Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Оқу іс-әрекеті: Қоршаған орта
Тақырыбы: Менің отбасым
Мақсаты:
Балаларға отбасы және отбасы туралы түсінік беру.
Сөйлем құрап айтуға, дыбыстарды анық, таза жеткізе білуге дағдыландыру.
Отбасында үлкендерді силап, кішілерге қамқор болу сияқты әдептілік қағидаларын сақтай білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, әнгімелесу.
Көрнекіліктер: отбасы мүшелерінің суреттері, текшелер, үлестірмелі суреттер
Ұйымдастыру-шылық қозғаушылық
Шаттық шеңберін құру.
Ә. Қонарбаевтың «Бала, бала, балақан» әні орындалады.
Балалар шаттық шеңберінде өлеңді қайталап, оның мазмұнына сәйкес қимыл-қозғалыспен жасайды.
Ұйымдастыру-шылық
қозғаушылық
Әңгіме жүргізу.
-Балалар, біздің шаттық шеңберіміз неге ұқсайды?
-Иә, біздің шаттық шеңберіміз киіз үйге ұқсайды.
Жоғарыдағы күмбез шаңырақ деп аталады. Шаңырық – отбасының белгісі. Әр адам, үлкен болсын, кіші болсын өз үйін жақсы көреді, себебі ол үйде оның отбасы тұрады. Отбасы – дегеніміз бір үйде тұратын адамдар тобы. Отбасы мүшелері: әке, ана және олардың балалары. Отбасының болуы – үлкен бақыт. Барлығымыз бірге қайталайық.
Отбасы – ол бақыт,
Отбасы – ол ата-ана,
Отбасы – туыстарымыз,
Отбасы ол – шаңырақ.
-Әр адамның өз үйі болады. Онда оның отбасы мүшелері тұрады. Олар ата, апа, әке, ана, аға, іні, қарындас т.б.
2. Сергіту сәті: Е.Өтетілеуұлының «Бес саусақ» өлеңімен орындалады.
3. Суретпен жұмыс. Отбасы бейнеленген суреттен оның мүшелерін айтқызу.
-Мына отбасында ата, әже, бар екен, балалар, тағы кім бар?
-Төрде кім отыр?
-Дұрыс айтасыңдар. Атаның оң жағында әже шай ішіп отыр.
-Шайды кім құйып беріп отыр?
-Барлығымыздың үйімізде анамыз, әкеміз, атамыз бен әжеміз бар ғой?
4. Үлестірмелі материалмен жұмыс. «Менің отбасым»
Берілген суреттердің ішінен (анасын) отбасы мүшесін табу.
-Отбасы мүшелерін сыйлау керек. Үлкеннен бұрын сөйлемейміз.
Жол береміз.
Үлкенге ізет, кішіге қамқорлық көрсетеміз.
5.Ойын: Кім тез табады? Шарты: текшеде отбасы мүшелерінің суреттері көрсетілген.
Балалар жауап беруге тырысады.
Балалар бірге қайталайды.
Мазмұнына сәкес қимылдар жасайды.
Балалар бірге қайталайды.
Саусақтарын көрсетіп айтады.
-Анасы, әкесі, аға, апасы бар екен.
-Отбасы мүшелері жиналып шай ішіп отыр.
-Ата отыр.
Анасы шай құйып беріп отыр.
Балалар педагогтың көмегімен бірге орындайды.
Балалар өз ойларын айтады.
Балалар бірге қайталап айтады.
Балалар текшеде бейнеленген отбасы мүшелерін жылдам атайды.
Рефлекциялық-түзетушілік
6.Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетінде оқып, үйренгендерін пысықтайды.
Отбасы және оның мүшелері туралы әңгімелейді.
Күтілетін нәтиже:
отбасы мүшелерінің туысқандық қарым-қатынасын түсініп, бір-біріне қамқор болу керектігін біледі;
отбасы мүшелерінің арасындағы әдептілік дағдыларын және өзіне тиесілі міндеттерді игереді;