[link] «Қасым Аманжолов жаратылысы бөлек ақын» деп баға берген екен.
Қасымның ордабұзар шағы соғыспен тұспа-тұс келді де, майданға аттанды. Шығысты да, батысты да шарлады. Ауыр қиыншылықтарға кездесті. Ол қатардағы солдат бола жүріп, сұрапыл соғыста да өлең жазды. Ол жан серігі қаламын қолынан тастамай, жауынгерлердің ерлігін, ұлан-байтақ жеріміздің тамаша, сұлу көріністерін, адам өмірінің үлгілі, өнегелі кезеңдерін қалам ұшына тізе берді. Қасымды халқымыздың сүйікті ақыны дәрежесіне көтерген де сол кездегі жырлары.
«Ақын өлімі туралы аңызды» ақын ауырып емханады жатқанда жазған.
Асқан шеберлікті дәлелдейтін осыншама тығыз сыйымдылықты, шиыршықталған шымырлық, жұдырықтай жас түйін шығарма бұрын қазақ поэзиясында болған емес. Шығарма Ұлы Отан соғысының майданында жаудың қоршауында, қалып қойып, ерлікпен қаза тапқан Қасымның жақын досы, жас ақын Абдолла Жұмағалиев туралы.
Абдолла Жұмағалиев 1915 жылы Жымпиты ауданындағы Жосалы қонысында дүниеге келген. Алғыр да от шашқан талантымен ерте танылған ақын. Оралдың педагогикалық институтында оқып жүргенде Қасыммен танысып, өте достасып кетеді. Қасым әрдайым оны «Біздің Байрон» деп еркелетеді екен. Айнымас досы, әрі туған інісіндей болып кеткен Абдолланың қайсарлықпен қаза тапқанын Қиыр шығыста сырқаттанып, әскери емханада жатқанда естиді. Кейін ақын: «Ол сұмдық хабардың бүкіл болмысымды аударып төңкеріп кеткені сонша бірнеші түнді жан есірік күйде дөңбекшіп өткіздім. Көзімнен жасым тиылмады. Мен сол жасты көздің арасынан қиялымда оның жаумен жалғыз өзі өрт құшағында тұрып айқасқанын көрдім, қайта-қайта көрдім. Содан соң барып қалам алдым. Менің ол күйімді ұқпаған дәрігерлер дәптерімді екі-үш рет алып қойды. Соңғы рет аяқтауға жақындағанымда да алмақшы болды. Мен айбат шегіп алдырпадым. Түрімнен шошыған болар, қайтіп тимеді,»--деп жазыты естелінде.
Шығарма жанр бойынша поэма болып саналады. Поэма деп белгілі бір оқиғаны өлеңмен баяндап айтатын, жыр-толғау түрінде келетін көлемді шығарманы айтамыз. Бұл поэма небәрі 220 жол. Олай болса, кітаптарымызды ашып, поэманы оқып, талдауға кірісейік.
Оқулықпен жұмыс. Аялдап оқу әдісімен поэманы талдап, композициялық жоспарын құру.
Шығарманың басталуы: сұрапыл соғыстың суреттелуі.
Шығармашың дамуы: қаһарманның ішкі толғанысы, қаһарлы кекке, жан ашуына айналуы.
Шығарманың шарықтау шегі: жау әскерлерінің өрт қоюы.
Шығарма шешімі: Абдолла өлімі.
Топтастыру.
Поэма тақырыбы-ерлік, батырлық туралы.
Идеясы-азаматтың елге деген борышын өтеу, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігі.
Дәптермен жұмыс.
Бекіту. Венн диаграмасы
Қорытынды: Бүгінгі сабағымызды Тахауи Ахтановтың мына бір сөзімен қорытындылап өтсек «Ақынның адал, шыншыл мінезі өзімен бірге өлген жоқ, тамаша өлеңдерінде жүр» деп айтқандай Қасым өлеңдерімен бірге біздің арамызда. Міне, осынау қан майданның төрінде жаумен жанын қия айқасқан жауынгерлердің рухына бас ие отырып, сол ерлердің бүгінгі ұрпақтарына қалдырған кең байтақ, азат елін, жерін қорғау, күту-болашақ мына сіздердің қолдарыңызда. Ерлік көрсету-тек қанды майдан даласында емес, бейбіт елде де ерлік көрсетуге болады.(өмірмен байланыстыру)
Үйге тапсырма: Қасым Аманжолов «Ақын өлімі туралы аңыз» оқу талдау, үзінді жаттау.