Кітапханадағы Наурыз мәнерлеп оқу сайысы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы: Кітапханадағы Наурыз

Кітапханашы: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерексі құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып жаңа жыл келді.

Ендеше, Наурыз мерексін ұлықтай отырып, 7-сынып оқушыларының қатысуымен мәнерлеп оқу сайысын бастайық.

Қош келіпсің, Наурыз

Қуанышы халықтың,

Құтты болсын қадамың!

Сені тойлап қарсы алып,

Бар әлемге жар салып,

Ата- бабам тойлаған.

Наурыз келсе- құт келгені халайық.

Өлең оқып бір марқайып қалайық

Талаптпнып бұл сайысқа кеп тұрған,

Сайыскермен танысып біз алайық.

1-оқушы:

2-оқушы:

3-оқушы:

4-оқушы:

5-оқушы:

Кітапханашы: Сайысымыз үш бөлімнен тұрады.

1-бөлім «Наурыз - жыл басы»

2-бөлім «Туған тілім-тірегім»

3-бөлім «Жүрегіме жақын» (өзінің сүйіп оқитын ақынның өлеңін жатқа, мәнерлеп айту)

Кітапханашы:

Берекемен ішіліп, бір біріне бақ тілеп

Молшылық пен ақ тілек, ақтарылар күні бұл

Халқымызға жарасып бақ пен дәүлет зор болсын

Ұлы қазақ ұлтына құт келетін күні бұл.

 

Қазағымның ырыс күні келген де

Халқым менің қуанышты жүрген де

Мендегі өлең тау суындай тасыйды

Қазағымның шаттық жүзін көрген де- дей келе 1-бөлім «Наурыз - жыл басы»

1-оқушы:

2-оқушы:

3-оқушы:

4-оқушы:

5-оқушы:

Кітапханашы:

Ана тілің біліп қой,

Еркіндігің, теңдігің.

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышың, елдігің.

Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте – дей келе, 2-бөлім «Туған тілім-тірегім»

1-оқушы:

2-оқушы:

3-оқушы:

4-оқушы:

5-оқушы:

Кітапханашы: Керемет, оқушылардың өлеңді нақышына келтіріп, мәнерлеп оқитынына көзіміз жетті. 3-бөлім «Жүрегіме жақын». Бұл бөлімде өзінің сүйіп оқитын ақынның өлеңін жатқа, мәнерлеп айту.

Кітапханашы: Енді сайыскерлердің бағасын беру үшін қолдарыңыздағы қағазға өзіңізге ұнаған сайыскердің аты-жөнін жазып дауыс бересіздер. Жеңімпазды өзіңіз анықтайтын боласыз.

1 Аты-жөніңіз?

2 Сайыс сізге ұнады ма?

3 Сіздің кімге дауыс бергеніңізді білуге бола ма?

Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем

Жарығымен, шуағымен Күн-Ана

Алып келді жер бетіне гүл көктем.

Қорытынды:

Жүректен қозғайын,

Әдептен озбайын.

Өзі де білмей ме,

Көп сөйлеп созбайын – деп Абай атамыз айтқандай, осымен мәнерлеп оқу сайысы аяқталды, назар салып тыңдаған ұстаздар мен осы кешімізді өткізуге атсалысқан оқушыларға мың да бір алғыс айтамын, сау болыңыздар!

Ән: Наурыз