ айтыс
Жүргізуші:
Айтыс десе қызықпайды қай кісі,
Сөзге шешен сөзге қазақ бай кісі.
Алтыншы сыныптар арасында
Басталады оқушылар айтысы.
Айтыс қазақ қанына сіңе білген,
Елти тыңдар сөз десе жүрегімен.
Абзал, Абылай, Нұрсұлтан мен Нұрхандарға
Қош келдің деп сахна төрін беремін мен.
Сахнаға жас ақындар шығады.
Сөйлейді мына тарих дана абыздан,
Шешен сөзден елітіп дала қызған .
Айтыстың сайысына қатысады,
Абзал мен Нұрсұлтан сөзден бал ағызған.
6 «ә» сынып оқушысы Әділжан Абзал қарсыласы
6 «б» сынып оқушысы Қуандықов Нұрсұлтан.
Абзал:
Елімнің еркіндігін танытатын,
Қазақтың шығаратын анық атын.
Қазақ тілдің мәртебесін дұрыс айтсаң,
Осылай ақын болып таныласың.
Нұрсұлтан:
Елімнің еркіндігін танытатын,
Қазақтың шығаратын анық атын.
Қазақ тіл екендігін әлем білед,
Сенмаған сұрақ қойып не қыласың.
Абзал:
Бар әлем мойындаса қазқа тілін,
Өзім де қазақ тілмен алам білім.
Ұлттар достығының ұйытқысы боп,
Мемлекеттік тілге айналды ана тілім.
Нұрсұлтан:
Бар әлем мойындаса қазақ тілін,
Өзімде қазақ тілмен алам білім.
Ана тілі ар туындай желбірейді,
Тіліммен құлпырады елім бүгін.
Абзал:
Бұл айтыс тіл туралы болып отыр,
Тыңдарман риза боп толып отыр.
Байқаймын не айтам деп мына ақын,
Маңайды сөз таба алмай шолып отыр.
Нұрсұлтан:
Бұл айтыс тіл туралы болып отыр,
Тыңдарман риза болып толып отыр.
Маңайға мен қарасам оймен шолып,
Ақындық аруағы қонып отыр.
6 «б» сынып оқушысы Нағашыбай Абылай қарсыласы
6 «ә» сынып оқушысы Мұстафа Нұржан
Абылай:
Сайрайды үйге кіріп терезеден,
Жүреді әрқашан да ережемен.
Бұл өзі не нәрсе деп табар едің,
Достасқан ертелі- кеш көрерменмен.
Нұрхан:
Терезеңнен мен білсем сайрап тұрған,
Әлемде көрсетеді жайнап тұрған.
Бұл өзі теледидар деп білемін,
Ақылмен айтқаныңды ойлап тұрсам.
Абылай:
Тілі жоқ сөйлемейді ақыл кені,
Қашаннан жанымсызға жақын еді.
Бұл өзі не нәрсе деп табады екен,
Менімен жұмбақтасқан ақын еді.
Нұрхан:
Тілі жоқ ақылы көп кітап деймін,
Кім болсын оны жақын тұтат деймін.
Өміріне өлшеусіз азық етіп,
Кітаптың бал шырынын жұтат деймін.
Абылай:
Біздерге тәлім тәрбие беріп айтқан Абай,
Сөздер бар сабақ сайын айтқан апай.
Бұл сөздер қандай сөздер деп ойлайсың,
Бес сөзді айтып қойдым абайламай.
Нұрхан:
«Ғылым таппай мақтанба» деген еді,
Ғылыммен әрбір бала көгереді.
Талап, еңбек, терең ой, қанағат пен
Рақымшылық асыл іс деген еді.
Жүргізуші:
Уақыт та өлшеулі таяп қалды,
Өнерпаздар қанша жыр мен ой ақтарды.
Бүгінгі ақындардың айтыс кеші,
Осымен көрермен аяқталды.