Тақырыбы: Саябақта,орманда өзіңді қалай ұстау керек?

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Күні:

Білім беру саласы:Әлеуметтік орта.

Бөлімі:Экология негіздері.

Тақырыбы:Саябақта,орманда өзіңді қалай ұстау керек? Мақсаты:Табиғат аясындағы өз әрекеттеріне және қоршаған ортаға байланысты адам қылықтарына баға бере білуге дағдыландыру. Міндеттері: -Табиғат аясында өзін дұрыс ұстауды,экология ережелерін қайталап,табиғатқа аяушылық сезіммен қарауды үйрету; -Ойлау қабілеттерін,білімге деген құмарлықтарын,зейіндерін дамыту;

-Табиғат байлығына күтіммен қарауға тәрбиелеп,экологиялық мәдениетті тәжірибе жүзінде іске асыру.

Әдіс-тәсілдер:Сұрақ-жауап, саяхат,түсіндіру

Ұйымдастыру:топпен.

Көрнекілік:слайд,орман суреттері


Музыкалық сүйемелдеумен балаларға саябақ,орман тоғайлар бейнеленген слайдтарды көрсетеді.

Сол сәтте орманшы келеді.Балалар қонақты қарсы алады.

-Бізге қонаққа келген кім,қалай ойлайсыңдар?

Орманшы балаларды орманға қонаққа шақырады.

Саяхатқа барамыз,

Орманға бет аламыз.

Қараңдаршы,айнала

Қандай ғажап,тамаша!

(«Орман шуы»,музыкалық сүйемелдеу)




Слайдты қарап,орман-

Шының шақыруына

Қуана келіседі.


Өлең жолдарын бірге

айтады.



Ізденіс

ұйымдастыру.

-Орманға жақсы ниетпен келдіңдер ме,әлде жаман ойларың бар ма? –деп орманшы балалардан сұрайды.Орманда өзін дұрыс ұстау ережелері туралы балалардың білімдерін тексеретінін хабарлайды.Әртүрлі жағдайларды оқып,дұрыс жауаптары үшін балаларға жаңғақ сыйлайды.

1-жағдай

Сендер орман ішінен саңырауқұлақ көрдіңдер,бұл шынайы ақ саңырауқұлақ па,әлде тек соған ұқсайтын саңырауқұлақ па,білмейсіңдер,қандай іс-әрекет қолданасыңдар?

1.Тұрған орнында қалдырамын.

2.Кесіп алып,өзіммен бірге алып кетемін.

3.Ата-анамнан немесе достарымнан сұраймын.

4.Дәмін татып көруге әрекеттенемін.

2-жағдай

Сен орманға жидек теру үшін бардың.

1.Бәрін қатарынан жұла беремін.

2.Піскен жидектерді ғана бір-бірден теремін.

3.Жидектерді көп-көптен бұтағымен қоса жұламын.

3-жағдай

Орманда серуендегеннен кейін,көп қоқыс қалдықтары қалғанын байқаған кездегі сендердің іс-әрекеттерің.

1.Жерге көміп тастаймыз.

2.Үйге алып кетіп,қоқыс жәшігіне лақтырамыз.

3.Қағаздарды өртейміз.

4.Онсыз да қоқыс көп деп,бәрін өз орнында қалдырамыз.

Балалардың іс-әрекеттерді дұрыс болған жағдайда суреттегі шеңберлерді қызыл түспен,бұрыс жағдайда жасыл түспен бояу керектігін түсіндіріп,жұмыс дәптеріндегі тапсырманы өз бетімен орындауды тапсырады.

Сергіту сәті.

Қане,қатар тұрайық,

Бойымызды жазайық,

Қаздарға біз ұқсайық,

Мойнымызды созайық,

Секірейік,шулайық,

Қояндарға ұқсайық,

Армансыз бір секіріп,

Көзден ғайып болайық.

(Ауд.Г.Нурузова)

Орманшы балаларға «Ормандағы жабайы» атты тиін оқиғасын баяндап береді.


-Өлең сендерге қандай әсер қалдырды?

-Бала неліктен тиінге ұнамады?

Орманның әр жерінде орманшының тыйым салу белгілері ілінген.Орманшы балаларды бір белгіден бір белгіге жетелеп,білімдерін тексереді.


1.Ағаштардың қабықтарын зақымдама.

2.Саябақтарда,орманда,көгалда гүлдерді жұлма.

3.Піскен жидектерді жинағанда,бұтақтарын бүлдірме.

4.Саңырауқұлақтарды таптама.

5.Ормандағы өрмекшінің торын бұзба,өрмекшіні өлтірме.

6.Көбелектерді,инеліктерді,бақа да жәндіктерді аулама.

7.Ұяларды бұзба!

8.Жабайы аңдарға жақындама.

9.Орманда,саябақта тыныштық сақта.

10.Қураған шөптерді өртеме.

11.Орманға,саябаққа,өзен бойына қоқыс қалдықтарын тастама.

Орманшы балаларды мақтап,тиіннің атынан жаңғақ толған себетті сыйға тартады.

Көздерін жұмуды ұсынады:

«Дөңгелейміз,айналамыз,

Бақшамызға ораламыз»

(Музыкалық сүйемелдеумен балалар балабақшаға оралады,орманшы ғайып болады)


Орманшының сұрағына жауап береді.











Өздерінің пікірлерін білдіріп,әртүрлі жағдайларда өзін дұрыс ұстау әрекеттерін атайды,

сұрақтарға жауап береді.














Дұрыс жауаптарды таңдайды,түсіндіреді.






Өз беттерімен тапсырманы орындайды. Орындау барысында өз ойларымен бөліседі.


Өлең мазмұнына с қимылдар жасайды.








Мұқият тыңдап,өлең

мазмұнына мін береді Сұрақтарға жауап береді.


Ұсынасқа ынталылық танытып,белгілерді табады.Мұқият қарастырып,өз пікірлерін білдіреді.Жауаптарын дәлелдейді.



Сыйлыққа қуанады.


Балабақшаға «оралады».



Рефлексия

Тәрбиеші балалардың назарын жұмыс дәптеріне аударып,тапсырманы орындауды ұсынады:

-Өзімен бірге орманға қандай зат алып баруға болмайды,соны үстінен сызып,қажет заттарды айналдырып белгілейміз.


Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындайды.




Күтілетін нәтиже.

Табиғат аясында өзін дұрыс ұстау ережелерін. Табиғаттың адамның іс-әрекетімен өзара байланысты,өзара тәуелділігі жайындағы түсінікті.Айналасындағы табиғатқа қатысты өзінің және досының іс-әрекеттерін бағалауды;Саябқтарда,орманда өзін дұрыс ұстау ережелерін орындауды.