ҚМКҚ №15 «АҚҚУ» балабақшасы
Әдістемелік құрал
Балабақшаның ересектер
тобы балаларына арналған
[pic]
«Білекті бірді жығады,білімді мыңды жығады»
Дайындағандар: Ш.А. Ахметова, Г.М. Темірғалиева
«Балабақшаның ересектер тобы балаларына арналған дидактикалық ойындар жинағы»
Авторлары : Г.М. Темірғалиева , Ш.А.Ахметова.
- Қарағанды қаласы, ӘК,2012 жыл
Мына кісілердің редакциясымен: Базарбаева А.А., Локтионова Л.Р.
Рецензенттер: ӘК әдіскері – Н.К.Қожахметова,
«Аққу» б/б директоры- Базарбаева А.А.
Дидактикалық ойындар жинағы. Балабақшашың ересектер тобының тәрбиешілеріне арналған. Мектепалды дайындық бағдарламасы бойынша 5-6 жастағы балаларды оқыту үшін ұсынылады
МАЗМҰНЫ
Ұлттық салт – дәстүрімізді насихаттауға арналған дидактикалық ойындарға нұсқау......................................................................................................................4 бет
Ұлттық ойындар
«Қазақ халқының ұлттық киіз үйінің құрылысын ата
және орналастыр»..................................................................................................5 бет
«Киіз үйдің жиһаздары мен жабдықтарын ата»...............................................6 бет
«Қазақтың ұлттық ер адамның, қыз баланың киімдері»..................................7 бет
«Қазақтың ұлттық бас киімдері ер адамға, әйел
адамдарға арналған»............................................................................................. 8 бет
«Ұлттық қазақ қыз баласының бұйымдары»..................................................... 9 бет
«Ұлттық аспаптар»............................................................................................. 10 бет
«Жауынгерлердің қару жарақтары мен сауыт-саймандары»......................... 11 бет
«Егіншілікке- ауыл шаруашылыққа
қажетті құрал- саймандарды ата»..................................................................... 12 бет
«Жеті қазынаны ата»...........................................................................................13 бет
«Табиғат берген жеті ырыс».............................................................................. 14 бет
«Аспан әлеміне саяхат»..................................................................................... 15 бет
«Ұлттық ыдыс аяқ турлері»...............................................................................16 бет
«Сауленің дастарханы»......................................................................................17 бет
«Сүт тағамдары».................................................................................................18 бет
«Ұн тағамдары қайдан алынады?»...................................................................19 бет
«Ет тағамдары (қазы-қарта, жал-жая....)»....................................................... 20 бет
«Жабайы аңдарды, үй жануарларынан айырып
ата және орналастыр»...................................................................................... 21 бет
«Үй жануарлары. Төрт түлік малдың атын ата, төлдерін тауып
қос, алынатын өнімді тауып қой»..................................................................... 22 бет
«Қазақстанда мекендейтін үй құстарын дала құстарынан айыр
және орналастыр, олардың мекенін атап, ерекше қасиеттерін тап.»............23 бет
«Қазақстанда қызыл кітапқа еңген құстарды ата және артығын тап».......... 24 бет
Әдебиет................................ ……………………………………… ..................25 бет
Қосымша..............................................................................................................26 бет
Ұлттық салт – дәстүрімізді насихаттауға арналған дидактикалық ойындарға нұсқау
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті жаңа педагогикалық технологияны пайдалана отырып, балалардың шығармашылық қабілетін дамыту балабақшаның негізгі мәселесі десек, балаларға партиоттық тәрбие бере отырып, оларды эстетикалық және этикалық мәдениетін қалыптастыруды тәрбие жұмысының өзегі етіп алынған.
Қазақ халқының бір туар, зиялы азаматтары А.Байтұрсынов,Ж. Аймауытұлы, М. Дулатұлы, М.Жұмабайұлы және басқалары ұлт мәселесін ұлттық тәрбие саласында өздерінің құнды еңбектерін қалдырғаны белгілі.
«...әрбір ұлт баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» (М.Жұмабаев).
Білім беруді басқаруды одан әрі демократияландыру негізінде Қазақстандық білім беру моделінің жұмыс істеуінің заңнамалық, нормативтік, құқықтық базасын жетілдіру; білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін құру; әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдасу болып табылады.
Баланың тілін дамыту мақсатында ауызекі сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу, байланыстырып сөйлеуді дамыту мен сөздік қорын дамыту ұйымдастырылған оқу – іс әрекетінде және дербес ойын - іс әрекетінде дидактикалық насихатты үстел – үсті ойындарының маңызы зор. Ойын шарттарымен көрнекіліктерін пайдаланып, ойналатын дидактикалық ойындар арқылы баланың жеке басын, ойын әрекетін дамытуға болады. Дидактикалық ойындарды ұлттық салт – дәстүрімізді насихаттау арқылы, танып білуге үйрету, балаларға ұлтжандылық бағытта тәлім-тәрбие беру. Өзін-өзі бақылауға, тиянақтылыққа қиялдай білуге, шапшандыққа, дұрыс шешім қабылдап әрекет етуді үйрету. Дидактикалық ойындарды іріктеуде баланың ойынды сапалы түсініп, ол ойын шартын дұрыс орындауға тырысып, белгілі бір нәтижеге жету мақсаты көзделеді. Бала ойын мақсатына сай ойын шартын орындап, ондағы сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беруге дағдыланады. Ойын шартын, ережесін қатаң сақтау арқылы жолдастарын тындай білу, олардың қатесін түзетуге белсенділік көрсетуге ынталандырады. Жолдасының қатесіне көмектесуде, оған ойын шартын түсіндіріп, ойынды жалғастыруға, жаңа ойын ережесін ойлап табуға, оны басқаларға түсіндіре білуге, ойынды ұйымдастыруға жаттықтырылады.
Дидактикалық ойындар ұйымдастырылған оқу-іс әрекетіне байланыстырылып, мақсатына, сай тандалып алынады.
Ұсынылып отырған дидактикалық ойындардың мақсатына сәйкес, шарты нақты көрсетілген, жауаптары да берілген, ол педагогтарға түсіндірме ретінде.
Дидактикалық ойындар арқылы баланың қазақ халқының ұлттық құндылықтары мен көне мәдени мұраларын оқып үйренуге, салт дәстүрімізді біліп өсуге, оны құрметтеуге, адамгершілік рухымызды көтеріп, имандылыққа, әсемдікке, тазалыққа, ұжымдық алдына қойған мақсатқа бағынуга, талғампаздық пен жасампаздыққа, үлкендермен мен балалар арасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуға болады.
«Қазақ халқының ұлттық киіз үйінің құрылысын ата және орналастыр»
Мақсаты: Балаларға ұлттық киіз үйдің құрылысын білуге үйрету. Өлең жолдарымен қимыл-қозғалыс түрлерін жасап киіз үй құру. Сөздік қорларын молайту.
Көрнекілік: киіз үй құрылысы жасалған карточкалар топтамасы, киіз үй үлгісі
Ойын шарты: балаларға киіз үй құрылысын ретімен атауға, киіз үй шаттық шеңберін орындауға үйрету, тоқпақ жолдарын іс-қимыл келтіріп орындау. Киіз үйді құрастыру, карточкаларды топтастыру.
Шаттық шеңбері
Үлкен шеңбер құрамыз,дөнгелене тұрамыз,
Керегені кереміз,уықтарды ілеміз
Айналамыз-ойнаймыз,киіз үйді құрамыз!
Уық керегенің үстінен қойылады
Уык предначается для поднятия купола юрты
[pic]
Киіз үй-Юрта
[pic]
[pic]
[pic]
Киіз –кошма, войлок
Оюмен өрнектелген киіз, киіз үй жабдығы ретінде қолданады сыртын жабуға немесе кілем ретінде жерге төселеді
Разрисованный войлок, кошма предназначается для покрытия юрты сверху и как ковер стелят изнутри, делают разных размеров. Богатые делали себе войлок белого цвета
Киіз үйдін жабдықтары
Оформление юрты изнутри
[pic]
[pic]
Шыңырақ-купол
Шанырақ түтін шығаруға арналған, және уақыт білудің ең бір қасиеті болған
Купол -кроме функции дымохода выполнял ещё и роль часов, казахи с большой точностью определяли время суток.
Кереге- стена
Ең бірінші керегесі қойылады киіз үйді көтергенде
Для строительства юрты сначала ставится кереге-стена
Все из ивовых прутьев
[pic]
[pic]
Есік- дверь
Есікті қазақ халқы шығысқа қарап орнатқан
Двери юрты всегда устанавливали в сторону востока.
«Киіз үйдің жиһаздары мен жабдықтарын ата»
Мақсаты: Балаларға киіз үйдің ішін жабдықтарын атай білуге, олардың қолдануға қандай пайдасы бар екенін білуге үйрету. Суретті карточкаларды әр балаға беріп, жұмбақтап жасырып, атын шешуін айту арқылы көрсету тапқырлыққа үйрету. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорларын молайту.
Көрнекіліктер: жиһаз суреттері көрсетілген топтамалар, хатқалта
Ойын шарты: әр бала жиһаздарды қолына тиген карточкалардағы бейнеге қарап, жұмбақтап жасырады, жауабын басқа балалар шешіп табу қажет, осылайша жиһаздар жинағын топтастырады .
Сандық-сундук: онда әжемнің түрлі-түсті матасыда бар, әшекейлерде сақталған
Бесік- колыбель: менің кіп кішкентай інім күні бойы сонда таңулы, анам оған ән айтып тербетеді, уатады, ұйықтатады
Төсек- кровать: кеш батқан соң барлық бала тәтті ұйқыға жатады, дем алады
Төсеніш- ковровая дорожка: бөлмеде жерге төселген түрлі- түске бөлінген
Сөре- полка: кітаптарым ретімен орналасқан оның бойына
Шифоньер: киімдерім ілулі, ілгіште тұрады, есігі оның жабық болады
Сырмақ –ковровая дорожка: оюлары
қолдан тігіліп,
киізден
сырылатын
кілем.
[pic]
[pic]
[pic]
Кілем-клем: қабырғаға ілінеді
Төсек- кровать:
кеш батқан соң барлық бала
тәтті ұйқыға
жатады, дем
алады
[pic]
[pic]
Бесік- колыбель: менің кіп кішкентай інім күні бойы сонда таңулы, анам оған ән айтып тербетеді, уатады, ұйықтатады
Сандық-
сундук: онда әжемнің түрлі-
түсті матасыда
бар, әшекейлерді сақтаған
[pic]
[pic]
Шифоньер: киімдерім ілулі, ілгіште тұрады, есігі оның жабық болады
Сөре- полка: кітаптарым ретімен орналасқан оның бойына
[pic]
[pic]
Үстел-стол: тамақ ішуге арналған
«
Қазақтың ұлттық ер адамның, қыз баланың киімдері»
Мақсаты: Суретте көрсетілген киім үлгілерін атау, оларды айыра білу, топтастыруға, тапқырлыққа, шапшандыққа баулу.
Көрнекілік: ұлттық ер адам, қыз бала киімдері, хат қалта
Ойын шарты: хатқалтаға салынған үлгілер балаларға беріледі. Ер адамның және қыз баланың киімдерін атап, оларды қашан, қайда киюге болатының айтады. Ол сөздерге қатыстырып, сөйлем құрайды. Қыз бала мен ер адам киімдерін жеке-жеке топстастырады
Ұлттық ер адам киімдері- мужская национальная одежда
Ұлттық қыз бала киімдері- женская национальная одежда
Шапан-чапан
[pic]
[pic]
[pic]
[pic]
Етік – сапоги
Көйлек-платье
[pic]
[pic]
Сәукеле- саукеле
Желетке- жилет
[pic]
[pic]
Айыр қалпақ- айыр калпак
Жейде –рубашка
[pic]
[pic]
Қыз баланың етігі- женские сапожки
«Қазақтың ұлттық бас киімдері ер адамға, әйел адамдарға арналған»
Мақсаты: Ұлттық бас киім түрлерінің атын білу, оларды айыра білу, оларды қашан, қайда, қай кезде киетінің білу, жеке-жеке топтастыру, тапқырлыққа, шапшандыққа баулу.
Көрнекілік: ұлттық бас киім үлгілерінің карточкалары.
Ойын шарты: балаларға бас киімдердің аттарын атай білу, оларды айырып топтастыру, қай мезгілге немесе қайда киетінің білу, айту. Ол сөздерге қатыстырып, сөйлем құрайды. Қыз бала мен ер адам бас киімдерін жеке-жеке топстастырады
Сәукеле-саукеле (қыз балаларға арналған бас киім)
[pic]
Ер адам бас киімдері- головной убор мужчин
[pic]
Тақия-тюбетейка (тымақтын ішінен немесе үйде, жазғы уақыттарда, қоғамдық орындарда киеді)
Тымақ-ушанка (қыс мезгілінде киеді)
[pic]
[pic]
[pic]
Айыр қалпақ-айыр калпак (наурызда, мерекелерде, театрланған қойылымдарда, жылы мезгілдерде)
Кимешек- кимешек (әжелерге арналған бас киім)
[pic]
[pic]
[pic]
Қыз баланың бөрігі- борик женский
Ер адамның бөрігі- борик мужской
[pic]
Әйел адамдарға арналған бас киімдері- головной убор для женщи
[pic]
Орамал- платок
«Ұлттық қазақ қыз баласының бұйымдары»
Мақсаты: Суретте көрсетілген зергерлік бұйымдардың аттарын атауды ұйрету. Әшекейлердің қолданбалы сән үлгісі екенің таныстыру. Олардың атауын біліп, топтастыра білуге
Көрнекілік: ұлттық зергерлік бұйым түрлерінің карточкалар топтамасы.
Ойын шарты: ұлттық әшекей бұйымдарының неден жасалғаның, оны кімдер жасайтының, оларға өрнектер қалай басылатынын және атауларын білу. Қолданылуын айтып беру. Қыз баланы әсемдеу.
Алқа – бусы: Мойынға тағылатын әшекей
[pic]
[pic]
[pic]
[pic]
Шашбау- украшение для косички
Қыз баланың шашына тағылады өрімнің соңына
Сырға – серьги:құлаққа тағатын әшекей
[pic]
[pic]
Білезік- браслет. Қолға тағылатын әшекей бұйым
Белбеу- пояс: белге тағатын бұйым
[pic]
[pic]
Сақина- кольцо: саусаққа тағатын әшекей
«Ұлттық аспаптар»
Мақсаты: Ұлттық аспаптарымыздың атауларын білуге, оларды айыра білу, ұлттық құндылықтарымыз туралы білімдерін көтеру.
Көрнекілік: ұлттық аспаптардың түрлері (аса таяқ, сыбызғы, шаң қобыз, домбыра, қобыз, жетіген)
Ойын шарты: балаларға аспаптардың аттарын атай білу, оларды айырып топтастыру. Ол сөздерге қатыстырып, сөйлем құрайды.
Шанқобыз- ауызбен, үрлеп ойнайды [pic]
[pic]
[pic]
Сыбызғы- үрмелі аспап
Жетіген- жеті ішектен тұрады, саусақ басымен ойнайды
[pic]
[pic]
Аса таяқ- жерге соғып немесе қолда сермеп ойнайды
Қобыз- ішекті аспап, арнайы таяғымен сызып ойнайды
[pic]
[pic]
Шың – ертеден келе жатқан қазақтың музыкалық аспабы. Бұл аспап даңғара, дауылпаз сияқты ұрмалы аспаптардың қатарына жатады.
«Жауынгерлердің қару жарақтары мен сауыт-саймандары»
Мақсаты: Балаларды ұлттық патриоттық сезімге баулу, қару жарақтар мен сауыт-саймандар жайлы білімдерін бекіту
Көрнекілік: үлгілер көрсетілген карточкалар топтамасы.
Ойын шарты: 1. Қазақ халқы жауынгерлікте денесін оқтан қорғау үшін киген киімі қалай аталады жалпы атауы, жеке-жеке атауы.2. Қазақ хандары дауды қалай тоқтатқан, нені қолданған.3. Шайқаста қандай қару- жарақтарын қолданған. Карточка топтамаларынан аттарын атап үш бөлікке бөліп топтастыру.
Қазақ халқы жауынгерлікте денесін оқтан қорғау үшін сауыт киіп, қолына қалқан ұстаған, басына дулыға киген
Қазақ хандары билік айтқанда, дауды тоқтатқанда шоқпарын нық ұстап, тік қойған, ақылмен шоқпардың күшімен шешкен
Шайқаста : садақ жебесімен, найза, айбалта, қылыш қынабымен қолданған
ШОҚПАР- дубинка [pic]
[pic]
[pic]
САУЫТ- кальчуга: оқтан қорғау үшін
ДУЛЫҒА- шлем: басын қорғау үшін киген
[pic]
[pic]
НАЙЗА- копье
САДАҚ ЖӘНЕ ОҚ- лук и стрела
[pic]
[pic]
АЙБАЛТА-секира
ҚЫЛЫШ қынабымен- сабля и ножны
[pic]
Жауынгер
[pic]
ҚАЛҚАН- шит: қорғану үшін қолға ұстаған
«Егіншілікке- ауыл шаруашылыққа
қажетті құрал- саймандарды ата»
Мақсаты: Шаруашылыққа қажетті құралдардың атын білу, олардың қолданылуы мен пайдасын түсініп білу, талаптылыққа, еңбекке, алғырлыққа баулу. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорларын молайту.
Көрнекіліктер: хат қалта, еңбек құралдар топтамасы, дидактикалық ойын шартына арналған карточкалар.
Ойын шарты: балаларға құрал-саймандардың атауын айту, олардың пайдасы, қолдану әдісі, іс-қимылмен олармен жұмыс істеу шараларын келтіру не істеп жатқандарын баяндап айту. Егіншілікке, шөп шабуға арналған құралдарды жеке топтастыру, ағаш кесуге, шабуға, жекелеуге, оны жұлуға арналған құралдарды жеке топтастыру
Ағаш кесуге, шабуға, шегелеуге, шеге жұлуға арналған құралдарды топтастыру
2. Жер қазуға, шөп оруға арналған құралдарды бір бөлек топтастыру)
ағаш жаруға [pic]
[pic]
[pic]
Айыр- вилы:шөпті жинауға арналған
Ара- пила: ағаш кесуге арналған
[pic]
[pic]
Шалға – коса: шөпті шабуға арналған
Қайла- кирка: қатты жерді қайламен қазады
[pic]
[pic]
Күрек- лопата: жер қазуға, тегістеуге
Атауыз- клещи: шеге жұлуға
[pic]
[pic]
Балға- молоток: шеге қағуға
«Жеті қазынаны ата»
Мақсаты: Балаларға қазақ халқының салт-дәстүрін үйрету, қазақтың пір тұтатын жеті байлығын танып білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: жеті қазына бейнеленген карточкалар топтамасы және сәйкес емес бейнелі карточкалар.
Ойын шарты: балаларға қазақ халқының жеті қазынасын ретімен атай білу және орналастыру, артық бейнелі карточкаларды айырып алып тастау. Әңгімелеу . сөздік қорларын молайту.
Жеті қазына- семь сокровищ (1. Ер жігіт, 2. Сұлу әйел, 3. Білім, 4. Жүйрік ат, 5. Қыран бүркіт, 6. Мылтық, 7. Құмай тазы)
«Табиғат берген жеті ырыс»
Мақсаты: Балаларға қазақ халқының киелі саны жеті санына байланысты ұғымдарды білуге, табиғат берген жеті ырысты танып білуге үйрету.
Көрнекілік: магнит тақтасы, жеті табиғат ырысы бейнеленген карточкалар топтамасы.
Ойын шарты: балаларға табиғат берген жеті ырысты атап көрсетуге, олардың адамға берер пайдасы жайлы сөз ету, құндылықтарын білу. Карточкаларды топтастыру.Артығын алып тастау.
Табиғат берген жеті ырыс- Семь даров природы (1. Күн, 2. Ай, 3. От, 4. Су, 5. Жер, 6. Аспан, 7. Ит )
«Аспан әлеміне саяхат»
Мақсаты: Балаларға өздерінің жұлдыздарын танып білуге ұйрету, жұлдызнама кестесімен таныстыру. Қазақ халқының киелі жеті санына байланысты жеті қарақшы жұлдызымен таныстыру, әрі оған ұқсас атауы басқа темір қазық жұлдызымен таныстыру, білімдерін бекіту.
Көрнекілік: Жұлдыз нама кестесі, мольберт, таяқша.
Ойын шарты: Балалар өздерінің қай жылы, қай айда туғандарын айтып, қай жұлдызға жататындарын айтып көрсетеді жұлдыздар кестесінен. Ожауға ұқсас екі жұлдыз бірі үлкен, бірі кіші қалай аталатының айтып олар неше жұлдыздан тұратынын айтады.
Таразы-весы
Жұлдызнама
Звездный гороскоп
[pic]
Су құйғыш- водолей
[pic]
Шаян- скорпион
[pic]
[pic]
Тоқты- овен
[pic]
Бикеш- дева
[pic]
Егіздер- близнецы
[pic]
Тау ешкі- козерог
[pic]
Үлкені жеті қарақшы және кішісі темір қазық
Большая и малая медведица
«Ұлттық ыдыс аяқ турлері»
Мақсаты: Ұлттық ыдыстардың аттарын атай , оларды толықтыруға қажетті құралдарды тапқызу, ыдыстардың жалпы және жеке атауларын меңгерту, ұлттық құндылықтарымыз туралы білімдерін көтеру.
Көрнекілік: ұлттық ыдыстар түрлері (келі, келсап, күбі, піспек, торсық, шәйнек, қазан-ошақ)
Ойын шарты: ыдыстардың аттарын атай отырып, ажыратып толықтыру. Оларда қандай тағамдар дайындалатының және сақталатындығы туралы әңгімелеп. Олар неден жасалған екендігі туралы айтқызу.
Қысқаша мағлұмат: Келімен бидай түйіп, келсаппен бидайды қауызынан айырып талқан дайындайды, күбімен бие сүтін құйып піспекпен пісіп қымыз әзірлейді, қаймақ шайқап май әзірлейді. Торсыққа қымыз, айран толтырып жолға, сапарға шыққанда аттын қанжығасына байлап алады, онда сут өнімі салқын күйде сақталады, шөлдегенде сусын қандырады
Келі, келсап: бидайды, арпаны қауызынан айыруға арналған ыдыс
Жасалғаны: ағаштан
[pic]
[pic]
Торсық: қымыз, айран, сүт құйуға арналған ыдыс
Жасалғаны : теріден
Күбі, піспек: қымызды, сүтті құйып шайқауға арналған ыдыс
Жасалғаны: ағаштан
[pic]
[pic]
Ақ құман: Шай дәмдеуіш ыдыс
Кесе: шай құюға арналған ыдыс
Жасалғаны: керамикадан
1.Шара: қымыз, сут құюға арналған ыдыс
2.Саптыаяқ (Ожау): қымызды сапыруға арналған ыдыс
3.Тостаған: Қонаққа дастархан басында ожаумен
сапырып, дәмдеп тостағанға құйып
ұсынады
Жасалғаны : ағаштан
[pic]
[pic]
Қазан-ошақ: ет тағамдарын, бауырсақ пісіруге арналған ыдыс. Далада от жағу арқылы қолданады.
Жасалғаны: шойын темірден
«Сауленің дастарханы»
Мақсаты: Ұлттық тағамдарымыздың атауларын білуге, дастархан мәзірін жасай алуға үйрету, ұлттық құндылықтарымыз туралы білімдерін көтеру.
Көрнекілік: ұлттық шаңырақта жасалған дастархан мәзірі, ет, сут, ұн тағамдарының түрлері, Сәуле қуыршақ, ұлттық ыдыстар, дөнгелек үстел, дастархан, ши талшықтары.
Ойын шарты: Сауленің қонақтарға арналған дастарханы.
Сәуле қонақтарға қандай тағамдар әзірледі?
Сәуле қонаққа неше адам шақырды?
Тосыннан екі қонақ келсе, оларға арнап не нәрсе қою керек?
Ши талшықтарымен есептеп шығу керек.
Бауырсақ- бауырсак.
Национальный продукт приготовленный из муки
[pic]
Қуыршақ Сауленің қонақтарға әзірлеген дастарханы.
Дастархан куклы Сауле с угощениями
[pic]
[pic]
Шелпек- лепешка
Национальный продукт приготовленный из муки
Қурт- курт национальный
молочный продукт
[pic]
[pic]
Ірімшік-творог национальный
молочный продукт
Бесбармақ- бесбармак
национальное блюдо из мяса и теста
[pic]
[pic]
Тостаған- тостаган. Национальная посуда
Дөнгелек үстел- круглый стол
[pic]
[pic]
Дастархан-скатерть
«Сүт тағамдары»
Мақсаты: Балаларға сүт өнімдері туралы ақпарат беріп қадірлеуге тәрбиелеу. Сүт өнімдерін құрметтеуге үйрету.
Көрнекілік: Сүт өнімдерін суреттегі көрсетілген карточкалар бойынша топтастыру.
Ойын шарты: Сүт тағамдарын атау, олар қайдан алынады, оларды жеке-жеке топтастырып айту
Сүзбе-творог Сүзбенi [link]
әзiрлейдi. Ол үшiн айранды кенептi қапшыққа құяды
да, одан ағызады. Қалған қою масса сүзбе болып табылады.
[pic]
[pic]
Қымыз-кумыс.
Бие сүтінен жасалатын қышқыл диеталық сусын.
Ірімшік (сыр)—
сүтті арнайы өңдеуден өткізу арқылы алынатын неғұрлым сіңімді тағамдық өнімдерінің бірі.
[pic]
[pic]
[pic]
Сүт-молоко. Сапасы мен дәмі оның майлылығымен анықталады. Майы көп болған сайын, оның дәмі де жақсы болып, құнарлылығы да артады.
Құрт-курт.
Сүтті ашытып, сосын ұзақ уақыт араластырып, сұйықтықтың айтарлықтай бөлігі қайнап суалғанша қайнату арқылы жасалады.
[pic]
[pic]
Май —масло: организмге қуат беретін астың жұғымы.
«Ұн тағамдары қайдан алынады?»
Мақсаты: Балаларға нанның жасалу жолын түсіндіру, нан жасауға қатысатын адамдар еңбегін бағалау, қадірлуеге тәрбиелеу. Нанды құрметтеуге үйрету.
Көрнекілік: Ұн өнімдерін суреттегі көрсетілген карточкалар бойынша топтастыру.
Ойын шарты: Ұн тағамдарын атау, олар қайдан алынады, шикі өнімдерден піскен өнімдерді айырып жинақтау, қайсысы қазанда майға қуырылады, ал қайсысы табада дайындалады туралы айтқыздырту.
Қайсысы пеште піседі? Ал қайсысы суға піседі, немесе бұқтырылатыны жайлы, оларды жеке-жеке топтастырып айту
Бауырсақ- бауырсак: Майға қуырып қазанда пісіреді [pic]
Ұлттық дастарханның жайлыуы
Убранство национального стола
[pic]
[pic]
Чак-чак: Майға жүқалап кеспеленіп туралып қуырып қазанда пісіреді, сонынан бал, мейіз қосады
Таба нан-лепешка: ыстық пеште пісіреді
[pic]
[pic]
Шелпек: Майға қуырып қазанда пісіреді
Ұн- мука: Бидайды диірменнен өткізіп ұн алынады
[pic]
[pic]
Жайма нан-бесбармачное тесто: жүқағып илеп сорпаға бұқтырып пісіреді
Жұқа кеспе-лапша: жіңішкеғып турап сорпаға бұқтырып пісіреді
[pic]
[pic]
Қалын кеспе –макарон: сорпаға бұқтырып пісіреді
«Ет тағамдары (қазы-қарта, жал-жая....)»
Мақсаты: Балаларға ұлттық ет тағамдарының жалпы және жеке атауын ажыратып айта білуге үйрету. Қазақы бесбармақ тамағының дайындалуы, қонақ күту туралы ұғымдарын қалыптастыру.
Көрнекілік: дастархан, оған қажетті заттар және тағам түрлері
Ойын шарты: балаларға ет тағамдарын жинақтап, топтастырып, табақ тарту жасауға үйрету. Атауларын атау, дайындалу жолын айтқызу. Карточкаларды топтастырады.
[pic]
[pic]
Жілік: еті мол, бесбармақ жасағанда қазанға салады,жіліктін майы пайдалы
Қазы: жылқының қос қабырғасын шекке салып тұздап дайындалатынтағам
[pic]
[pic]
Жал-жая деп жамбастың кесек етін айтады, өте дәмді болады
Қарта: тоқ ішектен айналдырып дәмдеп жасалынады
[pic]
[pic]
Бас : сыйлы қонаққа арнап асылады. Шеке деп те атайды
«Жабайы аңдарды, үй жануарларынан айырып
ата және орналастыр»
Мақсаты: Балалардың көрген суреттерді есте сақтап, көз алдарына елестете отырып, әрқайсысын ретімен атап шығуға, логикалық ойлау арқылы ерекше қасиеттерін, аттарын атай білуге. Жалпы мағлұмат беруге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: үй жануарларының, жабайы аңдардың бейнелі суреттері, теледидар, слайдттар.
Ойын шарты: Әр түрлі суреттерді теледидардан көрсетіп шығарады. Бірінші суреттен үй жануарларын көрсетеді, екінші суреттен жабайы аңдарды атайды, олардың қорегін, мекенің, алынатын өнімдерді, төлін атайды, дауысын, қимылын салады.Жалпы және жеке ұғымдарды бекіту, оларға қамқоршы болу үшін не істейтіндерін сұралады.
Атауы:ешкі, пірі-«Шопан ата»
Төлі : лақ
Дауысы: манырайды
Мекені: отты жер ,
қорада,
сулы жайылымдарда,
отармен
шопан бағады
Қорегі: жем, шоп, су
Алынатын өнім: сүт,ет
Шикі зат, өнім:
түбітінен шұлық,
кеудеше, бас киім
тоқиды, терісінен
тұрмыстық заттар
жасайды
[pic]
[pic]
Атауы : аю
Баласы: қонжық
Қорегі: бал, шөп, су
Ерекше қасиеті: қыс бойы ұйқыда жатады,
май табаның сорып, аштыққа шыдайды
Мекені: орман, апаң
Атауы:мысық
Төлі: марғау
Дауысы: мияулайды
Мекені: үй
Қорегі: ет, сүт
Пайдасы: тышқан аулайды
Ерекше қасиеті:адамның
ауырған жеріне жатса, қақсағаның
басады, тзалықты сүйеді,
беті қолын жалап үнемі жуады
[pic]
[pic]
Атауы: арыстан Қорегі: аң аулап жейді, ет
Ерекше қасиеті: аңдардың патшасы,алып күш иесі , дауысы зор, ақырып, ырылдайды Мекені: орман, таулы аймақ, үңгір
Атауы: ит
Төлі: күшік
Дауысы: үреді
Мекені: үйшік, аула
Қорегі: су, ас қалдығы, ет
Пайдалы өнім: терісі, жүні, майы
Шикі зат, өнім: тұрмыстық заттар:
аяқ киімдер, тондар,жүнінен шұлық,
кеудеше,белдік. Майынан
сабын дайындайды
Ерекше қасиеті: адамға дос,
адамның үйін қорғайды, алынатын
өнімдерінің емдік қасиеті бар
[pic]
[pic]
Атауы: қасқыр Баласы: бөлтірік Қорегі: жемтік, ет Ерекше қасиеті: өтін емге пайдаланады,
балаға ит тигене шомылдырады, терісі құнды Мекені: орман, үңгір
«Үй жануарлары. Төрт түлік малдың атын ата, төлдерін тауып қос, алынатын өнімді тауып қой»
Мақсаты: Балаларды үй жануарларын, төлдерін атауға, олар туралы жалпы мағлұматтарды
толық баяндауға, оларға қамқоршы болуға үйрету.
Көрнекіліктер: төрт-түлік макеті, төлдерінің макеті, суретті үлгілер
Ойын шарты: төрт-түлік макеті қойылып, балалардың қолына төлдері беріледі, төлін тауып қою, аттарын атау, дауысын салу, төрт-түліктің пірін атау. Төрт-түліктің алынатын өнімді
тауып қою, өнім салынған суретті каточкаларды пайдаланып. Олардың ерекше қасиетін атау, оларды қалай шақырамыз, олар қалай дауыстайды, қалай қимылдайды жалпы үй жануарлары туралы барлық мағлұматтарды айтқызу.Үй жануарлары туралы жұмбақ шешу, мақал-мәтел,
өлеңдер оқу.
Түйені шақыру: «аухау-аухау» Төлі: бота
Дауысы: түйе ақырады, күйсейді
Атауы: түйе, пірі-«Ойсыл қара»
Мекені: шөлді дала, қорада
Қорегі: шонышқа, су, тікен шоп
Алынатын өнім: етін жейді,
шұбаты сусын ішеді
Шикі зат, өнім: жүнінен, терісінен
тұрмыстық бұйымдар, заттар дайындайды
Ерекше қасиеті: шөлге төзімді,
екі өркешіндегі май шөлден,
ыстықтан сақтайды
[pic]
[pic]
Жылқыны шақыру:
«қырау-қырау»
Төлі: құлын
Дауысы: кісінейді
Атауы: пірі-«Ойсыл қара»
Мекені: отты жер , қорада,
сулы аймақты мекендейді
Қорегі: жем, бидай, арпа,
сұлы, көк шоп, ұйірмен
жайылады,
жылқышы бағады
Алынатын өнім: ет оның ішінде
ұлттық тағам: қазы –қарта, жал-жая,
шұжық, қымыз, саумалы сусының ішеді
Шикі зат, өнім: жалынан,
қылынан- арқан еседі, жүген өреді,
бас жіп есет, жүнінен, терісінен
тұрмыстық бұйымдар, заттар дайындайды
Ерекше қасиеті: мінсе-көлік, оған арба,
шана, пәуеске жеге алады
салтанатты меркелерге, өте
жүйрік сәйгүліктік, өңерлі шабандоз.
Сиырды шақыру:
«әукім-әукім»
Төлі : бұзау
Дауысы: мөнірейді
Атауы:сиыр, пірі-
«Зеңгі баба»
Мекені: отты жер , қорада, сулы жайылымдарда, табынмен
бақташы бағады
Қорегі: жем, шоп, су
Алынатын өнім: сүт
оның ішінде ұлттық өнімдер:
айран, құрт, сүзбе. Ет тағамдары
Шикі зат, өнім: терісінен
ұлттық ыдыс аяқтар- күбі, мәсі.
Бұйымдар: тон, аяқ киімдер, қоржын.
Тұрмыстық заттар: ат әбзелдері теріден,
қайыстан: жүген, тартпа, тоқым.
[pic]
[pic]
Қойды шақыру:
«пүшәйт-пүшәйт»
Төлі: қозы
Дауысы: маңырайды
Атауы:қой, пірі-«Шопан ата»
Мекені: отты жер , қорада,
сулы жайылымдарда, отармен бақташы
бағады
Қорегі: жем, шоп, су
Алынатын өнім: Етін жейді
Шикі зат, өнім: жүнінен тоқыма
бұйымдарын
жасайды: шұлық кеудеше,
бас киім.
Тұрмыстық бұйымдар: көрпе
тігеді жүнінен
«Қазақстанда мекендейтін үй құстарын дала құстарынан айыр және орналастыр, олардың мекенін атап, ерекше қасиеттерін тап.»
Мақсаты: Балаларды суреттегі көрген заттарының аттарын атап, олардың қайда өмір сүретінін, қандай ерекше қасиеттерін білетіндерін сұрау. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорларын молайту.
Көрнекіліктер: дидактикалық ойын шартына арналған карточкалар, бейне слайдттар.
Ойын шарты: Құстардың суреттері бейнеленген әр түрлі құстарды көрсету. Оларды құрастыру, қайда мекендейді, немен қоректенеді, қандай ерекше қасиеттері бар екенін сұрау. Балалардың сөздік қорына жаңа сөздерді еңгізу үшін, тапсырманы түрлендіруге болады. Олар туралы балалардың білетін өлендері, жұмбақтары жайлы сұрау, айтқызу.
Атауы: қаз Қорегі: бидай, тары, көк шөп жейді
Дауысы : «қанқ-қанқ»-деп қанқылдайды Мекені:суды жақсы көреді, суда және құрғақта жүреді
[pic]
[pic]
Атауы : үкі
Қорегі: тышқан т.б. ұсақ жәндіктерді аулап жейді
Даусы: үкілейді Мекені: ағашты мекендейді
Атауы: қарға
Қорегі: жем, жемтік, су
Мекені: тұрғылықты жерді, орманды, тоғайды мекендейді Дауысы: «қар-қар» -деп қарқылдайды
[pic]
[pic]
Атауы : тауық
Қорегі: бидай, тары жейді
Мекені: үй құсы Дауысы: «құт-құт» -деп құтқылдайды
Пайдасы::еті, жұмыртқа тағам ретінде
«Қазақстанда мекендейтін -үй құстарын дала құстарынан айыр және орналастыр, олардың мекенін атап, ерекше қасиеттерін тап.»
Мақсаты: Балаларды суреттегі көрген заттарының аттарын атап, олардың қайда өмір сүретінін, қандай ерекше қасиеттерін білетіндерін сұрау. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорларын молайту.
Көрнекіліктер: дидактикалық ойын шартына арналған карточкалар, бейне слайдттар.
Ойын шарты: Құстардың суреттері бейнеленген әр түрлі құстарды көрсету. Оларды құрастыру, қайда мекендейді, немен қоректенеді, қандай ерекше қасиеттері бар екенін сұрау. Балалардың сөздік қорына жаңа сөздерді еңгізу үшін, тапсырманы түрлендіруге болады. Олар туралы балалардың білетін өлендері, жұмбақтары жайлы сұрау, айтқызу.
Атауы: күркетауық Қорегі: бидай, тары, көк шөп жейді Даусы : «құр-құр»- деп дауыстайды Мекені:құрғақта жүреді,үй құсы Ерекше қасиеті: әдемі құс, қызғылт түстерге шабуылдайы
[pic]
[pic]
Атауы : қарлығаш
Қорегі: дәнді дақыл, су
Мекені: орман, тоғайда ағашта мекендейді
Атауы: торғай
Қорегі: дәнді дақыл, су, ұсақ жәндіктерді Мекені: ағашқа ұя салады тұрғылықты жерді, орманды, тоғайды мекендейді Дауысы: «шиқ-шиқ» -деп шиқылдайды
[pic]
[pic]
Атауы : үйрек
Қорегі: бидай, тары , дәнді дақылдар
жейді, көк шөппен қоректенеді
Пайдасы::еті, жұмыртқа тағам ретінде
Мекені: үй құсы, суды жақсы көреді Дауысы: «бақ-бақ» -деп дауыстайды
Атауы : қаз
Қорегі: бидай, тары , дәнді дақылдар
жейді, көк шөппен қоректенеді
Пайдасы::еті, жұмыртқа тағам ретінде
Мекені: үй құсы Дауысы: «қанқ-қанқ» -деп қанқылдайды
[pic]
[pic]
Атауы: үкі
Қорегі: дәнді дақыл, су, ұсақ жәндіктерді Мекені: ағашқа ұя салады тұрғылықты жерді, орманды, тоғайды мекендейді
Дауысы: «ку-ку» -деп үкілдейді
«Қазақстанда қызыл кітапқа еңген құстарды ата және артығын тап»
Мақсаты: Балаларға суреттерге қарап, оларды топтастыруға ұйрету. Қызыл кітапқа еңген құстарды атау, ерекше қасиеттерін білу. Іс – қимыл әрекетін келтіру. Қайсысы артық екенің табу. Көрген заттарының аттарын атап, олардың қайда өмір сүретінін, қандай ерекше қасиеттерін білетіндерін сұрау. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорларын молайту.
Көрнекіліктер: дидактикалық ойын шартына арналған карточкалар, бейнелі слайдттар, теледидар, альбомдар.
Ойын шарты: Құстардың атын атау, қызыл кітапқа еңген құстарды бөлек орналастыру, олардың қандай ерекше қасиеттері бар екенін сұрау.Берілген дала құстары мен қызыл кітапқа еңген құстан өзге жеке дара не бар. Неліктен артық екенің түсіндіру, айырмашылығын айту, жеке және жалпы ұгым туралы түсініктерін бекіту.
Атауы:бүркіт Ерекше қасиеті: жыртқыш құс
Мекені: тауда, үңгірді мекендейді,аңшылар оны баптап аң аулауға алып шығады
Қорегі: ет
Дауысы: «қиқ-қиқ»-деп қиқулап шығады
[pic]
[pic]
Атауы:аққу
Ерекше қасиеті: бақыт құсы
Мекені: көлді мекендейді
Қорегі: сумен, көл жағасындағы көк шөппен, дәнді дақылдармен
Дауысы: «қиқу-қиқу»-деп қиқулдайды
Атауы: көгершін
Ерекше қасиеті: бейбітшілік белгісі
Мекені: кең даланы, ауыл, қаланы мекендейді
Қорегі: дәнді дақылдармен қоректенеді
Дауысы: «гур-гур»-деп гуілдейді
[pic]
[pic]
Атауы : тауық Қорегі: бидай, тары жейді
Пайдасы::еті, жұмыртқа тағам Мекені: үй құсы Дауысы: «құт-құт» -деп құтқылдайды
Атауы:тырна
Ерекше қасиеті:
Мекені: көлді мекендейді
Қорегі: сумен, көл жағасындағы көк шөппен, дәнді дақылдармен
Дауысы: «қиқу-қиқу»-деп қиқулдайды
[pic]
[pic]
Атауы:байқұтан
Ерекше қасиеті: ұзын мойынды, ұзын тұмсықты, ұзын аяқты құс
Мекені: көлді мекендейді
Қорегі: сумен, көл жағасындағы көк шөппен, дәнді дақылдармен
Дауысы: «қиқу-қиқу»-деп қиқулдайды
«Қазақ халқының салт-дәстүрі бойынша санап үйренеміз»:
ересектер тобындағы ұйымдастырушылық оқу іс-әрекеті.
[pic] Қарағанды қаласы
ҚКМК №15 «Аққу» балабақшасы
тәрбиеші: Темірғалиева Г.М.
Білім беру салалары: «Таным», «Қатынас», «Әлеуметтік орта».
Білім бөлімі: Математика
Тақырыбы: «Қазақ халқының салт-дәстүрі бойынша санап үйренеміз»
Мақсаты:
Білімділік: 7 санына байланысты реттік санауды, кері санауды, орналастыруды, көрші сандар бойынша білімдерін толықтыру, 7 санына қазақ халқында киелі сан ретінде қарауы туралы ұғым беру, ұлттық нақыштарға байланыстыра, таныстыра өтіп игерту.
Дамытушылық: Балалардың танымдылық әрекетін жетілдіру, логикалық ойын, тіл мәдениетін, ой-өрісін арттыру, психологиялық қабылдау процесін дамыту, бағдарлауын, салыстыруын, кеңістікте орналастыра білуін дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды белсенді іс-әрекет жасауға, алғыр болуға, зеректілікке, зейінділікке, өз-өзін баулуға, өз еркімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Керекті құрал-жабдықтар: магнит тақтасы, мольберт, таяқшалар.
Көрнекіліктер:кемпірқосақ үлгісі, жеті қазына, жеті ырыс, аспан әлеміндегі жұлдызнама, ұлттық тағамдар, ұлттық ыдыстар, карточкалар.
Қостілдік компонент: жеті(7)- қасиетті сан - семь (7)- одна из священных цифр; цифра семь- жеті саны; кемпірқосақ- радуга, жеті түс- семь цветов; жеті ата- семь поколений; жеті қазына- семь сокровищ; табиғат берген жеті ырыс- семь даров природы.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы.
Мотивациялық- қозғаушылық бөлімі.
Ғажайып сәт: Математик ғалым Альфараби бабаның келуі.
Шаттық шеңбері: «Біз балдырған баламыз»
Біз балдырған баламыз!
Сескенбейміз жаңбырдан,
Жаңбыр жауды
Тырс-тырс-тырс.
Қолымызда қол шатыр,
Алдымызда жол жатыр.
Жаңбыр жауып басылды,
Аспан шайдай ашылды.
Тәрбиеші: Қане балалар, бүгінгі күніміздің сәтті өтуі үшін бір-бірімізге алақан жылыуын беріп, күлкі сыйлайық!
Ұйымдастырушылық ізденушілік бөлімі.
Қонаққа Альфараби баба келеді, қолында саңдығы бар.
Мен сендерге ғажайып сандық ала келдім.
Оны ашу үшін, жұмбақ жасырамын,сандығымның сыры сонда.
Жұмбақ:
Жаңбыр жауып басылды,
Аспан шайдай ашылды.
Айналамыз жарқырап,
Сан алуан түске боялды
Неліктен деп ойлайсындар?!
Балалар: «Кемпірқосақ», себебі жаңбырдан соң аспанда кемпірқосақ
пайда болады
Альфараби баба: Жарайсындар балалар! Жауаптарына риза болдым!
Ал енді сандығымды ашайын, ішінен жібек шашайын!
Менің кемпірқосағымның қояр сауалы көп.
Тәрбиеші:
Альфараби:
Екі топпен танысу.
«Мұрагер» тобы өз ұраның айтады.
Ұраны : «Ата – баба салтын сақтап, жалғастырар мұрагеріміз мына біз!»
«Балдырған» тобы өз ұраның айтады.
Ұраны : «Біз балдырған тең басқан, дос құшағын кең ашқан»
Тәрбиеші:
Қызыл түсті тапсырмасы: (Мұрагер тобы шешеді)
Ер жігіт, 2)Сұлу әйел, 3)Білім, 4)Жұйрік ат, 5)Құмай тазы, 6)Қыран бүркіт, 7)Мылтық ( Артық карточка: жыртқыш аң 8) Арыстан)
Сары түсті тапсырма: ( Балдырған тобы шешеді)
Райымбектің жауабы:
Бала, әке, ата, үлкен ата, баба, түп ата, тек ата.
Жасыл түсті тапсырма: ( Мұрагер тобы шешеді)
Жансаяның жауабы:
Жер, су, күн, ай, от, аспан, ит.
Артық карточкалар: автокөлік, жүйрік ат.
Ақшыл көк түсті тапсырма: ( Балдырған тобы шешеді)
а) қазақ халқының музыкалық ұлттық аспаптарының неше түрі көрсетілген, санап шық, санын айт.
ә)осының ішінен жеті санының атауына байланысты қандай аспап бар тауып көрсет, аталу себебін түсіндір, жетіген аспабының пернелерін кері сана.
б) жеті бөлікті құрастыр «Жетіген» аспабы.
Шәкәрімнің жауабы:
Тақтадағы аспаптарды санап, олардың жетеу екенің айтады.
Аружанның жауабы:
Жеті санының атауына сәйкес «Жетіген» аспабын көрсетіп, аталу себебі, оның пернелері жетеу екенің айтады. Пернелерін кері санау: 7,6,5,4,3,2,1.
Д/ойын: «Жетіген» аспабының жеті бөлігін құрастыру топтық жұмыс.
(Екі топтың балалары бірігіп ойнайды)
Күлгін түсті тапсырма: ( Мұрагер тобы шешеді)
«Жеті жанды апта» ойының ойнау
а)карточкадағы сандар бойынша ретін тауып тұр, өздері жайлы айтып беру.
ә)аптаның неше күнінде балабақшаға келеміз?
б)аптаның неше күнінде демаламыз?
Балалардың жауабы: Карточкадағы сандар бойынша ретін тауып тұрады, бір адым алға басып, өздері туралы айтып шығады.
Мен Сейсенбімін
Мен Серсенбімін
Мен Бейсенбімін
Мен Жұмамын
Мен Сенбімін
Мен Жексенбімін
Балабақшаға келетін бес күнінде, әрі дем алатын екі күнінде бір адым алға басып айтып шығады
Көк түсті тапсырма: ( Балдырған тобы шешеді)
а)Балалар, Сауленің қонақтарға жайған ұлттық тағамдарын атап шығындар!
ә)Сауле қонаққа неше адам шақырды,және оңы қалай білуге болады?
б)Егер тосыннан екі адам келетін болса, неше адам болады?
в) Үстел үстіне ши талшықтарымен есептеп шығарайықшы осыны!
Еркежанның жауабы: Сәуле қонақтарға жеті түрлі тағам «шелпек, бауырсақ, құрт, жілік, қазы-қарта,жауырын» әзірледі.
Абылайдың жауабы: Сәуле қонаққа бес адам шақырды, оны кесені санау арқылы білдім.
Елдостың жауабы: Сәулеге бес қонақ келетін болса, барлығы жетеу болады.
Тәрбиеші: Балалар, ендеше ши талшықтары арқылы осы есепті жазып шығарайық.
Балалар: 5+2=7
(Балалар жұмысқа кіріседі, ши талшықтарымен сандарды жазып,
«беске» косады «екіні» және тендігін шығарады)
Сергіту сәті: «Санамақ»
Сен тұр ботақан, түйене бар!
Сен тұр құлыншақ, биене бар!
Сен тұр қошақан, қойына бар!
Сен тұр бұзауқан, сиырына бар!
Ал, сендер балалар, осында қалындар!
Қоңыр түсті тапсырма: ( Мұрагер тобы шешеді)
Тәрбиеші: Балалар, аспан әлеміне саяхаттауға қалайсындар?
Аспан әлімінде бәріміздің жұлдызымыз жарқырап жанып тұрады. Әжелеріміз, аталарымыз әрдайым «Жұлдызын жарық болсын!», -деп бата беріп жатады. Ендеше балалар, біз әрқайсымыз қай жұлдызнамадан екенімізді білеміз бе?! Олай болса жұлдыздарға шолу жасайық! Қане көрсетіп қалай аталатының айтайық.
Балалардың жауабы: (Олар саяхаттауға қуана келісіп, әрқайсысы жұлдызнамадан өзінің жұлдызын тауып атайды)
мерген, 2) суқұйғыш, 3) егіздер, 4) шаян, 5) таразы, 6)торпақ, 7)балық
Тәрбиеші: Балалар, мен сендерге жеті санының қазақ халқында киелі сан екенің айтқан болатынмын,енді соның құпия сыры ретінде сендерге «жеті қарақшы» мен «темірқазық» жұлдыздары жайлы айтып берейін.
Олар аспанда бір-біріне жақын орналасқан, бейнесі ожауға ұқсас. Ертеде бабаларымыз осы жұлдыздарға қарап, ауа райын, табиғаттағы құбылыстарды болжай алған. Олардың әрқайсысы жеті жұлдыздан құралған.
Рефлексивтік түзетушілік бөлімі.
Балалардың алған білімдерін бекіту.
Ал балалар, олай болса Альфараби бабамыз біле жүрсін, біздің балабақшамызда екі тілді бірдей меңгере алатыңымызды.
Жеті ата-семь потомков
Жеті қазына- семь сокровищ
Табиғат берген жеті ырыс- семь даров природы
Жеті киелі сан- семь цифра священная
Ал балалар, Альфараби бабамыздың батасын алып, жеті шелпекке қол жаяйық!
Альфарабидің батасы:
- «Балалар, әрқашан аспандарын ашық болсын, жұлдыздарын жарық болсын!»
Марапаттау қағазын табыс ету.
Альфараби: - Балалар, мен екі топқа да ризамын,қай қайсыларыңда сыннан мүдірмей өтіп жеңіске жеттіндер. Сондықтан мен сендерге марапаттау қағазын табыс етемін!
(Балалар алғыс айтып, көтеріңкі көңілге бөленеді.)
Тәрбиеші: Балалар, енді Альфараби бабамызды Түркістанға шығарып салайық, ол үшін біз ақ жол тілеп өзіміздің салт-дәстүріміздің ырымы ретінде жолына жеті теңге шашып, сапарына сәттілік тілейік!
(Бабаларын ұзақ сапарға шығарып салып, қоштасады)
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:жеті санына байланысты қазақ халқының қастерлеп, қасиет тұтатын мәліметтерін біледі, тура және кері санайды, есептей біледі.
Қандай түсініктерді игерді: сандардың ретік құрамы бойынша әртүрлі тәсілде түсініп, игереді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: тапсырма бойынша карточкамен жұмыс, дидактикалық ойын ережелерін меңгеріп іскерліктерін көрсете алады
[pic]
34