Тақырыбы: Абайлаңдар, балалар!
Мақсаты: Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Бағдаршам суреті, жол белгілері, жол ережесіне арналған суреттер, мінуге арналған ойыншық машиналар, велосипедтер.
Жүру барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
Мұғалім: Армысыздар Құрметті ұстаздар мен оқушылар және ата-аналар! Бүгінде ауылда да, қалада да үлкен көшелер және онда жүйткіген автокөліктер көбеюде Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол-көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде. Оның себебі – көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі. Міне, осы мақсатта біздің сыныбымызда бүгін «Абайлаңдар, балалар!» атты жол ережелеріне арналған тәрбиелік шара өткізбекшіміз. Ендеше, қош келдіңіздер.
Арманға алда күткен асығамыз,
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз!
Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген,
Бүгінгі бізге келген қонақтарға
Кешіміз басталсын сәлемменен - дей келе тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Ішке қоян келеді.
Мұғалім:Келе ғой , қояным бізден қорықпа ,
Жараңды жазамыз , жылама ,зарықпа.
Мұғалім ұялы телефонымен жедел жәрдемге соғып шипагер апайды көмекке шақырады.
Ортаға шипагер апай келеді , балалармен амандасады.
Мұғалім: Кішіге , үлкенге , жасына , кәріне ,
Жансая қиналған жандардың бәріне.
Шипагер апаны біз жақсы көреміз ,
Өйткені ол үлкен дәрігер !
Шипагер апай жайласып отырады , басын шайқап:құлағыңды қалай ауыртып алып жүрсің, қазір орнына келтіреміз ,-деп тігіп береді.
Қоян:Доп қудық көшеде Қозы бар , лақ бар
Көп өткен машина бірақ та.
Кеп қалған машина басты да ,
Добымыз жарылды доңғалақ астында.
Мұғалім:Балалар , көшеде доп қуып ойнағанның ақыры немне бітерін байқаған боларсыңдар . Бір қуанарлығы өздері аман қалыпты.
Аулаға өкіріп аю келеді .
Бастаушы: Ататай , қараңыз мына бір сұмдықты ,
Маймаққа не болған , кім оны қынжылтты ?.
Шипагер апай: Маймағым , не болды , жасырмай айтшы өзің ?
Неліктен көкпенбек ісінген бас- көзің .
Дәрігер аюдың басын таңып ,бет-аузын сүртеді .
Аю (жыламсырап): Айтайын жасырмай шынымды ,
Сақтаңыз шыбындай жанымды..
Жармасып бал тасыр машина-қадаққа ,
Домалап түсті де , тап болдым азапққа.
Мұғалім:Аюжан , сенің түбіңе бал жететін шығар .
Балалар , жүріп бара жатқан машинаға жабысуға бола ма?
Балалар: Жоқ , болмайды .
Аю:Кешіріңізші , Апай ! Енді ұрлық та жасамаймын , жолда жүру ережесін де бұзбаймын .
Мұғалім:Жолда жүреміз деп ,жолда жарақаттанған аңдарды көріп отырсыңдар.Ал өздерің не білесіңдер ?
АҚБОТА: Мен білем бәрін мен деме
Отырған жоқсың бөлмеде
Машина өтіп кеткесін
Жолаушы алға беттесін.
Ұшқалақ болма ұрыншақ
Ойлалық соны ұғынсақ
Машина өтіп кеткесін
Балақай алға беттесін.
ДӘУЛЕТ: Шуақты өміріміз күндей күліп,
Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.
Арманға сапар тарту мүмкін емес
Жол жүру ережесін білмей тұрып.
НҰРСАЯ: Көреген дәу қырағы,
Көшемізде тұрады.
Ол бергенде команда,
Бағынамыз әманда!
Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін.
Тоқта!Сақтан!Жол ашық!
Жүрме жолға таласып.
НҰРБОЛ:Қызыл көзін ашқанда
Сынық сүйем баспа алға ,
Сары көзін ашқанда ,
Қарап қалма аспанға
Жасыл көзін ашқанда ,
Жүре бергін жасқанба!
Сақтандыру, ескерту белгісі (Әлиянұр):
Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің мен болам,
Хабарлайтын бар қауіпті оң сапарға жолдаған.
Маған қарап жүрер болса жүргізуші, жаяу да,
Жолы болып, сәтсіздікке ешқашан да қалмаған.
Тыйым салу белгісі (Ғалымжан):
Мен бәріне әрқашанда тыйым салып тұрамын,
Қайда болса алда тұрып жібермеймін бір адым.
Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін,
Осы жолы үндемейін бар ма тағы сұрағың.
Міндеттеу белгісі (Дамир):
Белгімін көрсетер жылдамдық бағытын,
Ой, шұңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті.
Барлығын анықтап, көрсетіп жіберем,
Сондықтан бәрі де мені тез таныпты.
Нұсқау белгісі (Әли):
Баратын сапардың қашығын, тұрағын,
Үн - түнсіз жол сілтеп көрсетіп тұрамын.
Күндіз де, түнде де от болып жанады,
Көкпеңбек боялған төртбұрыш шырағым.
Мұғалім: балалар біздің сабағымызға жол полициясы келіпті. Бәріміз жол полициясы бізге не айтар екен.
Жол полициясы (Мерей): Құрметті балалар, көшеде жүргенде мына ережелерді естеріңе ұстаңдар:
1.Жолдың машина жүретін бөлігінде ойнауға болмайды.
2. Жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өт.
3.Жолдан өтерде солға қара , ал бөлгіш жолақтан кейін оқға қара .
4.Келе жатқан машина алдынан жолды кесе жүгірме.
Мұғалім: Оқушылар, біздің тағы қонағымыз бар. Ол бекет кезекшісі – Нұржамал апай. Нұржамал апай бізге не темір жолдан өту ережесі туралы не айтады екен, тыңдайық.
Нұржамал апай жол ережесі туралы оқушыларға айтып береді. Оқушылар өз сұрақтарын қояды.
Көрініс «Көшедегі қозғалыстар»
Балалар бағдаршамның жұмысына қарай машинамен, велосипедпен, самокатпен, жаяу жолдан өту ережелерін көрсетеді.
Мұғалім:
Велосипедші ережесі.
Велосипедші басқа көліктер сияқты алдындағы машинадан басып озуға болмайды.
Велосипедші сол жаққа бүрылатын болса бұрыудың алдында қолын сол жағына созып немесе оң қолын шынтағынан бүгіп алдында келе жатқан көлік жүргіушіге алдын ала ескертеді.
Оң жаққа бүрылытын болсасол жаққа бұрылатын қимылдарын қайталайды.
Тоқтоғысы келсе қолын жоғары көтереді.
Балаларға жұмбақтар. ( кезекпен кезек )
1)Сөйлеуді ол білмейді.
Бірақ тоқта ол жүр дейді. (Бағдаршам)
2)Төрт аяғы дөңгелек
Адамсыз ол жүрмейді. (Машина)
3)Үзеңгісін тептім
Зымырап кеттім. (Велосипед)
4) Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен
Ысқырығы күзеткен (миллиционер)
5) Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (жол)
6) Жапанда бір жолаушы аузын ашып,
Аяғын келе жатыр жылдам басып,
Жарқырап маңдайында екі көзі,
Ілезде жеткізеді жерге қашық .(автомобиль)
7) Арқаным бар тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім
Тапшы мұны оқушым (жол)
8) Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (бағдаршам)
Мұғалім: Шуақты өміріміз күндей күліп ,
Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.
Арманға сапар тарту мүмкін емес ,
Жол жүру ережесін білмей тұрып .
Қай көше , қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да .
Жол жүру ережесі заңды тәртіп ,
Ол – ортақ !
Үлкен – кіші баршамызға !
Өмірде күтпеген оқиғалардан сақтану үшін жол ережелеріне бағыну керек. «Сақтансаң сақтармын» дегендей ережелерді тек білу ғана шарт емес, оны бұлжытпай орындаса ғана аман - есен жүруге болады. Көше тәртібін сақтау- сенің міндетің! Егер жол ережесін бұзсаң, тек өзіңе қауіп төндіріп қоймай, басқа адамдарға да зияныңды тигізесің. Сондықтан, жолда сақ бол! Көше тәртібін есіңнен шығарма!
Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды.
Қарашоқат орта мектебі ММ
[pic]
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Абайлаңдар, балалар!»
Өткізген: Тәңірбергенова П.А
Сыныбы: 3-сынып
2016-2017 оқу жылы