Асыл аналар!
Тәрбиеші : Армысыңдар аяулы аналар! Армысыңдар мейірімді әжелер! Армысыңдар қызғалдақтай құлпырған қыздар! Ана десем сезім билер тым ыстық, Жарасады адамдарға туыстық. Бар адамға берсе ананың мейірімін, Орнар еді бар әлемде тыныштық
Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен, Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем. Жарығыңмен, шуағыңмен күн- Ана, Алып келдің жер бетіне гүл көктем.
Шын жүректен ақ көңілменен, Алғашқы көктемнің күлімдеген. Құттаймыз сегізінші наурыз мерекесімен, Халықаралық әйелдер күніменен.
Құрметті ата-аналар! ұстаздар, келген қонақтар сіздерді мейрамдарыңызбен құттықтай отырып, ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
[pic]
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін
Мерекелі осы күн! Ерғанат
Үн қатасың бал тілмен
Еркелеймін күнде мен
Құттықтаймын анашым
Сегізінші мартыңмен. Ислам
Сәлеметсіздер ме, аналар, әжелер, балалар, қыздар! Мен көгілдір көктеммін. Былтыр келіп кеткенмін. Әлемдегі ең әдемі аналарды құттықтауға келдім. Сіздерге зор денсаулық пен ашық аспан тілеймін.
Тәрбиші: Сәлеметсіңбе? Көктем. Төрлет , қош келдің.
Әуен мен көбелек кіреді. [pic]
Мына гүлдің әдемісін-ай, иісін-ай, көктем қандай тамаша! Тәрбиеші: Көктем келіп еді, әдемі көбелекте бізге ұшып келіпті. Сәлеметсіңбе Көбелек? Көбелек : Сәлеметсіздерме ? Балалар, балалар айтыңдаршы бүгін аналардың мерекесі ғой! Балалар : иә
Көбелек : онда мен мына гүлді немесе мына әсем гүлдерді сыйласам ба екен!
Ойым дұрыспа балалар?
Балалар : иә
Тәрбиеші : Бірақ көбелек сен өзіңде гүл сияқты әдемісің, гүлден гүлге қонып өзіңнің сұлулығыңмен біздің табиғатымызға әсем көрік бересің ғой!
Көбелек : Рақмет сіздерге балалар! Мен өзім ғана жеке келмей, өзімнің өсіп келе жатқан сіңілдерімді ала келдім .
Қане, біздің биімізді тамашалаңыздар.
Би «Көбелектер»
Ерке қыз келеді. Сәлеметсіздер ме? Сәлеметсіздерме? Сен қандай әдемісің ! қандай сұлусың! қанатың қандай әдемі! Менде сен сияқты әдемі, сұлу болғым келеді.
Көбелек : Неге олай айтасың сенде тұңып тұрған сұлулық бар. Көктем : иә , менде келісем Көбелекпен ,сенде сұлусың , сұлулығын өзіңе келісіп тұр.
Ерке қыз: Жоооооқ мен сендер сияқты әдемі, сұлу, көркем болғым келеді. Сендерге шынымды айтайынба? мен бақытымды іздеп жүргеніме көп болды, сендер маған көмектесесіңдер ме?
Көбелек : жоқ сен қателесіп тұрған шығарсың, бақыт деген өз үйің емеспе? Ол сенің ата-анаң, туыстарың, жақын адамдарын, уайым қайғысыз жүргенін. Міне осы бақыт. Кел бәріміз балалардың ертеңгіліктерін көрейік
Әлпештеген аялаған Ақсүт берген апатайым
Тақпақ айтып бүгін саған
Мейрамыңмен құттықтаймын. МУХАММАД
Жарқын жүзді жан анам
Сендей болса бар адам.
Шаттық кетпес баладан. КӘУСАР
Ана өмір шырағы
Ана өмір бұлағы
Бесігімнің жыр әні
Жүрегімде тұрады. АЙЗЕРЕ
Ән : «Ана»
Ойын : «Ата-ананың шеберлігі» , «Кім жылдам».
[pic]
Көктем : менде сендерге ән айтып берейін, ал балалар сендер билеңдер келістікпа !
Ән «Көктем келді» балалар билейді.
Біз доспыз гүлдермен
Тек оны жұлмаймыз.
Той күні бірбірден
Анаға сыйлаймыз. АЙАРУ
Еркелеймін шаттанам,
Жарқын күлкің бақ маған
Ақ бетіңнен сүйейін
Келші кеплші ақ мамам ЕРКЕЖАН
Бал бөбегін баптаған
Мамам үшін мақтанам
Ақ бетіңнен сүйейін
Келші келші ақ мамам. АЙДАНА
Өзің мені өсірген,
Айналайын ақ әжем.
Тентек болсам кешірген
Шөлдедің бе дана әжем. АЛИХАН
Ой балалар, балалар
Ойналық та күлейік
Қане енді бұралып
Би билеп те берейік
Мен анамды сүйемін,
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды,
Қуантсам деп келемін. Айбар
[pic]
Ерке қыз: сендерге айтайынба! Мына аналар мен балаларға қарап менде үйімді сағынып кеттім. Менде анама еркелеп, ойнап, күлгім келеді. Көктем мен Көбелек сендер мені отбасыма апарасыңдар ма?
Көктем : әрине, отбасы біздің байлық пен бақытымыз. Арқаншан бақытты бойлайық, ата-аналарымызды қадірлейік балалар;- деп Ерке қызды үйіне алып кетеді.
Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар, келген қонақтар! Көңіл қойып тыңдаған-дарыңызғы көп рақмет. Осымен біздің шағын «Асыл аналар» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Хош сау болыңыздар!
Волгодонов орта мектебі
«Күншуақ» шағын балалар орталығы
«Асыл аналар» ертеңгілігі
[pic]
Тәрбиеші: Абильхайрова Сандуғаш Болатбаевна
2015-2016 оқу жылы