Білім саласы: Қатынас
Ұ.о.і.ә. : Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Бауырсақ» ертегісі
Мақсаты: «Бауырсақ» ертегісін сахналау, бұл ертегінің жақсылықпен аяқталатын
жаңа нұсқасын таныстыру, мазмұнын түсіндіру.
Балалардың ой-өрісін, қиялын дамыту.
Балаларды адалдыққа, достыққа, адамгершілікке, татулыққа тәрбиелеу,
достық ұғымын қалыптастыру.
Көрнекілігі: Ертегі желісі бойынша суреттер, ертегі кейіпкерлерінің бас киімі.
Әдіс- тәсілдер: Жұмбақ жасыру, еске түсіру, сахналық көрініс, түсіндіру, ойын,
сергіту сәттері.
Іс – әрекет бөлімдері Тәрбиешінің іс- әрекеті Балалардың іс- әрекеті
Ынталандыру,
Қонақтармен амандасу. Ой қозғау, жұмбақ жасыру:
Қоян,аю,қасқыр,түлкі туралы жұмбақтар айту.
Қай ертегінің кейіпкерлері екенін еске түсіру. «Бауырсақ» ертегісінің мазмұнын еске түсіріп айту.Сахналық көрініс қойғызу. Сәлем саған жарық күн,
Сәлем,сәлем қонақтар.
Сәлем әсем табиғат,
Сәлем біздің жас достар. Жылулық шеңбер «Жануарлар» Көлбең,көлбең, көлеңкем, Көлбеңдеген көлеңкем. Аю қалай жүреді, Кім көрсете біледі? Жұмбақтың шешуін табады, қай ертегі екенін еске түсіреді. «Бауырсақ» ертегісін сахналайды.
Ұйымдастыру,
ізденістер.
Міне балалар, бұл ертегіде түлкі бауырсақты жеп қояды, бауырсақ сәтсіздікке ұшырайды. Түлкі қандай?
Бауырсақты жеп қойғаны аянышты ма? Әрине.
Ал енді бүгінгі «Бауырсақ» ертегісінің жаңа нұсқасында бауырсақ сәтсіздікке ұшырамайды, керісінше жақсылыққа кенеледі. Олай болса, «Бауырсақ» ертегісінің жаңа нұсқасымен таныс болайық. Ертегіні оқып, мазмұнын түсіндіру.
Слайд арқылы ертегі желісін көрсету.Бауырсақты құтқарып алу үшін.Қоян,қасқыр,аю сұрақтар қояды.Ал түлкіден құтқарып алу үшін
[pic] [pic] [pic]
Балалар билеп береді
Сергіту сәті:
Қоян болып секірейік,
Аю болып қорбаңдайық.
Қасқыр болып ырылдайық,
Түлкі болып бұлаңдайық.
Ертегі мазмұнын сұрақ- жауап арқылы пысықтау. Достық туралы әңгімелеу. Достық туралы тақпақ айтқызу.
Ән саламыз күнде біз,
Шаттық толы іргеміз.
Біз мәңгілік достармыз,
Біз әрқашан біргеміз.
«Бауырсақ» ертегісінің жаңа нұсқасының мазмұнын айтқызу.
Ойын «Күн мен жаңбыр».
«Бауырсақ» ертегісінің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріп, талқылайды.
2-3 бала мазмұнын айтады.
Ойын ойнайды.
Жинақтау,
қорытынды. «Бауырсақ» ертегісінің екі нұсқасын салыстыру.
Сұрақ- жауап арқылы қорытындылау, мадақтау. Сұрақ- жауап арқылы салыстыру.
Білуі керек: Ертегі мазмұнын түсініп, салыстыра білуі керек.
Түсінеді: Ертегінің қандай жағдайда аяқталатынын түсінеді.
Қолдана алады: Достық туралы ойлары бекиді. Достық туралы тақпақты жатқа айта алады.
Волгодонов орта мектебі
«Күншуақ» шағын балалар орталығы
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Бауырсақ» ертегісі
[pic]
Дайындаған: Абильхайырова С.Б.
2015 оқу жылы