Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген суйіспеншіліктен басталады"

                                                       Нұрсұлтан Назарбаев

 

Отбасы - қоғамның маңызы буыны және өзінше бір кішігірім ұжым. Көп ұлт өкілдері мекен еткен мемлекетіміздің негізі осы шағын ужымдардан қаланады. Осы жағынан кез-келген отбасы өзің қоғамның бір бөлігі деп түсінеді.

 

Бала - тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы отбасы.

Отбасы - салыстырмалы түрде тәрбиенің тұйық институты, ата-аналардың тәрбиелік күш қуаты мен мүмкіндігінің әр түрлі деңгейде болатын ескерту қажет. Сондықтан ата-аналармен жумыста мектеп түрлу амалдар мен әдістерді саралап қолдану керек.

[pic]

Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас элементтері



Атақты педогог және психолог Симон Соловейчик, баланы үлкендер өміріне дайындау жайлы ережелерді, ата-аналарға таныстыру:

 • Біреудікін тартып алма, өзіңдікін берме;
 • Ешбір себепсіз соғыспа;
 • Ойнауға шақырса бар, шақырмаса ойнауға  рұқсат сұра, бұл ұят  емес;
 • Әділ ойна, өз досыңды сатпа;
 • Біреуді мазалама, сұрақты екі рет қайталама;
 • Ескертулерге ренжіме, көкіректі бол.Ескертулер үшін мұғалімнен санаспа, ренжіме;
 • Біреуге жала жаппа;
 • Тазалақты болуға тырыс;
 • Жиі айт: дос болайық, ойнайық, бірге үйге барайық;
 • Есте сақта! Сен бәрінен жақсысын, ешкімнен кем емессің; Сен  ата-анаң үшін, өзің үшін, мұғалімдерің үшін, достарың үшін ең жақсысың.
   Бұл ережелерде ата-аналар көрінетіндей етіп бала бөлмесіне ілсе, өте дұрыс. Мұғалімдер ережелердің іске асу, аспауын бақылауға алуы қажет.

 

Ата-аналарға көмек ретінде:

   

   Талапты бала өсіргіңіз келсе:


      
       • Баланың барлық сұрақтарына шыдамды әрі  шын  жауап   
 беру;
       • Балаға жоспар құруға көмектесу;
       • Балаға қызық жерлерді нұсқау;
       • Балаға жұмысын жақсартуға көмек көрсету;
       • Достарымен араласуға көмектесу, қолдау;
        • Балаңа басқалардан жамансың деп айтпау;
       • Көңіліне тиер сөздермен ұрыспау;
       • Оны қызықтыратын кітаптар алып беру;
       • Оған кітап оқып беру;
       • Бала кезінен кітап оқуға үйрету;
       • Қалауын түсіне білу;
       • Баламен жеке араласуға уақыт табу;
       • Қолынан келмеген нәрсеге ұрыспау;
       • Үлкендермен еркін араласуға үйрету.

[pic]

Түсіністікке әкелетін өмір ережелері

 
-Өзіндікінен де өзгенің қызығын жоғары қой;
-Жанұяңа адал бол, ешқашан оны сатпа;
-Адал және жауапты бол;
-Басқаларды жақыныңдай көр;
-Өзіңді басқалардың орнына қойып, салыстыра біл;
-Кешірімді бол және ренжіме;
-Өзіңнен және өзгелермен келісімді бол;
-Өзіңе сенімді бол;
-Өтірік пен алдаудан алыс бол;
-Өз ісіңе есеп бере ал.