Отбасы адам - бакытының негізі

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Отбасы - адам бақытының негізі


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға «отбасы» құндылығының маңызын

ашу , оны сүйе білуге , отбасы бақыты үшін талмай еңбек етуге үйрету арқылы рухани – адамгершілік тұрғысында туыстық мәнін ұғындыру.

Міндеттері:

  1. Отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерін кеңейту

  2.  Отбасының қадір – қасиеті туралы айта отырып, өзінің ішкі жан дүниесіне үңілдіру

  3.  Отбасы тәрбиесінің мән – мағынасын аша отырып, ұлттық

салт – дәстүрді құрметтеуге баулу, болашақ өмірге даярлау

Қолданылған модульдер:

1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер/Диологтық оқыту/

2. Сын тұрғысынан ойлау

3. Оқытуды басқару және көшбасшылық

4. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу,

5. Оқыту мен оқуда АКТ –ны пайдалану

Ресурстар: интерактивті тақта, бейнефильм, АКТ, түрлі - түсті бояулар, постерлер, плакат, бөлмелер, нақыл сөздер

Сабақтың барасы:

І. Ұйымдастыру кезеңі / Сабақтың жүру барысын айтып өту/

«Біздің үй » бағдарламасы /20 мин/

1.«Біздің үй » бағдарламасы негізінде отбасыларды бөлмелерге шақыру.

Отбасылар өздерін таныстыру

1.Бейнетаспа арқылы ағылшын жазушысы Патриция Сент- Джонның «Ақ орамал» әңгімесі оқылады

Ақ орамал

Автобус аялдамасы жанынан өтетін жол жиегінде отырған адам жолдағы тастарға тесіле қарап қалған. Оның қырынбаған бет – аузы, салбырап кеткен иықтары мен жыртық бәтеңкесі аялдамада топталып тұрған адамдардың назарын өзіне аударды, бірақ әлгі адамның өзіне қадалған жанарлармен еш шаруасы жоқ. Ештеңе елеместен ол өзі және өзінің өмірі туралы қалың ойға батып кеткен еді.Ол өзінің қызыл кірпіштен салынған үйде тұрған кішкентай бала кезін есіне алды. Бөлмесінің терезесі алдындағы гүлді, әкесі бұған құрастырып берген әткеншекті, велосипед теуіп үйренген жолды сағынышпен есіне түсірді. Бұған велосипед алып беру үшін, ата – анасы еңбек – ақылырын бірнеше ай бойы жинаған еді.Содан бері аттай жиырма жыл өтіпті! Мүмкін, үйді баяғыдай бұзып тастаған шығар... Жігіттің бүкіл денесі дір етті, естеліктің айқындығы сондай, олар мұның жан дүниесін ауыртып, осыдан он жыл бұрынғы кезін бастан кешкендей сезімде болды.Ол кезде бұл ескі велосипедін мопедке ауыстырып, үйінде аз бола бастаған. Өйткені жұмысы мен көптеген достары бар еді. Әке мен шешесі бұған кәрі және мезі қылалықтай көрінді, ол көбіне уақытын сыраханада көңілді өткізетін еді.

Бірақ, ашығын айтқанда, оның жиылып қалған қарыздары мұны ата – анасынң үйіне қайтып оралуына мәжбүр еткен. Анасы баласының келгеніне қуанып, тамағын әзірлеп күйбеңдеп жүр. Ол ата – анасынан ақша сұрамақшы болғанын жасырды. Бұдан шығудың оп – оңай қарапайым жолы табылды, бұл әкесінің ақшаны қайда сақтайтынын білетін, ата – анасының баққа шыққан сәтін пайдаланып, әкесінің жиған ақшаларын қолына түсірді. Ол ата – анасын ең соңғы рет көруі еді, өзі істеген әрекеттен кейін, ол үйіне келе алмайтын болды. Көп кешікпей шетелге кетті.

Ата – анасы оның ұзақ сергелдеңге түсіп сандалғандығы мен түрмеде өткізген жылдары жөнінде ештеңге білмеді. Бірақ ол түнде жатқанда, ата – анасы жайында көп ойланатын. Кейде оның жүрегін қайғы – мұң басатын. Егер ата – анасы әлі тірі болса және мұны көргілері келсе, бостандыққа шыға салысымен олармен қайта кездесуді қандай армандады десеңші...

Жазасын өтеп, бостандыққа да шықты. Туған қаласына асығыс бет алды. Автобустан түскенде жол бойындағы гүлдерді, әткеншектегі немесе велосипед тепкен баланы, қызыл кірпіштен салынған үйлерді көргенде масазы кетті. Ол үйіне бір тиынсыз бос қалтамен келеді, сондықтан жолдың көп бөлігін жаяу жүріп өтті. Оның ертерек жетуі де мүмкін еді, бірақ туған қалашығына жиырма шақырымдай қалғанда, мұның бойын кенет бір күмән жайлап алды.

Ата – анасына осылайша оқыстан жетіп барудан мұның қандай қақысы бар?.

Бірақ олар осы бір алба – жұлба кезбеден бір кездері өздері сүйген, бұлардың үміттерін қатігездікпен алдаған балаларын тани қояр ма екен? Ол күні бойы дерлік ағаш саясында отырды. Кешкісін өзіне қанша ауыр тисе де, ата – анасына қысқа ғана хатты бірнеше сағат отырып жазды. Хатта: «Мені көргілерің келетініне ешқандай үмітім жоқ екенін білемін... Шешім сіздерде. Мен бейсенбі күні көшенің аяғында таңертең ерте күтемін. Егер үйге келуімді қаласаңыздар, менің жататын бөлмемнің терезесіне ақ орамал іліп қойыңыздар. Оны сол жерден көрсем, үйге келемін, көрмесем ескі үйге «қош бол» деймін де, өз жолыммен

кетемін... », - деген сөздермен аяқталған еді.

Міне, бейсенбі күні де жетті. Адасқан белгіленген жерге келді. Өзінің ескі көшесі! Не күтіп тұрғанын анықтағанша тағаты таусылып, төзімі жетпей барады. Ол жол бойына отырып, жолдағы тастарға көз тікті. Бұл істі кейінге ысыра беруге болмайды, тәуекел ету керек. Түптеп келгенде, олардың көшіп кетуі де мүмкін ғой... Егер терезеден ақ орамалды көрмесе ше... Ал ата – анасы әлі бұрынғыдай осында болып, әншейін мұны көргісі келмейтіндей жағдайда болса... Өзіне не болатыны туралы ойлауға бата алмай, өзін – өзі жұбатуда. Орнынан әзер көтерілді, көпір астында өткізген түннен кейін, денесінің бәрі қақсап ауыра бастады.Суықтан дірілдеген кезбе баяу басып, ескі шынар ағашқа бет түзеді, сол жерден үй алақандағыдай айқын көрінетін. Ол ағашқа жеткенше үй жаққа қарамаймын деп шешті. Шынар ағашының қасына таяғанда көзін тарс жұмды. Ақырында терең демалып, көзін ашқанда, оның жанары құмарта алға тігілді.

Тапсырма : Әңгіме желісінің аяғы қалай аяқталады деп ойлайсыздар, өз ойларын ортаға салу

1.Балаңыз сізді тыңдамаған кездері болдыма? Болған жағдайда не істер едіңіз?

2.Сіз балаңыздың мінез –құлқы өзгергенін бірнеше рет байқадыңыз не істер едіңіз

Сарапшы пікірлері тыңдалады.

2.Үй тапсырмасы: А.Асылбеков «Сүйіспеншілік» әңгімесі бойынша көрініс

Тапсырма: Аналарымыз қариялардың біреуін таңдап шақыру./ «Шаңырақ сәні - сыйластық» (Халық мақалы)

Сынып оқушыларымен жұмыс. Сыныпты лента арқылы топқа бөлу арқылы екі шаңырақ шығару \1мин\

Сергіту сәті : «Қара жорға » биін үйрену

Үй тапсырмасы: «Менің үйім –менің қорғаным» және « Менің отбасым » атты презентацияларын қорғау \5 мин\

Шығарамашылық жұмыс , топпен жұмыс

1топқа тапсырма « Бақыт үйін » тұрғызу постерін құру

2топқа тапсырма «Маған жанұям не береді?» деген сұрақ бойынша үйдің маңайын безендіру постерін құру

Шығарамшылық жұмыс, жеке жұмыс

1.«Мен үшін қымбат анамның ...........» \анасының бойындағы өзіне ұнайтын жақсы қасиеттерін жазу\

2.Мен үшін қымбат әкемнің ....... \әкесінің бойындағы өзіне ұнайтын жақсы қасиеттерін жазу\

3.Мен үшін қымбат........... \өзінің бойындағы өзіне ұнайтын жақсы қасиеттерін жазу\

Рефлексия : Отбасындағы құндылықтарды қалай ойлайсыздар

Отбасымдағы ең сыйлы-------------------------------------------------

Ең қымбатты------------------------------------------------------------

Ең ақылды ң сүйкімді--------------------------------------------

Ең құрметті-------------------------------------------

Ең құнды------------------------------------------------

Ең бағалы------------------------------------------

Ең қажетті---------------------------------------------

Қорытынды сөз:

Әрбір әйел – үйдің берекесі, отбасының ұйтқысы, ардақты ана және адал жары. Ата – бабаларымыз: «Адамның басшысы –ақыл, шолушысы- ой, жетекшісі – талап, қорғаушысы - сабыр, сынаушысы – халық, таусылмайтын- арман, ең қымбаттысы- ар сақтау, бәрінен ардақтысы – өмір сүру , соның ішіндегісі ең тәттісі – сыйластық деген екен». Шыныда да отбасының берік болуының негізгі қағидасы адам бойындағы осы қасиеттерге негізделсе керек. Әрдайым ақылын басшылыққа алса , ой таразысына салып шешім қабылдаса, бақыты отбасын құруға талаптанса, ең мықты қорғаушысы - сабырды серік етіп, арын бәрінен де қымбат сақтаса және ең бастысы өмірін ардақтап,оны сыйластықтың бал шырынымен сусындатса,міне , бұл отбасы бақыттың кілті болар еді.

Данышпан Абай былай дейді: « Балаға көбіне үш алуан түрлі мінез жұғады: біріншісі – ата – анадан, екіншісі – ұстаздан, үшіншісі – құрбысынан ». Сондықтан қаншалықты шаршап – шалдығып жүрсе де, ата – ана бала тәрбиесін ұмытпауы тиіс. Бала – әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік.

Ән: «Бәйтерек»