Тақырыбы: «Тәуелсіздік шапағаты»
Мақсаты:
Еліміздің өткеніне, бүгініне, ертеңіне көз жіберіп шолу жасау. Өз еліміздің тілін, тарихын, салт – дәстүрін, әдебиетін қадір тұтып, құрметтеу. Қазақ елімізді әлем-дік деңгейге жеткізу – біздің қолымызда екенін айтып түсіндіру. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Еліне, Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі: нақыл сөздер,плакаттар,буклеттер,музыкалық жабдық
1-оқушы
Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің бүгін кенеле бер,
Мейрамың құтты болсын, тәуелсіздік!
Ғасырдың тойы болшы келе берер.
2-оқушы:
Тәуелсізбін мен бүгін,
Келді, міне азаттығым, теңдігім.
Бостандықта байлығым мен ендігім,
Шешіл енді шемен болған шерлі үнім!
3-оқушы:
Өзіңдікі -Елің де,
Өзіңдікі – Жерің де
Өзіңдікі өзің еткен Бақ- Тәуелсіздік төріңде!
4-оқушы:
Қанатыңнан қайрылып,
Қыр -арқаңнан айрылып
Қонақ-
Тәуелсіздіктен,
Қала көрме айрылып!
Мұғалім: Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген...
Ж. Молдағалиевтің осы өлең жолдары қазақ деген дана халықтың бүкіл болмысы мен өмір жолын айғақтап бергендей: ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама, 30-жылдардағы ашаршылық, 37- жылдардағы нәубет, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан Соғысы, желтоқсан көтерілісі:
Тәуелсіздіктің құны міне осындай...
Биылғы жылы Тәуелсіздік таңының арайлап атқанына 24 жыл толып отыр. Осы жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы,Ұлы Жеңіске -70 жыл,Ассамблеяға -20,Қазақстан Конституциясына-20-дығы тойланып жатыр. Армысыздар қадірлі қонақтар, ата-аналар, ұстаздар мен оқушылар!
Биыл 2015 жылы дүниені дүр сілкіндірген желтоқсан көтерілісіне 29 жыл болды.
Ал, егеменді еліміздің Тәуелсіздігін алғанына 24 жыл толған мерейлі тойына арналған «Тәуелсіздік шапағаты» атты әдеби кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
1-жүргізуші: Шарықта, шарла көкті көк байрағым,
Арманым, Азаттығым, көпке айғағым.
Мен сенің салтанатты сағатыңа
Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.
Ал самға, әлем кезіп, Әнұраным
Қалықта Елтаңбасы- шаңырағым.
Хор «Әнұран»
1-жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
2-жүргізуші
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!
1-жүргізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
2-жүргізуші:
Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, -деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші.Талай қиын-дықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туаты-нына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.
1-жүргізуші
Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз-өзінен жүрегім ән салады.
2-жүргізуші: Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сенді. Енді осы кейбір тарихи оқиғаларды еске түсіріп өтейік.
1-жүргізуші: 1723-1725 жылдар Ақтабан шұбырынды.
2- жүргізуші: 1836-1838 жылдар Ішкі Бөкей ордасындағы көтерілісі
1-жүргізуші:1837-1847 жылдар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.
2-жүргізуші: 1916 жылы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.
1-жүргізуші: 1932-1933 жылдар ашаршылық кезеңі.
2-жүргізуші: 1936-1938 жылдар репрессия кезеңі.
1-жүргізуші: 1941-1945 жылдар Ұлы Отан соғысы.
2-жүргізуші: 1986 жылы Желтоқсан оқиғасы.
1-жүргізуші: Қазақ халқын дүниежүзіне танытқан бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат Рұсқұлбеков, Ләззат Асанова, Жансая Сабитова, Ербол Сыпатаевтарды еске алып, олардың рухына тағзым ету парызымыз. 1986 жылдың желтоқсаны бүкіл ұлтымыздың жанын жаралап, жүрегіне ызғар шашып кетті, бостандық үшін өрімдей жап-жас қыз-жігіттер құрбан болды. Біз әрдайым Қайраттың от жүрек үніне, қыздардың намысын қорғаған ерлігіне, күнәсіз күйіп кеткен келбетіне бас иеміз.
1-жүргізуші: Озбырлық күшпен тұншығып,
Үміттің оты өшкен күн.
Жанына таппай бір шындық,
Ер Қайрат қыршын кеткен күн.
Қайғы езіп, елдің еңсесін
Жаншыды-ау жанын батпан күн!
оқушы:
Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира
Құрбаны болған жаланың
Ал қоғамның адамнан бар ма асылы,
Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,
Бұғаудағы боздақтары кете барды
Бірі атылып, ал бірі дарға асылып
Ән: «Желтоқсан желі»
2-жүргізуші: «Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқа-сында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүниежүзіне танылды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе-тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
Ән: «Атамекен»
2- жүргізуші:
Қазақстан республикасы – біздің туып өскен жеріміз, біздің Отанымыз. Бұл жерде қазақ халқы ертеден тұрып келеді. Қазақтар мал өсіріп, жер игеріп, өз Отанын жаудан қорғаған, жерін болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған, яғни біз үшін.
1-оқушы
Мерекең құтты болсын егемен ел,
Терезең барлық елмен тең ерен ел.
Бабалар мәңгі бақи арман еткен,
Теңдікті бостандықты иеленгендер
2-оқушы:
Бостандық құтты болсын ерікті ел
Айдын көл, көк майсалы, көрікті жер
Бостандықты аңсаған батырлардың
Әруағына бас ұрып, тәу еткен жер.
3-оқушы:
Егемен елімнің ертеңі деп,
Елбасы баға берді жастарыма
Оқу оқы білім ал, елің үшін
Еңбек ет тыным таппай, жан ая ма
4- оқушы:
Халқымның мақтанышы – алып тұлға,
Әлемнің назары ауды Ақ ордаға
Бәйтерек – көкке қолын созып тұрған,
Ұқсайды менің асқақ арманыма.
5-оқушы:
Ел болдық егеменді, теңдік алып,
Бар әлем қазақ елін болды танып.
Қайнауы кенге толы Қазақ елі,
Жыл сайын келеді өсіп қанат жайып
Ән «Жаса қазақстан»
ІІ- жүргізуші
Бүгін әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздер бар. Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба, Әнұран. Бұл халық бірлігінің белгілері. Қазақстан Республикасының да өз рәміздері бар. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әрбір азаматтың міндеті.
6-оқушы:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Бұл түс – ашық аспанның. Тыныштықтың белгісін көрсетеді. Тудың ортасындағы алтын күн – баршаға ортақ, бәріне нұрын шашып сәулесін төгеді.
7- оқушы:
Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік атаулыға ортақ. Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтеріп ұшып бара жатқанақиық қыран құс – ерлік белгісі. Матанаң сол жағында қызыл түсті ою - өрнегі бар тік жолақ орналасқан, бұл қазақ елінің ұлттық әшекейі. Алтын күн. Қыран және ою - өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен бай – берекесі, тыныштықпен байлықтың белгісі.
8-оқушы:
Желбірейді шалықтап
Қазақстан жалауы
Көкте қыран қалықтап,
Қанат қағып барады
9- оқушы:
Көк аспанда нұрлы күн
Күлімдейді далама
Бақыт тілеп тұр бүгін
Ол барлық пәк балаға
10- оқушы:
Ұлттық өрнек мұрамыз
Адастырмас мұраттай
Нық көтеріп тұрамыз
Жалауды біз құлатпай!
11-оқушы:
Бұлт баспасын күнімді
Тарылмасын өрісім.
Биік ұстау Туымды-
Қасиетті борышым
Ән: «Қазақстан»
І-жүргізуші:
Қазақстан республикасының мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Жарық жұлдыз – Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғанын бейнелейді.
ІІ-жүргізуші:
Қанатты тұлпардың баламалық мәні қазақтың аңыз ертегісінен алынған. Аңыз бойынша қанатты тұлпарға мінген алып батыр алты қанат аспанға ұшып, жеті қат жер астына түсіп халықты қасіреттерден азат еткен , еліміздің азаттығымен жеңімпаздығының белгісі. Бидай сабақтары тоқшылықты, молшылықты білдіреді. Ал төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу еліміздің ежелден әлемге танымал екендігін көрсетеді.
11- оқушы
Бейнелеп сан ғасырды
Елтаңбасы елімнің
Таратады хас үлгі
Киесіндей жерімнің
12- оқушы:
Бабам тұлпар жаратты
Құлынын да танып – ақ
Тұлпар барда қанатты,
Шайқалмайды шаңырақ
13- оқушы:
Тәуелсіздік көркі ол да,
Өркениет өрінде
Нұр төгеді елтаңба
Ақ Орданың төрінде
14- оқушы
Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға,
Жасы тұрмақ, шығады екен қарты аңға
Қалай оның елтаңбасы болмайды
Түлегіне дейін салса ен – таңба ?!
15 - оқушы
Енді бүгін өлген туым тірілді
Әнұраным жалғап алды ғұмырды
Босағада қалып келген Елтаңбам,
Баяғыша төріме кеп ілінді.
Ән: «Ерейментауым»
16- оқушы
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан - елім менің!
17- оқушы
Егеменді ерікті ел екенбіз,
Жылдан - жылға кіргендей берекеміз.
Тәуелсіздік таңы атқалы жиырма төрт жыл -
Халайық құтты болсын мерекеміз!
18- оқушы
Тербетіп тұрса болды жер - бесігім,
Дәулеттің тілеймін мен көл - көсірін.
Көз тимей, кірбің түспей қабағына
Жалғыз - ақ,
Құтты болғай енді осы күн!
Ұлы дархан, Ұлы елім!
19- оқушы
Ел болдық ерік алдық астаналы
Енді кімнен қазағым жасқанады?
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
Нұрсұлтанның атымен басталады.
20- оқушы
Жаралдық молшылықтан толы ағыстан
Жолың бар жақсылықты қалап ұшқан
Ғасырдың биігіне шықтың ту боп,
Көркейген елім менің – Қазақстан!
Ән: «Қазақ жастары»
Мұғалім:
Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,
Көк туымды қалайша құлатармын.
Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,
Бәріміз баласындай бір атаның.
Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,
Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.
Халқымның ахуалы дұрыс болсын.
Еліміз әрқашанда тыныш болсын! – дей отырып, ашық тәрбие сабағымызды
қорытындылаймыз!