Топтық жұмыс Ғажайып кітап

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Ғажайып кітап

[pic]

Астана қаласы дарынды балаларға арналған

81"Astana English School"гимназиясының

кітапхана меңгерушісі

Сулейменова Гүлбағира Садырқызы





Кітап – білім бұлағы дей келе, кітап әр адамның өмірінде ерекше маңызды орын алады. Ғабит Мүсірепов айтқандай:«Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан тыйылар едік» дегендей, кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі. Кітап – ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті.

Мақсаты: кітапханаға оқырмандарды тарту, оқырмандардың шығармашылық қабілетін дамыта отырып тапқырлыққа, жылдамдыққа баулу және де кітапқа деген қызығушылығын арттыру.

Көрнекілігі: түрлі- түсті қағаз, стикер, желім, қайшы, степлер, маркер

Барысы: мектеп кітапханашыларымен «Ғажайып кітап» атты топтық практикалық жұмыс жүргізіледі. Қатысушылар үш топқа бөлініп, әр топ өз ойларынан оқырмандарға өте қызықты кітапша жасайды. Бұл «Ғажайып кітаптың» баспасын да, авторын да әр топ өздері ойлап табады. 1-топ:«Мектеп кітапханасы – мектептің жүрегі, мектептің бір бөлігі» деп аталатын кітапша жасап шығарды. Бұл кітапшада топ мүшелері кітапхананың болашағы туралы керемет нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер жазылған.Оқырмандарға беретін тәрбиелік мағынасы бар, екі тілде (орыс және қазақ) кітап жасап топпен ортаға шығып таныстырып өтті.Топ мүшелері өз мамандықтарын жақсы көретіндіктерін, жүрек жарды тілектерін білдірді. [pic] [pic]

2-топ: «Книгочиталка» деп аталатын орыс тілінде кітапша құрастырды. Кітапшада көптеген қалаларды аралап, қыдырып жүрген кітапқұмардың Астана қаласына да келгендігі туралы жазылған. [pic]

Кітапқұмар балаларды өте қатты жақсы көреді және де кітапханаға оқырмандардың жиі келіп, оқырмандардың көбейуін тілейді. [pic]

Бұл топта өдерінің жасаған кітапшаларымен таныстырып, жылы лебіздерін білдірді.

3-топ: Бұл тобымыз өте ерекше «Лүпіл-Like» деп аталатын екі тілде (қазақ, ағылшын) кітапша жазып шығарды. [pic]

Бұл кітабымызда осы өткізілген қалалық семинарымыздан өте жақсы әсер алғандықтарын, ыстық ықыластарын білдірді.

Мектеп кітапханашыларының мейірімді жандар екенін де атап өтті. Бұл тобымызда алдағы топтарымыз сияқты жазып шығарған кітапшасымен таныстырып өтті.Осы семинарға қатысқан барлық қатысушылар мен көрермендерімізге арналған «Лүпіл-Like» кітапшасында кітапхана оқырмандарының арта түсуіне де тілектерін білдірді. [pic]

Нәтижесінде топтық жұмыс қатысушылардың бір-бірімен қоян-қолтық араласуына, бір-бірімен жақын танысуына әсерін тигізді. Әр топ мүшелері ортаға шығып, құрастырған кітаптарына «Жарнама» жасап насихаттады, осы кітапты оқуға оқырмандардың қызығушылығын арттырды.