Халқым менің қонақжай

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы: Халқым менің қонақжай.

Мақсаты:Оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру; баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру;халық өнегесін үйрету;

Көрнекілігі:суреттер,ұлағатты сөздер жазылған плакаттар,ұлттық бұйым көрмелері.

Барысы:

1-оқушы :

Ата салтым –асыл мұрам, ардағым,

Бабалардың жалғастырар арманын.

Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,

Өткенімді бүгінменен жалғадым.

2-оқушы:

Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған,

Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.

Салт-дәстүрді ардақтайық, ағайын.

Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған.

3-оқушы:

Жиналыппыз,сәтті күні бәріміз де,

Үлкен, кіші, жасымыз,кәріміз де.

Төрлетіңіз,қадірменді қонақтар,

Гүл-гүл жайнап мына біздің төріміз.

 Жүргізуші:

Өнер халық- өміршең халық,қазақтың әдет-ғұрпына,салт-дәстүрлеріне бағытталған «Халқым менің қонақжай»атты тәрбие сағатын бастаймыз.

Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын салт-дәстүрлер туралы қысқаша мәлімет беріп кетсек. 

Салт-дәстүрлерінің ішіндегі бала тәрбиесіне байланысты тәрбие дәстүріне тоқталсақ.

Тәрбие дәстүрі.

Салт-әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне,ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып,өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі.Қазақтың бірнеше салттарын атап өтсек.

1.Шілдехана(салт).жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын-сауық, той.

2.Кіндік кесер(салт). Нәресте туған сәтте оның кіндігін әйелдер(кіндік шешесі) дайын тұрады.Кіндік кесу-мәртебелі, абыройлы іс.

3.Бесікке салу(салт). Жаңа туған баланы бесікке салу. Бесік қасиетті,киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.

4. Қырқынан шығару(салт). Баланың туғанына қырық күн толған соң оны ыдысқа қырық қасық су құйып шомылдырады.ол сәбидің жан-жүйесінің қалыптасып дені сау болып өсуіне деген ақ тілектен шыққан.

5.Тұсау кесер(салт).Сәби қаз тұрғаннанкейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып.

Ғұрып.Қазақтың өмір салты, өрен салты т.б. қолдану мен дәріптеуді ғұрып дейміз.

Қазақ халқында қалыптасқан бірнеше ғұрыптар:

1)Ат қою(ғұрып). Қазақ халқы жаңа туған сәбиге жақсы есімдер мен әйгілі адамдардың атын қойған.Сонымен бірге бала есімін беделді кісілерге қойғызып батасын алған.

2)Айдар(ғұрып). Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп қояды.

Бұл ғұрып ер балаға жасалады. Сәбилерге шаш орнына кекіл, тұлым да қойылады.

3)Кекіл (ғұрып). Жас балалардың шашын ұстарамен алып тастайды да маңдайына бір шөкім шаш қалдырып, оның жиегін тегістеп қиып қояды. Оны «кекіл»дейді.

Дәстүр-халықтың атадан балаға көшіп,жалғасын және дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, әдет-ғұрып,мінез-құлық,тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекеттер көрінісі.

Қазақтың бірнеше дәстүрлерін атап өтсек.

1)Тыштырма(дәстүр)Сәбиді бесікке салар кезде бесіктің түбегі тұратын тесіктен құрт,ірімшік, тәттілер өткізіп «тыштыма,тыштыма»деп ырым жасайды және оны «тыштырма» деп атайды.Тыштырманы әйелдер ырым етіп бөлісіп, бала-шағаларына үлестіріп береді.

2) Базарлық(дәстүр) -алыс сапарға шыққан адамдардың жақындарына (жерлес,көрші-көлем,жас балалар, сыйлас адамдарына) әкелген сыйлығы.

3) Байғазы(дәстүр)-балалардың, жастардың жаңа киім үшін берілетін ақшалай,заттай сый.

4)Тілашар(дәстүр).Баласы 7 жасқа толған соң балаға жаңа киім кигізіп,оқу жабдықтарын дайындап,шағын той өткізеді.Мұны «тілашар»тойы деп атайды.

5( жеті ата(дәстүр). Халқымыз кейінгі ұрпаққа жеті атасын білдіруді міндеттеген.Олай болса жеті ата:Бала,Әке, Ата, Арғы ата, Баба, Түп ата, Тек ата.

6) Асату(дәстүр).ет желініп болған соң төрде отырған ақсақал табақта қалған етті жас балалар мен жігіттерге асатады.

Оқушы. Шашу, шашу, шашайық,

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке ,бұл тойда

Керемет рәсім жасайық!

Бала: Сүйінші,сүйінші.дүниеге сәби келді.

Әжелер: Ой айналайын балам, бұл қуанышты хабар ғой. Сүйінші сұрау-шын қуаныштың белгісі.Қазақ сүйіншіден нені аяған.Мінеки сүйіншіңді ала ғой.

Оқушы:Балаға қандай ат қойсақ болады екен?

Қане қазақтың ғұрыптарының бірі «Ат қою»рәсіміне кезек берейік

( «Балаға ат қою» рәсімі жасалады.)

Оқушы:Енді дүниеге келген баланы бесікке салу әжелеріміз де дайын сияқты. Қызықты үзбей «Бесікке салу»рәсіміне кезек берген дұрыс сияқты. (Бесікке салу)

Оқушы:Халқымның қолөнері аса көркем,

Таң қалып қарап қалар оны көрген,-деп қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне бір сәт саяхат жасап қайтсақ қайтеді. Бүгінгі кеште ұйымдастырылған қолөнер бұйымдарын қарашы, қандай керемет! «Шешеден көрген тон пішер, әкеден көрген оқ жонар»демекші біздің сыныптың қыздары кесте тігіп,тоқыма тоқып,көрпе құрап отыр, ұлдарымыз болса қамшы өріп қызу жұмыс үстінде.Бұның өзі қазақтың тұрмысының тамаша көрнісі емес пе?

Оқушы: Айтпақшы біз атын қойған кешегі сәбиіміз бүгінде жүруге талпынып жүрген тәрізді. Бүгін әжелеріміз сол сәбидің тұсауын кеседі дейді.Жүр қалып қоймай соны тамашалайық.( «тұсау кесу» рәсімі)

Әже: Жолың болсын деселік,

Жолыңа нұр төселік.

Жарылқасын алдыңнан,Тұсауыңды кеселік,

Кірмеуіңді шешелік,-деп сәбидің тұсауын ала жіппен кеседі.

Оқушы:

Баталы құл арымас,

Батасыз құл жарымас.

Батамен ел көгереді,

Жауынмен жер көгереді,-демекші баламызға аталарымыз батасын берсін.

Оқушы: қарашы ана жақтада қазақ жастары уақыттарын қызықты өткізіп жатқан тәрізді.Сол жаққа барып қайтсақ қайтеді.қыздар, бұл ойнап жатқан ойындарын қандай ойын , қалай атайды?( « бес тас»ойыны түсіндіреді)

Жүргізуші:Бүгінгі кешіміз қызықты өту үшін келесі танымды ойынға берейік. Мына қоржында асықтар салынған. Ол асықтардың бетінде сан жазылған. Қоржыннан кез келген бір асықты аласыңдар. Шыққан сол санға байланысты сұрақ қоямыз, кім көп жауап береді екен?

1-сұрақ

Он атаны таратып беріңіз.

( әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, жегжат, жұрағат, жамағат)

2-сұрақ

Үш мақсатты ата.

Жол мақсаты-жету, дау мақсаты-біту, сауда мақсаты-ұту.

3-сұрақ

Үш арсыз.

Ұйқы арсыз , күлкі арсыз, тамақ арсыз.

4-сұрақ

Үш алыс

Кәрі мен жас, жақсы мен жаман, алыс пен жақын.

5-сұрақ

Үш биді атаңыз.

Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би.

6-сұрақ

Үш жүзді атаңыз.

Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз.

7-сұрақ

Үш даусыз.

Мінез, кәрілік, ажал.

8- сұрақ

Жігіттің үш жақын жұртын ата.

Ағайын жұрт, нағашы жұрт, қайын жұрт.

9-сұрақ

Үш арыс

Сәкен Сейфуллин, Бейінбет Майлин, ілияс жансүгіров.

10-сұрақ

Үш сауап

Шөлге құдық қазған.

Өзенге көпір салған.

Жолға ағаш еккен.

11сұрақ

Үш байлық

Денсаулық, ақ жаулық, он саулық.

12-сұрақ

Үш тәтті

Жан тәтті, мал тәтті, жар тәтті.

13- сұрақ

Төрт қонақ

Арнайы қонақ, құдайы қонақ, қыдырма қонақ,

Қылғыма қонақ.

14-сұрақ

Төрт түліктің пірін атаңыз.

Түйе пірі-Ойсыл қара, жылқы пірі- қамбар ата,сиыр пірі-Зеңгір баба, қой пірі-Шопан ата, ешкі пірі-Шекшек ата.

15-сұрақ

Төрт қымбат не№

Алтын ұя Отан қымбат,

Құт- береке атаң қымбат.

Мейірімді анаң қымбат.

Бәрінен де ұят пенен ар қымбат.

16-сұрақ

Бес дұшпан

Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекермал шашпақ.

17-сұрақ

Бес асыл

Талап еңбек, терең ой, қанағат .

18-сұрақ

Бес байлық

Әуелі баайлық- денсаулық.

Екінші байлық-еркіндік.

Үшінші байлық- тіл байлық

Төртінші байлық –қайрат-күш,ақ жаулық.

Бесінші байлық-балаңыз.

19-сұрақ

Бес қаруға нелер жатады?

Мылтық, садақ,найза,қылыш,айбалта.

20-сұрақ

Бес қатер

От, жау, борыш,ауру, сөз.

21-сұрақ

Бес жақын кімдер?

Тату болса- ағайын жақын.

Ақылшы болса-апайың жақын.

Бауырмал болса-інің жақын.

Инабатты болса-келінің жақын.

Алдыңа тартқан адал асын

Қимас жақын қарындасың.

22-сұрақ

Алты алаш деген кімдер?

Алаш ханның балалары: қазақ, Қарақалпақ, Қырғыз, өзбек, Түркімен, Жайылхан.

23-сұрақ

Алты қиынды атаңдар.

Арадан шыққан жау қиын

Таусылмайтын дау қиын.

Шанышқылаған сөз қиын.

Жазылмаған дерт қиын.

Іске аспаған серт қиын.

Ақылынан адасып,

Өзің түскен өрт қиын.

Не істеріңді біле алмай,

Ашиды болса бас миың.

24-сұрақ

Жеті жұт

Құрғақшылық, мал жұтау, оба, өрт, соғыс,жер сілкіну, сел (тасқын)

25-сұрақ

Жеті күнді атаңдар

Бүгін-дүйсенбі

Ертең –сейсенбі.

Бүрсігүні-сәрсенбі.

Арғы күні-бейсенбі.

Ауыр күні-жұма.

Соңғы күні-сенбі.

Азына-жексенбі.

26-сұрақ

Жеті қазынаны атаңыз.

Ер жігіт,сұлу әйел,ілім-білім, жүйрік ат, құмай тазы, қыран бүркіт,берен мылтық.

27-сұрақ

Жеті атаны таратыңыз.

Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.

28-сұрақ

Жеті жетімге нелер жатады?

Тыңдаусыз қалған сөз жетім.

Киюсіз қалған бөз-жетім.

Иесіз қалған жер-жетім.

Басшысы жоқ ел-жетім.

Аққу-қазсыз көл –жетім.

Елінен айырылған ер -жетім.

Замандасы қалмаса,

Бәрінен де сол жетім.

Жүргізуші:Ата дәстүр абырой көтергенде,

О, бұл сөздер сүйектен өтер демде!

Тоқталамыз енді біз, ал халайық,

Қанатты сөз, мақал мен мәтелдерге.

«Сөздің көркі –мақал»деген ұғым бар.Біздің ойынымыз қыза түскен тәрізді. Мақалдап сөйлеу жарысына да кезек берейік.

1. -Ассалаумағалейкүм, қарсыласым. «АРыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем береді» деген, сәлем беруге келдім.

2. -Амансың ба, достым? «қуыс үйден құр шықпа» деген, тізеңді бүгіп дәм ауыз ти.

3. – «Сыйлап берген су, сатып алған балдан артық»дегендей жайғассақ жайғасайық.

4. – «Сыйға сый, сыраға бал» демекші өткенде өздеріңеде риза болып қайттық қой.

5. –«Аз да бітер, көп те бітер, татулыққа жетер» демекші татулық пен ауызбіршілікке не жетсін.

6. -«Төртеу түгел болса алар, алтау ала болса алдырар» деген ғой, о не дегеніңіз.

7. -«Бірлік түбі – тірлік» деген ғой бабаларымыз, бірлік болсын.

8. -«Биік төбеге шықсаң, көзің ашылады, жақсымен сөйлессең, көңілің ашылады» дегендей көңіліміз марқайып қалды ғой.

9. – «Әңгіме әңгіме дегізер, әңгіме бұзай емізер» демекші қой қайтатын, мал келетін уақыт болды.

10. – “Тау тауға косылмас, адамға адам косылар” деген, элі кездесерміз, cay бол!

Жүргізуші: Қарап отырсақ казактың мақалдап сөйлеген сөзінің өзі бір шырайлы, тәрбиелік мэні зор, астарлы. Бұған осы көріністен-ак көз жеткізген боларсыздар.

Жүргізуші: Құрметті көрермен қонактар, сіздерге де көңіл бөлген дұрыс сиякты. Қазакта конак- кәде деген бар. Олай болса сергіту сэтімізде сізгерге кояр тапсырмамыз: мы на үзік-үзік сөздерден макал құрастыру керек.

  1. Ұяда… ұшқанда …

(Үяда не көрсең, үшцанда соны ілерсің)

  1. Ата… бала…

(Ата — бэйтерек, бала жапырақ)

  1. Ер … ез …

(Ер бір өледі, езмыц өледі)

  1. Өле… бөле…

(Өле жегенше бөле же)

  1. Таяқ… сөз…

(Таяқ ештен өтеді, сөз сүйектен өтеді.)

  1. Мал… жер…

(Мал бащандікі, жер жыртқандікі)

  1. Тентек… акыл…

(Тентектің ацылы түстен кейін кіреді)

  1. Сүйіндіреді… күйіндіреді…

(Жақсы сөз сүйіндіреді, жаман сөз күйіндіреді)

  1. Мысык… тышқан…

(Мысыцца ойын керек, тышцанга өлім керек)

  1. Мектеп… білім…

(Мектеп – кеме, білім — теціз)

Жүргізуші: Құрметті оқушылар, бүгінгі біздің сабағымыздың максаты – заман өзгерсе де ұлттык салт -дәстүріміздің көнермейтіндігін еске салып, ұлттык мұраны кайта жаңғырту. Бүгінгі тәрбие сағатымызда өздеріңіз куә болған дэстүрлерді көкейлеріңізге токып, саналарыңызға сіңіріп алсаңыздар артық болмас.

«Токсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» демекші, салтын сүйген әрбір жас ұрпак болашакта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салт- дәстүрінің жанашыры болатындығына сенімдімін.

Еліміздің жарқын болашағы сіздердің колдарыңызда, құрметті окушылар!Халқымыздың ғасырлар бойы жасап кеткен тарихы – бүгінгі үрпақ үшін баға жетпес үлкен қазына, мүра. Бұл мұраларымыз имандылық, ғибраттық, әдет- ғұрпымен, салт-дәстүрімен қымбат. Осынау ұрпақ тәрбиесінің қымбат қазынасын мұралыққа алған біздер оның ішіне үңіліп, одан өз болмысымызға керек-жарақтарымызды алуға тиіспіз.

Өзін қазакпын деп санайтын әрбір жас жеткіншек казақтығын дәлелдей алатын істерімен өзгеге өнеге болуы керек.

Ұлттық қадір-қасиеттер - ұлттық сана-сезімнің өзегі, адамгершіліктің бірегейі, халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық санасының жемісі, кісілік қасиеттер жиынтығы.

Қазақ халқы өз үрпағын адамгершілікке, ізгілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуді ежелден-ақ өзінің басты мақсаты етіп қойған.

Ұлттық қадір-қасиетттер: әдептілік, қонақ- жайлылық, бауырмалдық, қайырымдылық т.6.

Әдептілік – әдеп сақтау халықтық рэсімге, жол- жоралғыға, тәртіпке қүлдық етіп амалсыз бағынуы емес, сол заңдылықтарды құрметтеу, қастерлеу, дәлірек айтқанда адамгершілік борышты сактау болып табылады. “Әдептілік – әдемілік” дейді халық. Әдеп сақтаудың психологиялық астары терең. Әдептілік – ізеттік, кішіпейілдік, кішілік деген сөз. Қазақ этносында атадан балаға мирас болып келе жатқан әдептілік дәстүрдің бірі – аттергеу, кісіге қосымша ат кою.

Аттергеу – бұл кісіні қастерлеп, оны өз айтылуында атамай құрметпен атау, оны сыйлау, күрметтеу, қадір түту: “Ақ бөпем”, “Үкім”, “Тэмпіш танауым” т.б.

Балалар да жанындай жақсы көргендерін “Ақ әжем”, “Мырза әжем”, “Аппақ апам” деп атаған.

Қазақ эйелдері кайыны, қайын сіңлілеріне ат қоюға шебер. Мәселен, “Ак жігіт”, “Сал жігіт”, “Еркежан”, “Шырайлым” т.б.

Қонақжайлылың. Меймандостық – ата салтымыздың ішіндегі ең бір мақтауға түрарлық мэнді түрлерінің бірі. Қазак меймандостығы ерекше, ата-бабаларымыз бүл жағынан алғандада басқалардан көш ілгері түрған. Қазақ қонақжайлылығына негізі себеп: бүл қазақтың көшпелі түрмысы. Ен далада кең жайлап отырған ауылға шаруасы жоқ адам бекерден бекер бас сұқпайды.

Қонақжайлылықтың ең үлкен белгісі – ең дэмді тағамын, сусынын, шай-қантын, қонаққа сақтағаны. Халқымыз қонакжайлылық, меймандостық салтында дәм-тұзға ерекше мэн берген. Сыйластық осы дэм татырудан басталады. Мұндай дәстүрдің түрі көп.

Дэм тату дәстүрлері: ерулік, көрімдік, есік көрсету, соғымбасы, үлкенге сыбаға.

Қонақжайлылық, сыйластық салтын бүрынғы ата- бабаларымызша түсініп, соларша дәріптей білсек нүр үстіне нүр болар еді.

Бауырмалдылың. Адамгершілік қасиеттің айрықша бір көрінісі – бауырмалдылық. “Балабауыр еттен жаралған”, қазақтың бауырмалдылығы баланы әлпештеуден, баланың ата-анасын құрметтеуінен байқалады.

Халқымыздың бауырмалдық сияқты атам заманнан сүйегіне сіңген қасиеті Қүран-Кэрім кағидаларымен де үштасып жатыр. Осы қасиетті кітап адам баласының бір-біріне жат емес, барлық адамзат баласының дос, бауыр екенін айтады. Олай болса “Ақ, қарамыз, сарымыз, дос-бауырмыз бәріміз” деп халықты нәсілге, руға, жүзге бөлмей кішкентай кезден жас үрпақты бауырмалдылыққа баулуымыз қажет. .

Қайырымдылың. * Халық өз үрпағына қайырымдылықты ес біле бастағаннан үйретіп, тиісті талап қою, дағдыландыру арқылы, оны түрмыстық салтқа, адамгершілікке, дәстүрге енгізді.? Қайырымдылықты кей жағдайда кедей-кепшік, жарлы-жақыбайларға көмектесу, қайыр-садақа беру арқылы үштастырған. Адам өміріндегі ең игі істің бірі – қаріп кісілерге қамқорлық көрсету. Үй ішінде үлкеннің кішіге қамқорлығы, кішінің үлкенге көмегі, баланың ата-анаға, әке-шешенің бала- шағасына мейір-шапағаты, ер азаматтың елге қызмет етуі – қайырымдылықтың қайнар көзі. Халқымыз өте жоғары бағалаған қасиеттердің бірі –кішіпейілділік. Кішіпейіл кісіні барлық жерде сыйлаған, дәріптеген қасиеттеген, үлгі түтқан. “Кішіпейілділік – кішілік емес кісілік, кішіпейілділік – кісілік көркі”, “¥лық болсаң кішікбол” т.б. осы сияқты нақылдар халқымыздың кішіпейілділікті қаншалыкты қастерлегендігін айқын байқатады. Тәрбиелі адам тағалаған аттай өмірдің небір тайғақ қияларынан қиналмай өткен.

Халқымыздың ұлттық қадір-қасиеті жастарды әдептілікке, бауырмалдылыққа, қонақжайлылыққа, қайырымдылыққа тәрбиелейді. Халқымыздың салт- дэстүр, әдет-ғұрыптарын бойымызға сіңіре отырып өзіндік тұрмыстық-әлеуметтік мәдени дэстүрлерін жалғастырушы – мына отырған жеткіншектер, сендер.Ата-бабамыздың салған сара жолынан таймай ұлттық мэдениетіміздің өркендеуіне өз үлеетеріңді қоса отырып, егеменді еліміздің жалынды жастары екендіктеріңді естен шығармай, оқуда, еңбекте табыстан табысқа жете беріңдер. /

Адалдық - адамгершіліктің ең басты қағидаларының бірі. Ол кез келген істе, әрекетте, сөзде өзінің пендешілік мүддесінен адамшылық мүддесін жоғары қоя білуді білдіреді, яғни бас пайдасы үшін екінші біреудің мүддесіне нүқсан келтірмейді. Ар- үятын жоғары үстайды.

Адалдык өсек-өтірікке жоламауды, біреуді сыртынан ғайбаттамауды аңғартады. Адал болу дегеніміз – жаны, жүрегі таза болу деген сөз.

Адал адам ақиқатты ардак түтады. Шыншылдықты сүйеді. Біреудің мүлкін, беделін, абыройын сырттай саудаламайды.Жақынын,туысын,танысын,достарын, айналасындағыларды ардақтайды. Ешқашан ешкімді сатып кетпейді. Отанына үнемі қалтқысыз адал. Әр кезде иманын қорғай біледі. Иманмен тиянақталған адалдықты кіршіксіз адалдық деп атайды.

Адалдық рухани тазалықтан туындайды. Жан дүниесі, рухани әлемі таза адамның әрқашан абыройы асқақ, беделі жоғары. Ол өтірік айтпайды, үрлық істемейді, біреудің затын рұқсатсыз пайдаланбайды, зәлімдік жасамайды. Адалдық адам баласының ең тамаша қасиеттерінен саналады. Адал адамның- достығы – мэңгілік.

Қазақта айналасындағыларға көмектесуге үнемі эзір, арам пиғылы жоқ, шын ниетімен ақтарылып түратын жандарды ақкөңіл деп атайды. Олар қолында барын ешкімнен аямайды. Қазақта “Ақ көңілдің аты арып, тоны тозбас” деген қанатты сөз содан қалған.

Адал жанның үйқысы тыныш, күлкісі ашык. Оған біреудің жақсылығы мен қуанышын кызғану, көре алмау сияқты қасиеттер жат. Адалдық өзінен өзі келмейді. Ол – тәрбиенің жемісі. Адал болу үшін адам жас кезінен өз жүрегін тыңдай білуі, өзін-өзі тэрбиелеуі қажет.

Амандасу - бейбіт пейілдің, достық ықыластың белгісі. Адам баласы дамуының балаң кезінде амандасу - қолында тасы не басқадай қаруы

жоқтықты көрсету үшін жасалған қауіпсіздік әрекеті, “Міне, көрдің бе, қолымда дэнеңе жоқ” деп оң қолды көтеріп сэлемдесу, “Сенбесең алақанымды үстап көр” деп оң қолды үсыныпамандасу бейбіт ықыластың ишарасы. Оң қолды көтеру немесе оң қолды үсыну қару үстайтын оң қолдың бос екендігін, жауластық ниетінің жоктығын аңғартады.

Осындай ізгі ишара біртіндеп амандасу сияқты тамаша әдетке, одан бірте-бірте мінез-қүлық ережесіне айналған,

Қазақ халқында амандасуға айрықша мэн беріледі. Әдетте кіші үлкенге, аттылы жаяуға бүрын амандасады.

Ассалаумағалейкүм (Алланың нүры жаусын!) – амандасудың кең тараған түрі (сәлем беру).

Уағалайкүмассалам! (Саған да Алланың нүры жаусын!) (сәлем алу).

Армысыздар! Бұл амандасудың ежелгі қазақи түрі.

Сәлеметсіз бе? Амандық сұрау, сыпайы сәлем беру.

Сэлемдесу немесе сэлем беру деп кішінің үлкенге алдымен амандасуын айтады. Қатар қүрбылардың бір-бірімен амандасуын да көбіне сэлемдесу дейміз.

Қол беріп амандасу шынайы ізгі ниетті білдіреді. Имандылық қағидасы бойынша қол беріп амандасқанда бетті бөтен жаққа бүрып немесе теріс қарап амандасуға болмайды. Амандасушылар бір- бірінің көзіне тура қарап шын пейілмен, жылы жүзде амандасқандары жөн. Теріс қарап амандасу - менсінбегендіктің белгісі. Әйел адамның немесе қыз баланың қол беруі міндетті емес.

Төс қагыстырып амандасу - ер жігіттердің, батырлардың шынайы достығын, кездесуге қуанышын білдіреді. Бір-біріне сенетін жігіттер ғана осылай амандасады.

Қолдан сүйіп амандасу - әжелердің немесе апалардың жеткіншектердің, жасөспірімдердің қолынан сүюі. Ол балаларға, жас ұрпакқа деген қүрметті білдіреді. Қолдыңсыртынан ғана сүйеді. Алақаннан сүюге болмайды.

Көзден сүйіп амандасу - әжелер немесе апалар өте жақсы көретін немерелерін сағынғанда көзінен сүйіп амандасады.

Иіскеп амандасу-қ ариялар, ақсақалдар кішкентай бөбектерді иіскеп амандасады.

Маңдайдан сүйіп амандасу - үлкен адамдар кішкентай балалардың, жеткіншектердің маңдайынан сүйіп амандасады.

Көпшілікпен амандасу. Көпшілік отырған жерге келген кісі әрқайсысына емес, жүрттың бэріне ортақ

бір ғана сәлем береді. Отырғандардың бірі сәлем алса, ол бәрінің сәлем алғанын білдіреді. Дастархан басында бәрімен қол алып амандасу міндетті емес.

Бір үйдегі отбасы мүшелері де, бірге қонып шыққан адамдар да таңертең бір-біріне “Қайырлы таң!” деп айтып амандасқандары жарасымды,

Уәдеде тұру - адамдық қарым-қатынастардағы аса құнды қасиет. Адамға адамның сенімі сөзін бүлжытпауынан, берген уэдесінде түруынан қалыптасады. Сенім жоқ жерде іс оңға баспайды. Ал сенім – бірлесіп атқарылатын кез келген істің, кез келген шаруаның іргетасы. Сондықтан досыңа, туысқаныңа, танысыңа бір шаруасын орындауға келісім берерде алдымен ойланып алғаның абзал.

Уәдеде тұру адамның өз-өзіне сенімін арттырады, өзгелердің алдында абыройын көтереді. Жүртқа қашанда сыйлы болады. Халқымызда “Уәде – құдайдың ісі” деген мәтел бар. Ол берілген уәдені қалайда орындау керектігін меңзейді. Уәде берме, берсең өлсең де орында. Айтқан уәдеде тұру – ер жігіттің ісі.

Уәдеде тұруға үмтылу – балалардың өзін- өзі тэрбиелеуіндегі маңызды қадам. Ол адамның табандылық, жауапкершілік, өзгелерге жэне өзіне қүрмет сезімдерін қалыптастырады.

Қолынан келе ме, келмей ме ойланбастан “Мен мына істі қатырамын” деп бөсу ақыры абыройсыздыққа соқтырады. Жүрт “Е, соны койшы, жүрген бір бөспе” деп теріс айналады.

Сондықтан бірден уэде беруден бүрын адам өз мүмкіншілігін есептеп алғаны жөн. Қолынан

келмейтін болса, бірден бас тартқаны жарасымды.

Уәдеде тұрмау адамды аздырады. Айналандағылардың сенімін кемітеді. Адамдық, азаматтық бейнесіне нұқсан келтіреді. Жүрттың мазағына айналады.

Бұл орайда “мұра” деген қасиетті үғымға тоқталмай кетуге болмайды. Өйткені ата-бабаларымыздан біздерге калган барлық құндылықтар – мұра, аманат. Біз – бүл құндылықтардың мұрагеріміз, олай болса олардан аманат қып алған бұл мұраларға қиянат жасауға еш қақымыз жоқ.

/ “Мұра” деген үғымға Манаш Қозыбаев ағамыз былайша түсініктеме береді: “Байтақ қазақ жері Отанымыз, көшпелі өркениет, мемлекеттік дәстүріміз, салт-санамыз, таңғаларлық қонакжай, кең пейіл, ата сыйлаған, ана сыйлаған мейірбандылығымыз, бір өзі талай Гомерлерді тудырған ұлылар галереясы, сайын даланың сақшысы, жерінің құтын, тәуелсіздігін қорғаған қайраткерлер, дамыған әдебиетіміз, қүлашын әлемге сермеген мэдениетіміз, тіліміз, дініміз – осының бәрі халық мұрасы.

Қорытынды:Бір ғажап қазына – азаматтық парасат, тарих алдында адал болу, ата рухын сақтау, туған жердің алдындағы парызын ақтау ата өсиеті болып танылған.

Ары таза, Отан деп шырылдап, жанын шүберекке түйіп шейіт болып кеткен халық перзенттерінің істері

1-халық мүрасының асылы, ұлттық мақтанышы. Біз осындай есімі даңқты ата-бабаларымыздың осы күнгі мұрагеріміз.