Презентация на тему «Менің сүйікті қалам»

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Білім саласы: Коммуникация 
Білім бөлімі: Сөйлеуді дамыту 
Тақырыбы: «Менің сүйікті қалам» 
Мақсаты: лексикалық, грамматикалық категорияларды және байланыстырып сөйлеуді дамыту. 
Міндеттері: - тақырып бойынша сөздік қорын анықтау, кеңейту. 
-қарама-қарсы мағыналы сын есімдерді ауызекі тілде пайдалануын бекіту.
 
-жай сөйлемдерді құру дағдыларын бекіту.
 
-тілдің просодикалық элементтерін дамыту: ритм, темп, мәнерлілік.
 
-ұсақ және жалпы моториканы дамыту.
 
-көру және есту қабілетін дамыту.
 
- туған қаласына деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру.
 
Көрнекіліктер: интерактивті тақтадан слайдтар, дидактикалық таратпа материалдар. 
Қызмет этаптары: 
I. Ұйымдастыру-қозғаушы қызмет 
Балаларды әңгімеге шақыру.
 
-Балалар, біз қайда тұрамыз?
 
-Қай қалада тұрамыз?
 
-Шымкент қаласының тұрғындары шымкенттіктер.
 
-Менің апам астаналық, ал інім алматылық.
 
-Сіздің бауырларыңыз қай қалада тұрады?
 
II. Ұйымдастырушы-ізденушілік қызмет 
«Оралым» өлеңі оқылады.
 
Оралдың таңы арайлы
 
Таң қылған көркі талайды
 
Қайыңдар күлсе еркелеп,
 
Тал-терек шашын тарайды
 

Біздер әртүрлі көшелерде тұрамыз. Мәселен, мен Желтоқсан көшесінде тұрамын
 
Ал сен ше?
 
III. «Керісінше айт» ойыны 
Ұзын көше-
 
Тар көше-
 
Таза көше-
 
Жақын көше-
 
Жарық көше-
 
Қысқа көше-
 
Ескі көше-
 
V.Біздің қала көшелерінде неше түрлі үйлер, әдемі ғимараттар көп. Кейбір үйлерде адамдар тұрады, кейбіреуінде жұмыс істейді. Ағаштан салынған үйлер бар, тастан салынған үйлер бар. Мына суреттерге қарап қандай ғимарат екенін есімізге түсірейікші.
 
Кәне, балалар, бізде өз үйімізді салайық.
 

Саусақпен ойын: Қолымызбен үй саламыз
 
Биік, биік үй саламыз
 
Терезелер қоямыз.(3 рет)
 
Үйімізді салдық енді, енді далаға серуенге шығайық. Қайда барып серуендейміз, біздің қалада қандай демалыс орындары бар?
 
Демалыс паркіне келдік сергіту сәтін жасайық:
 
Бір тамшы, екі тамшы, тамшылар.
 
Ал соңынан нөсер жаңбыр құйылар.
 
Аяғымыз су болады деп қорықпаймыз
 
Етігіміз аяқта, қолшатырды ашамыз.
 
Балалар, жаңбыр жауып кетті, көздеріңізді жауып, жаңбыр тамшылары қайда тигенін айтайық.
 
-Мұрныма, қолыма, аяғыма, құлағыма,басыма тиді.
 
-Енді балалар, тамшылар шатырға қалай тиіп жатыр мына суретке қарап, саусақтарымызбен тамшы дыбыстарын үстелге ұрып көрелік.
 
ХХххх, Ххх, ххХ, ххХХ.
 
-Серуеннен сыныпқа оралайық.
 
-Жаңа балалар біздер қаламыздағы театрдың суретін көрдік. Енді сол театрға сыртай саяхат жасайық Ол үшін бірінші өзімізді мәдени орында қалай ұстау керек екенімізді анықтап алайық. Мен қазір сендерге сұрақ қоямын, кім дұрыс жауап береді сол оқушы театрға билет алады.
 
-Театрда не істеуге болмайды?
 
-Не істеу керекпіз?
 
Ал енді «Үш аю» ертегісін есімізге түсірейік»
 
Үш аюдың ролін ойнайық, дауысымызды өзгертеміз.
 
Рефлексивті-түзетушілік қызмет 
Іс-әрекетімізге оралайық, қаламыз жөнінде әңгімені жалғастырайық.
 
-Біздің қаламызда атақты жерлестерге арналған ескерткіштер көп.
 
Қараңызшы балалар, біздің қаламыз қандай тамаша. Қаламызда мектептер және бала-бақшалар, театрлар, кітапханалар демалыс орындары, ескерткіштер көп. Күні бойы қалада қыдырып, оның әсемдігіне тамсанып, тамашалауға болады.