Кім жылдам? топтық ойын

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Ойын терапиясы


Сабақтың тақырыбы: «Кім жылдам?»

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:. Баланы ұғымды дәлде-дәл бейнелеуге үйрету.

Коррекциялығы: баланың психикасын, ойын, зейінін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі: Икемділікке, тез шешім қабылдауға тәрбиелеу .

Әдіс-тәсілдер: ойын, тренинг

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

1) Баланы психологиялық жағынан сабаққа дайындау

2) Баланың ынтасын, іскерлігін арттыру

Балалар, келіңдер, біздің сүйікті шеңберімізде тұрып бір-бірімізбен амандасайық

Қол алысып, қане біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарыммен бір жүру,

Қандай жақсы дос болу.

І. «Кім жылдам?» Тренинг

Мақсаты: Ұғымды дәлме-дәл бейнелеу

Қатысушылар екі командаға бөлінеді. Жүргізуші алдын ала сөздер тізімін дайындайды (қандай да бір ұғым, нақты да, абстрактілі де болуы мүмкін). Әр командаға жүргізуші тағайындалады. Ол жүйелі түрде үш сөз көрсетеді. Ол осы ұғымдарды үнсіз (ыммен не ишарамен) бейнелеуі керек. Команда мүшелері түсініп, оның қандай сөз екенін айтуы қажет. Жүргізуші уақытты есептейді. Оның міндеті «түсінуге» қажет уақыт аз болатындай ұғымды дәлме-дәл бейнелеу. Басқа командада осыны орындайды. Тапсырманы бірнеше рет қайталауға болады. Аз уақыттың ішінде тапсырма орындаған команда жеңеді.

Талдау: қатысушылар пікірлерімен бөліседі. Кімде жаттығу жақсы орындалады. Ненің есебінде? Ақпаратты дәл беруді қандай тәсілдермен жақсартуға болады?

ІІ. «Кім тапқыр?» ойыны

Балаларды шеңберге тұрғызып, бастаушы А - әріпінен басталатын баланың атын бастап береді.

Арман – деп допты келесі балаға лақтырады. Ал келесі бала – Ардақ – деп Асыл, Айгүл, Айнұр т.б ойын жалғаса береді. Жалғастыра алмаған бала өз айыбын өз өнерімен өтейді.


ІІІ. Релаксация

Балалар өздеріне ыңғайлы орынға отырады. Көзімізді жұмып, демалып, өзімізді ұшып бара жатқандай елестетейік. Қандай керемет ауа! Деміміз кеңейіп, мұрынмен дем алып, ауызбен шығарып, қолымызбен қанат жайып, ұшып барамыз. Аспанға, самғай барамыз. Енді өзіміздің еркін сезініп, жерге аялдайық. Керемет! Қандай керемет!

ІV.Қоштасу шеңбері

Бәріміз дос бауырмыз

Ажырамас іргеміз

Қиындыққа мойымай

«Сау болыңыз!» - дейміз біз.