Күні:
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта, қатынас, шығармашылық.
Бөлімдері: Айналаны қоршаған орта, бейнелеу өнері
Тақырыбы: Ғарыш әлеміне саяхат!
Мақсаты:1.Білімділігі: Балаларға ғарыш әлемі жайында түсініктер беру;
2.Дамытушылық: Балалардың шығармашылық
ойлауын, қиялын дамыту; Сөздік қорын молайту, тілдерін дамыту;
3.Тәрбиелік: Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің еңбегі мен ерлігін ұштастыра отырып, балаларға Отанымызды қорғай білуге сүйіспеншіліктерін, патриоттық сезімін оятуға тәрбиелеу;
Көрнекіліктер: Ғарыш әлемі және скафандр киген ғарышкерлер, фотосуреттер, көгілдір түсті альбом беті, ақ бояу, мақта оралған таяқша бала басына, салфеткалар.
Әдіс-тәсілдер: Мотивация, Слайд, «Ғарыш әлеміне саяхат», сұрақ жауап, Дидактикалық ойын: «Сөз ойла, тез ойла».
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сурет салу әдістері.
Алдын ала өткізілген жұмыс: тақпақ жаттау «Байқоңыр!»
Сөздік жұмысы: ғарыш айлағы, скафандр, жер серігі.
Шаттық шеңбері -Балалар, бүгінгі күнді мына өлең шумағымен бастаймыз.
Армысың аспан ата
Армысың жер ана
Армысың мейірімді күн
Қуан, шаттан, алақай!!!
Ұйымдастыру кезеңдері
-Балалар, бүгін аптаның қай күні?
-Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Біз сендермен ғарыш әлеміне саяхат жасаймыз.
-Балалар, денемізді түзу ұстап әдемілеп отырамыз, көңілімізді мына экранға бөлейміз.
-Ғарыш әлеміне саяхат. Слайд көрсету.
-Ал, енді, балалар жаңа экранда көрген фотосуреттерге қарап, әңгіме құрайық.
-Ал, енді, балалар қазір біз сендермен ғарыш әлеміне сапар шеккелі дайын тұрмыз. Ғарышқа бөгетсіз жету үшін, мына сұрақтарға жауап беріңдер.
-Кім ғарышкер, Байқоңыр туралы тақпақ айтады?
-Мақал-мәтелдерді кім айтады?
-Балалар, көзімізді жұмып, бәріміз өзімізді ғарышкер сезінейік. Бөгетсіз ғарышқа сапарға шегеміз. Көздерімізді жұмып, 1-10 дейін санаймыз, енді қону үшін кері санаймыз. Балалар қараңдаршы біз сендермен ғарыш әлеміне ұшып келдік.
-Балалар, не көріп тұрсыңдар?
-Олардың пішіндері қандай екен?
-Тағы не көріп тұрмыз?
-Бұл ерекше зымырандар екен. Енді осы зымырандарды қолымызға алып, дидактикалық ойын ойнайық. «Сөз ойла, тез ойла».
-Енді балалар, біз сендермен жерге ұшуға дайындаламыз.
-Ұштық
-Балалар, орындарына жайғасып отырыңдар. Алдарындағы құралдармен жұмысқа кірісейік. Біз сендермен әдістен тыс дәстүрлі емес әдіспен сурет саламыз.
(сурет салудың тиімді жолдарын көрсету)
-Берілген тапсырмаларды орындау
-(жердің жасанды серігі ғарыш кемелерін көріп тұрмыз.)
-Пішіндері әр түрлі. (сопақша, дөңгелек т.б.)
-зымыран
-Балалар ойын ойнайды
Балалар, көзімізді жұмып, бәріміз өзімізді ғарышкер сезінейік. Бөгетсіз ғарышқа сапарға шегеміз. Көздерімізді жұмып, 1-10 дейін санаймыз, енді қону үшін кері санаймыз. Балалар қараңдаршы біз сендермен ғарыш әлеміне ұшып келдік.
-Балалардың жұмысы
Рефлексивтік түзету.
-Балалар, бүгінгі сабақта не білдік? Не үйрендік? Нені меңгердік?
-Сабақ сендерге несімен ұнады?
-Жұмыстарын бағалау
Күтілетін нәтиже: Балалар ғарыш әлемі жайлы мол мәлімет алады.
Білуі керек: Ғарышкерлерді білу керек
Не істей білу керек: Дәстүрлі емес әдіспен сурет салуды
Меңгеруі керек: Суреттің жаңа технологиясын салуды меңгерді