[pic]
№163 орта мектеп
Бекітемін: мектеп директорының тәрбие
ісі орынбасары А.Назарымбетова
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған
мерекелік кеш тақырыбы:
«ЕЛІМНІҢ БАҚЫТЫН ТЕРБЕТКЕН ТƏУЕЛСІЗДІК»
5 «б» сынып
Сынып жетекші: Г. Сыздықова
28.11.2016 ж
«ЕЛІМНІҢ БАҚЫТЫН ТЕРБЕТКЕН ТƏУЕЛСІЗДІК» Ел боламын десең, бесігіңді түзе «Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып - көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» (Н. Назарбаев)
Тәрбие сағатының мақсаты:
а) білімділік: Оқушыларға еліміздің қысқаша тарихы туралы мағлұмат беру. Өткен тарихымызға деген ұлттық қалыптастыру және Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру.
ә) тәрбиелік: Оқушыларды Отанды сүюге тәрбиелеу, туған елін, жерін қорғау әрбір азаматтың міндеті екенін білгізу негізінде тәрбиелеу.
б) дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін дамытып, білім деңгейін көтеру, шығармашылық ізденісін қалыптастыру, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасатуға үйрету, патриотизм сезімін қалыптастыру.
Тәрбие сағатының әдісі: концерттік, қойылымдық.
Пайдаланылған материалдар: видео роликтер,ескі пальто, пималар, милиция киімдері, қалқан , дубинкалар,сюжетті суреттер,қанатты сөздер,слайдтар, сұрақтар.
Кіріспе сөз.
(Сюжетті суреттермен жұмыс жасау арқылы түсіндіру.)
Сахна əдеміленіп безендіріледі, сахна төріне экран ілінеді. Экранда 1986 жылы он алтыншы желтоқсанда орын алған көтерілістен үзінді фильм. 3 минут Екі жүргізуші: Əсел мен Диас ортаға шығады.
Әсел : Армысыздар, құрметті ұстаздар!
Диас: Қадірменді қонақтар!
Әсел:Бүгінгі Тəуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тəуелсіздік» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Диас: Тəуелсіздік... Ұлтымызға туа біткен-түсінік емес, жүре біткен əлеуметтік ұғым. Заманалар сарыны, тарих толқыны талайына бұйыртып, ақыры қанжығысына байлап берген саяси əлеуметтік таным.
Әсел: Тəуелсіздік - Ту, Тəуелсіздік-ауа, жер- су, Тəуелсіздік - ел дəулеті. Арқаумен тұсаудан шыққалы жиырма бес жыл. Ендеше, сол тəуелсіздіктің ар-намысы, қасіреті, мақтанышыша да айналған жалынды жылдарды еске алу үшін тарихқа көз жүгіртіп өтейік.
Диас: Сонау XVII ғасыр басында жоңғарлар қазақ халқын «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаға» ұрындырды. Олар қазақтарды атамекенінен қуып, тоздырып жіберді. 1723 - ші жылдар қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды» деп аталып кетті.
Әсел: 1916 - шы жылы ұлт - азаттық көтеріліс, одан 1917 - ші жылы Ақпан, Қазан төңкерісіне ұласты. Одан кейін 1931 - 33 - ші жылдары елімізде ашаршылық болды. Ата - бабаларымыз бас ауған жаққа кетті. Сол кезде кеткен қазақтар осы күні туған жеріне оралуда.
Диас:1937 - 38 - ші жылдар жаппай жазалау болды. Бұл жылдары біздің қазақ зиялылары, арыстарымыз қудаланды. А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, Ш. Құдайбердиев асылдарымыз арада 50 жыл өткенде ақталып, қазір шығармаларын оқып жатырмыз.
1941 - 45 - ші жылдары тұтқиылдан неміс фашистері тыныш елімізге соғыс ашты. «Ер есімі – ел есінде» демекші қазір біздің ауылымызда жеті ардагеріміз бар. Бұл аталарымыз болашақ сендердің өмірлерің үшін соғысқа барды. Бейбіт өмірді алып берді.
Әсел : 1954 - 56 - шы жылдар тың игеру жұмысы жүргізіліп миллиард пұт астық алынды. Қазақстанның аты әлемге әйгіленді.
Диас:1986 - шы жылы желтоқсан оқиғасы болды. Бұл оқиға Алматы жастарының ереуілі болды. Жастар ел басшысы қазақ ұлтынан болуды талап етті. Жас өмірін тәуелсіздік үшін өмірін қиып кеткен аға - апаларымыз: Л. Асанова, Қ. Рысқұлбеков, Е. Сыпатаев т. б. жазықсыз сотталып қыршын өлді
Әсел : «Қайрат» Қойылым
Анасы: - Балам ағаңның айтқанын тыңда (деп екеуінің ортасында тұрады)
Әкесі: - Ух, жаным-ай, шаршадым, малшы болып өткен өмірім құрсын.Ұлдарымды жоғары оқу орнына оқытып сендердің білім алғандарыңды көруге жазарма екен жаратқан ием.
Қайрат: - Әкешім кешіріңіз неге сары уайымға салындыңыз сонша.
Әкесі: -Уайым емес балам жай көңілім босап кеткені ғой .
Қайрат: - қойыңыз әке
Сыныптасы:-Қайрат,Қайрат, сәлем бердік ата. Ертең ұстаздар күніне арналған шағын концертіміз бар еді, Қайрат екеуіміз бірлесіп қабырға газетін шығарайық деп едік. Қайрат бізідң мектебіміздің комсомол хатшысы емес пе? Соған Қайратты жібересіз бе?
Қайрат- Жарайды әке, мен барып келейін, ұстаздардың еңбегін қайтару керек қой .
Әкесі: -Е, барыңдар, бара қойыңдар.
Інісі:- Әке кешір ал енді анам дайындаған асты ішейік.
Қайрат:-Апа , әке мұнда келіңіздерші жақсы бітіргені үшін және қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқаны үшін Рысқұлбеков Қайрат Ноғайбайұлы марапатталады.
Әкесі: - Ой, құлыным, жарығым, өрісің кеңейе берсін, жаман айтпай жақсы жоқ деген осы.
Інісі:- Қайрат аға, Қайрат аға мынаны қарашы, әскерден шақыру келген сияқты өзім жаңа көрдім, шарбаққа іліп кетіпті.
Анасы:-Әскер, әскер дейді.
Қайрат:-несі бар әскери борышты өтеу адамзаттың парызы емес пе?
Інісі:- Дұрыс айтасың Қайрат аға елімізді қорғаушы біз ғой.
Әкесі: -Мына қағаздың дер кезінде келгенін қарашы, Қайрат жылдық мектепті бітіргені сол еді енді міне әскерге де шақырып жатыр. Не деймін ешқашан жүгінуші болма, азаматтық жүгін көтере біл.
Анасы:- Құлыным-ау, сенсіз қалай болады енді.
Қайрат:- Анашым менің анашым, Есіміңмен мәңгі панасың, жылама анашым.
Інісі:- Қайрат аға әскери борышыңды өтеп келетініңізге шұбам жоқ. Өзіңізге сенемін, үлгі тұтамын. Қой уақыт болған сияқты жиналайық, мен сізді шығарып салайын.
Анасы:- Құлыным-ау көсегең көгере берсін.
Әкесі: - Болды енді әлі ақ оралады. (анасы екеуі сахнадан шығып , қайта кіреді.)
Әкесі: - Ия арада біраз жыл болды Қайратымыз әскери борышын өтеп, Алматыда студент атанды. Ал кенже ұлымыз болса политех институтында студент болды.Ал мына ел болса сенбей жүр. Осы малшының ұлдары қалай оқиды деп.
Анасы:- Сену керек, сенің қара жұртта не шаруаң бар, ұлдарымыз студент па болды студент , сонау кең далада Алматыда оқып жүр, соған шүкіршілік айт.
Әкесі: - шүкір, шүкір
Сыныптасы:-Сәлем бердік ата, апа. Сүйінші қуанышты хабар әкелдім. Қайраттан хат келді. (деп береді анасына )
Анасы:- А хат келді дейсің бе? Қайрат ай жаным – ау сағындым ғой өзіңді. Айналайын көзіміз көрмейді өзің оқып берші.
Сыныптасы:-Амансың ба әкешім, амансың ба анашым. Өздеріңді хатты сағындым. Әскери борышымды өтеп, Алматыға оқуға түстім, білемін, менде ала қаласа ауылға барамын. Неге жылайсыздар Қайраттың аман екенін білдіңіздер, қуанбайсыздар ма. Мінекей мына хатты сақтап қойыңыздар. (деп хатты анасына береді)
Анасы:- Әй шал мына хатты қайта оқиық жүр (деп сахнадан шығып кетеді)
1 Бала: Сүйемін байтақ жерімді.
Сүйемін қазақ халқымды,
Сүйемін Отан анамды
Қайрат:- құрметті студент жастар Мағжан Жұмабаев ағамыз айтқандай
Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты, Мен жастарға сенемін деген емес пе (дұрыс айтасын)
2 бала:- Мұның табылған ақыл екен Қайрат біздің арамызда елін, жерін сүйетін жастар көп арамызда
3 бала.- Туған ел туған жер екеніне мен сенімді, мүшайра ұйымдастырып ортаға салайық
1 бала- осындай құлпырған қыздарыңыз тұрғанда ұйымдастыру керек Қайрат.
Қайрат-жарайды, достар .Қасиетті қара өлеңнің қадірі қай жерде болмасын ...........
4-бала. Неғып тұрсыңдар! Қонаевты алып тастап ,қара қазағымызды орыс басқарады деп Колбинді қойып қойды.Жүріңдер ана жаққа ,не сұмдық.
Қайрат-Жүріңдер,намысты қолдан бермейік.(сахнадан шығып кетеді)
Хатшы- Кіруге бола ма? Бауыржан Рашидұлы- бірнәрселерді бүлдірген ба, әйтеуір ұсталыпты , шақыру керек, әйтпесе болмайды. Әне өздеріде келе жатыр түрлеріне қараш ....
Бауыржан Рашидұлы- Сонымен, алаңға ескертусіз, рұқсатсыз шығып, оның үстіне студенттерді үгіттеп, азғырып, патриот атанбақшысыңдар ма
Хатшы:- Ха не деген арсыздық
Қайрат:- Кеудемізде намысымыз жоқпа, қазақпыз ғой, ұлтпыз неге соны түсінбейсіздер .Онда хайуан екенбіз да.
Бауыржан Рашидұлы- Білгіштерді тұтқынға алу керек, сенің жалған намысың керегі жоқ. Қайда барасың.
2 бала:- Қайраттың қандай адам екенін көріп отырсыздар ғой. Адамды қаралау арсыздық емес па
Хатшы:- мүмкін сен Қайратқа жақын шығарсың кім біледі. Қаршы өздері бір....
Бауыржан Рашидұлы- Советскийдің өліміне тікелей қатысы бар деп іздестіріп жатыр.
Хатшы:- Ия алаңға шыққаның аздай тіпті кісі де өлтіріпсің ғой.
Қайрат- не... адам өлтіргенім жоқ.Қазақтың қайсар қыздарының шаштарын жұлып, жатқанда менде қарап тұра алмадым. Сізде қазақсыз сіз қарап тұрар ма едіңіз
Бауыржан Рашидұлы- Қаралады мәселенің барлығы сотта шешіледі
Хатшы:-барыңдар, жоғалыңдар, өздерін қараңызшы қарсы шығып...
Теледидар:- Алматының дүрбелеңі басылар емес .Колбинді қайтармақшы болған қазақ жастарының екпіні әлі басылған жоқ. Советскийдің өліміне қатысы бар деген айыппен Саулет Академиясының 1 курс студенті Қайрат Рысқұлбеков Ноғайбайұлы іздестірілуде.
Анасы:- Ой не деп кетті.
Әкесі: -Жоқ өлтірмеген шығар, жалған шығар (балалары келеді)
Інісі:- ой анашым, әкешім сіздерді сағыдым ғой
Анасы:- Қайрат келдің бақұлыным, сені іздеп жатыр дейді ғой.
Әкесі:- Тәйт ары, кісі өлтірген несі, ол жалған жала
Інісі:- Бұл кім екен.
Милиция- Бұл Қайрат Рысқұлбековтың үйі ма аш еіскті, жүр , ж үр деймін, шық бері
Анасы: -Қайрат неқылды, Қайрат құлыным-ау
Інісі:- Қайраттың кісі өлтіруі мүмкін емес қой анашым.
Милиция- Сен Советскийді өлтіргеніңді мойында (деп тебеді), мойында деймін (кетіп қалады.)
Қайрат-Адам өлтіргенім жоқ, жала, ағатай ұрмашы....
Тазалықшы:-Жоқ, ұрмаймын.
Қайрат-Ағатай, келіңізші.
Тазалықшы:-Жоқ, болмайды.Басым кетеді ғой
Қайрат-Ағатай келіңізші мына хатты поштаға жеткізіңізші.
Тазалықшы:-Жарайды, бірақ мені сен көрмедің, сені мен көрмедім.
Қайрат-Жарайды, ағатай, рахмет сізге
Милиция-Сот келе жатыр тұр, тұр деймін
(Анасы бір жанында хатты оқып тұрғандай болып тұрады)
Қайрат- Асыл анашым , сендердің қолдарыңа жетер жетпесін кім біледі. Егерде жетсе сендерді жақсы көретінімді сенің ақ сүтіңді ақтай алмай кететініме өкінемін.Әттең айтқым келеді.Сенші мен жаман жасаған жоқпын. Бір менің айыбым ұлтымызды аяққа таптатпай қарсы шыққаным. Алаңға шыққан әрбір қызды өзімнің қарындасымдай көрдім.Олардың шашын жұлып,құлатып, жұлқылап, сөреп, олардың үстеріне су шашқанда, ағатайлар көмектесіңдер дегенде... ет бауырың елжіреп, қалай көмектескеніңді өзің білмей қаласың. Еліміз егемендікке қол жеткізетіндігіне мен сенемін. Бейбіт заман орнайтынына сенемін.Қош бол анашым! Қош бо әкешім! Қош бол елім! (деп тапаншаның дыбысын шығарады, анасы шыңғырып жерге құлап, басын ұстап жылайды, орамалын басынан итеріп)
Анасы: -Ботақаным-ау , Қайратым, құлыным ау , Елін сүйген ұлым ау, Отаным деген Қайратым, Қайратым......
Диас: Қойылым: «Сөнген жұлдыз».
(Барлық студент жастар алаңға плакатпен шығады. У-шу болып жатады, осы шуды естіген полиция қызметкерлері келеді)
Студент жастар: "Колбин кетсін! Қазақ жасасын! Колбинге қарсымыз!",- деп айқай шығарады.
Полицияның бастығы: "Болды тараңдар! Басқа істейтін тірліктерін жоқ па?", – дейді.
Ләззат:- Көтерілісті бөгеп тұрған полиция қызметкерлерін итеріп шығып, «Сен қазақ емессің ба? Қазақсың ғой сен! аш көзіңді» деп жағадан алады.
Полицияның бастығы:-Жиіркенішпен итеріп жібереді де: «Қамаңдар бəрін! Мына қызды тас қараңғы жерге апарыңдар! Жабыңдар бəрін!» дейді. (Студенттердің барлығын полиция жұлқылап алып кетеді) Автор: Лаззаттың анасы үйін жинастырып жүреді. Лəззат жайлы ештене білмейді. (Кенет бір бала жүгіріп келіп).
Бала: Сүйінші! Апа, ауылға бір дорба хат келіпті.
Апасы:- Қарағым, барып біліп келші, менің Лəзатаймнан хат бар ма екен?!- дейді
Бала: Жарайды, апа! деп жүгіре жөнеледі.
Апасы :Толқып, – «Құдайым-ай, Лəзатайымнан хат болса екен! Апасын сағынған шығар, құлыным сол!» – деп үйінде дегбір таппай жүреді.
Бала келеді: Көңіл-күйі жоқ. «Апа, сізге хат келді!» дейді де бұрылып кете береді.
Апасы: баланың түрінен-ақ бір жамандықты сезеді. Хатты ала сала, жанталасып ашуға тырысады. Хатты ашып, ішінен қара қағазды көріп шошып лақтыра салады.
(Анасының зары)
Оу, көздің жасын бұлайын,
Жүректі жеді – ау уайым.
Саған ғұмыр бермеді – ау
Жарылқағыш құдайым.
Мынау неткен зар заман,
Жүректіге тар заман.
Сені өлтірген дұшпанға
Зауал келсін Алладан.
Құлыным менің қор болды – ау?!
Заманың сенің зор болды – ау?!
Желтоқсанның қайғысы
Сан анаға сор болды – ау?!
Заманына қайқайып,
Қарсы тұрған боташым.
Алтын сақа асықтай
Алшы тұрған боташым.
Дəл өзіңдей қыз туған
Менде арман бар ма екен?! – деп Лəззаттың шешесі жылап отырып қалады.
(Лəззаттың соты)
Секретарша қыз келіп: «Тұрыңдар, сот келеді!» – дейді. Сот келіп, жайғасады.
Сот: «Айыпталушыны алып келіңдер!» – дейді, Полиция қызметкерлері Лəззатты жұлқылап алып келеді де жерге итере салады.
Сот: Лəззат Асанова, сен саясатқа қарсы шықтын! сенің жазаң – өлім! Соңғы сөзіңді айт!
Тізерлеп отырған Лəззат соңғы сөзің айтады.
Лəззат:
«Ақтың сөзің не? деген,
Бүгін қойды сот сұрақ.
Айтайын оны халқыма,
Жоқ пиғыл менде жасымақ.
Қорлай да беріп қайтадан,
Титыққа орыс жетпесін.
Туған жердің намысы,
Бөтен қолда кетпесін.
Осы айтылған ақтық сөз,
Туың болсын əрдайым.
Мойным алып жаланы,
Мен болайын құрбаны!
17 жыл мен жатырмын,
Ақ жазықтың түбінде.
Мені өлтірген таксист жігіт,
Тірімісің бүгінде?
Тірі жүрсің өткен күнді,
Еске алғанның несі бар?
«Желтоқсанда» құрбан болған,
Ляззат қызды есіңе ал!
Сот: Алып кетіңдер!!!
(Соңы)
Әсел: Тәуелсіздік жолында күресіп, жанын құрбан еткен батыр бабаларымыздың, айбынды аталарымыздың, қайсар ағаларымыздың рухына бас иіп, бір минут үнсіздікпен еске алайық.
(1 минут үнсіздік)
Диас:Қыршын өлген жастарға Алаңда ескерткіштер орнаттылды.
Әсел: Енді 1991 - ші жылы қазақ елінде тәуелсіздік таңы атты. Қазақ елі егемен ел болды. Бұл күн талай - талай қилы заманды басынан кешіріп келген қазақ халқы үшін ақ жарылқаған күн еді.Видео роликті тамашалап ой түйейік.
Диас: Ән.Қазағым Зайдин Әмина
Слайд қорғау Қазақстан елінде өмір сүріп жатқанымды мақтан тұтамын.Жаудір, Еларманай.
Ұлдана: Тәуелсіз елдің патриотымын!
«Пай, пай, пай!
Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер,
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер!
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер,
Сарылып сал – сері кеткен жер.
Бас иіп, иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер!»-деп М.Мақатаев айтқандай, ең біріншіден, туған жеріміз Қазақстанға тағзым етеміз. Ақиық ұлы ақынымыз:
«Ой-хой, қазақ даласы, не көрмедің?!
Қанша қурап, қаншама көгермедің?!
Қорқыт ата қобызымен боздаттың ғой,
Асанның шерге толы өлеңдерін!
Ой-хой, қазақ даласы, не көрмедің?!»
Әсел:Халқымыз қазақ болып, ұлт болып қалыптасуы жолында да, одан кейінгі кезеңдерде де, талай қиямет-қайым күндерді де, талай қилы замандарды, кескілескен шапқыншылықтарды да бастан өткерді. Білектің күшімен, найзаның ұшымен, соңғы демі қалғанша туған жерімізді қорғап, бізге аманат етіп қалдырған ұлы даланың ұлы кемеңгерлерінің арқасында бақытты өмір кешудеміз.
«Тәуелсіз Қазақстан!», «Қазақстан Республикасы»! Неткен керемет, киелі ұғымдар! Бұл ұғымдардан, Отанымыздың тәуелсіз, еркін мемлекет екенін бірден аңғаруға болады. Бүгінде біз – қанатын кеңге жайған егеменді елміз. Көк туымыз желбіреп, сол жағымыздағы мақтаныш сезімімен дүрсілдеп тұрған жүрек әнұранымызға әуен қосып, әнұранымыз асқақтай шырқалуда. Тәуелсіздік туының желбірегеніне де, міне, 25 жыл толады. Тоғыз жолдың торабындағы алпауыт елдер қатарындағы алып мемлекетімізді әлем жұртшылығы құрметтейді. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев та Қазақстанның 25 жылда биік тұғырға көтерілуіне елеулі үлес қосты. Ерен еңбегімен Қазақстанның әр азаматының жүрегінен орын алған осындай көшбасшымыздың болғанына да мақтанамын. Мен тәуелсіз елдің патриотымын! Ешқандай қиыншылық көрмей жүргенімде, ата-анамның жүздерінен қуаныш пен шаттық іздерін байқағанда, көкірегімді керіп «Тәуелсіз елдің патриотымын!»деп айта бергім келеді. Еліміздің бейбітшілігінің, тәуелсіздігінің арқасында күліп-ойнап, еркін білім алып жатқан ерікті елдің еркін ұланының бірімін! Н.Ә.Назарбаев: «Алдымызда асу-асу белдер бар, ұлт жолында ұйтқи соққан желдер бар. Бел де талар, жел де беттен қағар. Бәріне төзу керек, бәріне көну керек, жас ұрпақ!»- деп айтқандай, біздер, жас ұрпақ, тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін жауапты екенімізді аға ұрпақ зор сенім артып отырғанын түсінуіміз керек. Бүгінгі партада отырған оқушы – ертеңгі азамат, ел патриоты. Сол азаматтардың ең бірінші міндеті – өзінің тәуелсіз елдің өркені екенін ұмытпау, екінші міндеті – сол елдің іргетасының берік болуына үлес қосу, тәуелсіз елдің патриоты екенін дәлелдеу.
1. Анель Тарихы бар дастанымдай ерліктің,
Дәстүрі бар үлгісіндей елдіктің
Қазақстан - алтын бесік Отаным,
Ұлы Ордасы татулық пен теңдіктің.
Азиза : Қазақ елі желбіреп көк байрағың,
Гүлге оранды ауылың мен аймағың.
Нұрсұлтаның биіктерге самғады,
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын.
Аян: Тәуелсіздік - рухы күшті ғажап күн,
Артта қалды бодан болған азап күн.
Елім, жерім, қазағым деп тебіренем,
Өйткені мен - тәуелсізбін азатпын!
Айдын Енді міне қазағымның таңы атты,
Нұрға бөлеп, жырға бөлеп алапты.
Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам,
Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты.
Ұлдана Бақтың құсы әр адамға қонып бір, -
О, тәңірім, бізді баққа жолықтыр.
Бүгін міне Тәуелсіздік, ағайын!
Әр қазақтың жүрегінде соғып тұр!
Әсел: -Ситуациялық сұрақтар: Көрермендеріміз ойынға қатысып отырсын.
1. Егер әкім болсаң, еліңе қандай көмек көрсетер едің? (1 - мин.)
Осы сұраққа жақсы жауап берген көрермендерге сыйлықтар беріледі.
Оқушы жауабынан:
а. Мен туған жерімнің табиғатын көркейтер едім.
б. Мен балалар бақшасын салуға көмектесер едім.
в. Мен ауылыма су жеткізер едім.
г. Мен мешіт салдырамын.
д. Мен барлық адамға жұмыс тауып беремін.
2. Шешенстан жерінде соғыс болып жатқанын білесіңдер. Осы елдегі өзің сияқты құрбыңа қандай көмек берер едің? (1 - мин.)
а. Мен кітап сыйлар едім.
б. Мен киім беріп жіберемін.
в. Мен тамақ берер едім.
г. Мен хат жазар едім.
д. Мен ойыншық сыйлар едім.
3. Егер сен Желтоқсан оқиғасы тұсында студент болып, саналы жас болсаң, Желтоқсан оқиғасына қатысуың мүмкін. Оқиғаға қатысу мақсатың не? (1 - мин.)
а. Туған елімнің басшысы қазақ болғанын қалар едім.
б. Үлкендер арасында әділетсіздік болмау үшін күресемін.
в. Ел басқаратын әділ басшыны қалаймын.
г. Тәуелсіз ел болу үшін күресемін.
д. Өзімнің туған тілім үшін қатысамын.
Диас: Ән. «Қазағым» Әбу Айғаным.
Әсел: Сұрақ - жауап. (1 - мин.)
1 - сұрақ: Қазақ батырларын ата.
2 - сұрақ: Қазақ әнұранының авторлары кім?
3 - сұрақ: Тәуелсіз мемлекетіміздің рәміздері.
4 - сұрақ: Қазақ ғарышкерін ата.
Диас:-Мақал - мәтелдердің жалғасын табу. (Отан, ел, туған жер, батыр, ерлік туралы) (2 - минут).
1 Отан үшін отқа түс... (күймейсің)
Арың үшін алыссаң... (өлмейсің)
Ерлік пен бірлік... (егіз)
Батыр туса... (ел ырысы)
Жаңбыр жауса... (жер ырысы)
Әсел:-Оқушылардың шығармашылық ой - өрісін дамытуға байланысты, мына: Туған ел, туған жер, Отан, Қазақстан, Елтаңба, егеменді ел сөздерін кірістіріп өз ойыңды өлең - шумағы арқылы жеткізу.
Оқушы шығармашылығынан:
Ұлдана:
Қазақстан кең байтақ,
Туған өлкемсің!
Қазақстан тәуелсіз ел,
Байтақ жерімсің!
Егеменді елдің,
Мен бүгінгі ұрпағы.
Сүйемін туған елімді,
Сүйемін байтақ жерімді.
Сүйемін қазақ халқымды,
Сүйемін Отан анамды.
Диас:-Ән: «Тәуелсіздік» Әшім Тоғжанның орындауында 5 б сынып оқушылырының флешмобы.
Әсел:-Сонымен бүгінгі «ЕЛІМНІҢ БАҚЫТЫН ТЕРБЕТКЕН ТƏУЕЛСІЗДІК» атты тәрбие сағатымыздың
Қазақ елінің бүгінгі таңда іргелі, мәдениетті, өркениетті елдер қатарына қосылып, ізгі ниетті адамдар назарына ілігуі оңайлықпен келген жоқ. Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшпелі ғұмыр кешкен қазақ халқы ертеден - ақ үш нәрсені бойтұмардай қасиет тұтып, қадірлеп өтті. Олар: туған елі, жері, ана тілі.
Диас:-Сондай - ақ еліміз озды, жеріміз жаңғырды, ана тіліміз өз мәртебесін алды. Осының бәрі – тәуелсіздігіміздің нәтижесі. Қол жеткен жемісі.
Әсел:-Міне, мына байтақтың иесі сендер – Қазақстан Республикасының келешегі, тірегі, тілегі де сендер.Осы тəуелсіздіктің туын желбіреткен ұлтжанды аға-апаларымыздың арқасында егеменді ел болуға қол жеткіздік.
Диас пен Әсел хормен Тəуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын!