Ашық тәрбие сағаты «Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым»

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Семей қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектеп КММ

Ашық тәрбие сағаты

«Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым»

[pic]












6 “Ә” сынып жетекшісі:Юсупова Ш.А

«Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым» ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым»  ашық тәрбие сағаты

Мақсаты:  Қазақстан Республикасының жеткен  жетістіктері  туралы  оқушылардың білгендерін  ортаға салу.  Оқушыларды  туған жерін, елін, Отанын сүюге қорғауға, сақтауға құрметтеуге  тәрбиелеу.

    Көрнекілігі:  Туған жер туралы қанатты сөздер.  Отан туралы оқушылар салған суреттер.

 

 

                                                    Барысы:

Әнұран орындалады. Оқушылар әуенмен сыныпқа кіреді.

[pic] [pic]



1.Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім:  Құрметті оқушылар.  «Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым»  деп аталатын ашық тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер.

    Біз бұдан бұрын Отан, туған жер туралы тәрбие  сағаттарын өткенбіз. Кәне ,еске түсірейікші.

    -Біз қай мемлекеттің азаматымыз ?

    -Ұлтымыз кім ?

    -Тіліміз қандай ?

    -Республикамыз басқа елдерден несімен ерекшеленеді ?

    -Тәуелсіздік деген не ?

    -Тәуелсіздікті қай жылы алдық ?

    -Қазақстан Республикасының  жері туралы не білеміз ?

Қазақстан Республикасының жер көлемі 2417,3 мың шаршы шақырым жерді алып жатыр, яғни республикамыздың териториясына жеті мемілекет сияды. Жер көлемі жағынан БҰҰ 180 мемлекеттің ішінде  9- шы орында, ал ТМД елдері бойынша 2- ші орында. Республикамыз 5 мемлекетпен көршілес, олар Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан. Елімізде 135 ұлт өкілі  тұрады.Қазақстан 14 облыс, 85 іроі қалалар бар. Ел ордасы-Астана қаласы.

[pic]     [pic]



Қазақстан туған елім,

    Алтын бесік-Ақ ордам.

    Даңқың сенің арта берсін,

    Елім менің жаңарған.

Мұғалім: Біздің еліміздің байлығы туралы не білеміз ?

Біздің Қазақстан Республикасы өте бай мемлекет. Бізде алтын, темір, мырыш ,күміс, көмір, мақта, газ, мұнай, бидай, яғни бір сөзбен айтқанда Менделеев кестесіндегі 150  элементтің 99 элементі Қазақстан жерінде кездеседі. Қазақстанда 6000-нан астам пайдалы қазбалар бар.

    Ей,қазақтың ұланы,

    Болғайсың дала қыраны.

    Жер-суын қорғау бабаның,

    Емес пе еді басты ұраны!

    Мұғалім:  Оқушылар әр нәрсені, әр затты, тіпті керемет нәрселерді адамдар қолынан жасап шығарады.Мен сендерден сұрағым келіп тұр, рәміздеріміздің  авторларын білесіңдер ме ?

    Әнұранның авторы кім?

Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжімеденов, Н.Ә. Назарбаев.

    Тудың авторы кім?

    Ш.Ниазбеков.

    Елтаңбаның авторы кім?

    Ж.Мәлібеков, Ш.Уәлиханов.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіз республикадеп жарияланды.

    Далада думан, қалада думан жыр бүгін,

    Ғасыр бойы аңсай да күткен бұл күнім.

    Жасай бер, жаса асқардан  аса әрқашан,

    Кеудеме әкеп қалдырған бақыт бұлбұлым.

[pic]

1992 жылы Тәуелсіз Қазақстанға бір жыл толды. Осы жылы Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Әнұраны  қабылданды.БҰҰ мүше болып кірді.

1993 жылы 15 қарашада «Ұлттық валюта күні» деп аталып, алғашқы Қазақстан Республикасының теңгесі айналымға түсті. 2006 жылы 15 қарашада теңгеміз жаңа басылыммен қайта шықты.

1994 жылы қазақ ғарышкері Т.Мұсабаев «СоюзТМ-6» ғарыш кемесімен көкке самғады.

1995 жылы 30тамызда ҚР –ның «Ата заңы» қабылданды.

    Сұрақ. Заң дегеніміз не?  Ата заңымызда неше бап бар?

1996 жылы 20 қаңтарда ҚР- ның Парламентінің 1- сессиясы болып өтті.

1997 жылы « Қуғын-сүргіндерді еске алу жылы» деп аталды.

    Оқушы      Абай туған, Сәкен туған,

                       Құрметте достым, қазақтың жерін.

                       Қамбаға жылда мол астық құйған,

                       Қазақстан Республикам менің.

1998 жылы 6- мамыр Астана күні. Астана қаласы еліміздің басты қаласына айналды.

1999 жылы 10 қаңтар Президент сайлауы өтті. ҚР ның Президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды.

2000 жыл «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды. Шежірелі Түркістанға 1500 жыл толды.

   Сұрақ Түркістан қаласы қай облыста ? Неге шежірелі қала дейміз?

 2001 жыл XXI ғасыр бастамасы. Осы жаңа ғасыр тұсында Тәуелсіз мемлекетімізге 10 жыл толды.

2002 жыл «Денсаулық жылы» деп аталды.

2003-2005 жылдары «Ауыл жылы» деп жарияланды .Осы жылдары біршама іс-шаралар жасалды .

2004 жылы « Қазақстан-Ресей» жылы болып , көптеген шаралар өткізілді .

2005 жылы Ресейде Абай жылы аталып өтті.

2006 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 15 жыл толды. Атақты желтоқсан көтерілісіне 20 жыл толды.Орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкин жылы Қазақстанда өтті.

[pic]                  [pic]        



Өмірімізді , өзімізді көріп,

                        Әнімізді, жырымызды тыңдап,

                        Ерлігімізге, тірлігімізге қарап.

                        Өзімізді, сөзімізді тыңдап.

                            Бұл «қазақ» дейді.

  Біз- қазақпыз,

  Есігі ашық, төрі кең,

  Жылап өттік жылдар өмір өрінен

  Жетер енді, желпінейік, қарайық,

  Мына өмірге иегердің көзімен. Назарларыңызға рахмет!