Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданы
Құттықожа ауылы
№164 орта мектебі
өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
Шаметова Гулнұр
Елдің ерлігін сақтайтын ерлік
Сабақтың мақсаты:
Білімділік – оқушыларды Жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың, бүгінгі майдангерлердің рухына бас ие отырып, Ұлы Отан соғысы туралы және оған қатысқан қазақстандықтардың ерен ерліктері туралы мәліметтермен таныстыру.
Дамытушылық – оқушыларды көпшіліктің алдында өзін-өзі ұстай білуге, ұялмай сөйлей білугеөз ойын қазақ тілінде айта білуге үйрету, өз бетімен тақырыпқа сай мәліметтер іздеп өңдеуге, шығармашылық жұмыспен шұғылдануына бағыт беру, жұмысының нәтижесін көруге жол беру.
Тәрбиелік – қазақстандық патриотизм сезіміне тәрбиелеу, Отанымыздың тарихына қызығушылықтарын арттыру, достық, ынтымақтастық, жауапкешілік сезімдерін ұялату.
Көрнекілігі: Қабырға газеттері, плакаттар, Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар.
Барысы:
Мұғалім:
Осыдан 65 жыл бұрын бүкіл әлемді дүр сілкіндірген соғыс атты сойқан басталды. Неміс фашистері КССР-ға басқыншылық жасап, шабуылын жасады. Ер азаматтар қолдарына қару алып, майданға аттанса, қарттар, әйелдер, балалар күн, түн демей еңбектенді.
Осындай қиыншылықпен төрт жылға созылған соғыста еліміз жауды ойсырата жеңіп, Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тікті. Бұл 1945 жылдың 9 – мамыры еді.
Халқымыз Отан үшін от кешіп, елдік пен ерлік сынға үскен сәтте қас қақпай өмірлерін құрбан еткен батыр ұл – қыздарын қастерлеп, қадір тұтады
Жүргізуші:
Тарихи деректерге қарағанда 1941 – 1945 соғыс жылдарында бір миллион 196 мың 164 қазақстандық әскерге алынған екен. Көптеген жауынгерлер теңдесі жоқ ерліктер жасады. 518 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Мұның елеулі бөлігі қыздар болғаны белгілі. Әскерге алынған қыздар соғыс техникалары мен құралдарын жетік меңгерген. Шйқастарда ерлік көрсетіп халқына абыройын асырды, елінің даңқын шығарды. Оқпен оттың арасында жүріп жаралыларды өлімнен құтқарды,
Қазақ қыздары Мәншүк Мәметов мен Әлия Молдағұлова – Шығыс қыздарынан тұңғыш рет Батыр атағын алды. Бұл атаққа Талғат Бигелдинов, Нұркен Әбдіров, Төлеген Тоқтаров, т.б. көптеген адамдар ие болды.
1-оқушы:
Соғыс өтті жалмап талай өмірді
Қаншама қан еш жазықсыз төгілді.
Соғыс атты естілгенде құлаққа,
Елесетер қара тажал өлімді.
Келді міне, күндей жайнап гүл көктем,
Самал желі шашты тарап, бетті өпкен.
Ұмытуға хақымыз жоқ оларды,
Олар біздің бақыт үшін қан төккен.
Өткізді олар сызды окопта күндерін,
Елестетем қанды кешіп жүргенін.
Естігендей болам жаудың шебіне,
Атой салған сарбаздардың үндерін.
2 – жүргізуші:
Жеңіс күні – адамзат аңсап жеткен күн, жеістің туын тіккен 1945 жылғы 9 – мамыр- азат күресінің айбынды күні. Жеңіс күні, бұл күн өмірді сүйер адамзат қаумының есінен мәңгі кетпе ме?
Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігерленген құштарлықтың құрамы.
Күрескердің амалы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекесі бұл оның.
1941 жылы 22 – мамыр таң алдында, тәтті ұйқыда жатқан КССР шекарасынан ұрланып өткен жау оғымен адам баласының тарихында бұрын – соңды болмаған бір ғаламат соғыс басталды. Сол күні жау тәтті ұйқыңды ғана бұзып қойған жоқ. Зұлым жау бейбіт өмірге бүлік әкелді. Қыз жігітімен, ана баласымен, бала әкесімен қоштасты.
2-оқушы:
Біріктіріп үміті мен тілегін,
Біріктіріп барлық күшін жігерін,
Ана үшін, бала үшін, жар үшін
Жасқанбастан тосты оққа жүрегін.
Соғыс жалмап аға, іні, бауырды,
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды,
Бірақ біздер өздеріңнің арқаңда
Көрген жоқпыз сол бір қырғын дауылды.
Отан деп өз өмірлерін берген ерлерімізді бір минут үнсіздікте еске алайық..
( Бір минут үнсіздік.)
Ән: «Бейбіт күн тілегі» Хор
3-оқушы:
Жеңіс бізге оңайлықпен келмеді,
Ер азамат бәрі кетті елдегі.
Соғыс деген – зұлымдардың зорлығы,
Соғыс деген – фашистердің ермегі.
Қанға бояп тіршіліктің тынысын,
Қанішердің, соғыс, нағыз жырысың.
Талай жастың жанын қиған жазықсыз,
Бүйткен сенің атақ-даңқың құрысын.
1-жүргізуші:
Отанды шексіз сүйіп, ардақтаумен бірге оны жауларынан жан аямай қорғау - әр дамның парызы, міндеті де. Отан ананы басына іс түскенде жан салып қорғамаған азаматты азамат, халық перзенті деуге болмайды.
2-жүргізуші:
Отан үшін жанын берген қаһармандардың есімдері Даңқ мемориалдарында, ескерткіштері мен атаулы қабірлер тақталарында мәңгі өшпейтін алтын әріптермен жазылған. Олардың ерен еңбектері туралы құжаттар мемлекеттік мұрағаттарда сақталған.
4-оқушы:
Сен болмай, топталып жер, құрып егіс,
Тауысып өзен суын, нуын өріс.
Отан сәл дағдарғанда дабыл қағып,
Келдің бе, айналайын, Ұлы Жеңіс!
Көркіңнен ел де өзгеріп, көл де өзгеріп,
Алдыңнан мейрамдаған ел кез келіп,
Келіндей кеп күттірген жарқ етіп бір,
Келдің бе, ұлы жеңіс, кербезденіп.
Ән: « Соғыстан қайтқан солдаттар» Хор
5-оқушы:
ХХ ғасыр. Бұл ғасыр қай жағынан қарасақ та адамзат үшін нағыз тайталас ғасыры болды. Бұл ғасырда толығымен капитализмді әкелген Бірінші дүние жүзілік соғыспен қатар Ұлы Отан соғысына ұласқан Екінші дүние жүзілік соғыс жылдары болды. Бұл ғасыр қаншама азаматтың қыршындай ғұмырын әкетіп, шешені жесір, баланы жетім қалдырған сұрапыл ғасыр болды.
Бұл соғыста қаншама атпал азаматтарымыздың өмірі мен арман тілегі майдан даласында қала берді. Бұл соғыс барлық адамзат баласының жүрегі бір арман тоғысына соққан кезең болды. Бұл арман Ұлы жеңіс, Ұлы бейбітшілік еді.
6-оқушы:
Осынау сұрапыл жылдарда майдан даласында жанкешті ғұмыр кешкен батыр жүректі қазақ қызы болды. Небәрі жиырма жасар қазақ қызы – Мәншүк.
Еркін далада еркеін өскен қазақ қызының ғұмыры сонау алапат соғыс жылдарында қыршындай үзіліп кете барды. Бірақ ұлы даласы үшін асқан ерлік көрсетті, батырлық танытты.
7-оқушы:
Мен бүгін
Ерекше бір сезіммен ояндым,
Сәулелі шуақты ақ таңға боядым.
Жүректе қуаныш, бойда күш тасыған.
Ер Мәншүк бейнебір сипайды шашымнан.
Мақтаныш кернеп тұр бойымды шалқыған,
Мәншүкті тудырған айнлдым халқымнан!
Даламның шынары, сөнбейтін шырағы,
Қазақтың бақ гүлі, айналдым атыңнан.
Ән: « Әлия »
Мұғалім:
Қорған болған елінің елдігіне,
Батырлардың бас идік ерлігіне.
Ұрпақтары қаһарман бабалардың,
Тәуелсіздік қамалын көрдік міне!
Қай халық та өзінің батырларын қастерлеп, аттарын асқақтатқан. Жиырмасыншы ғасырдың ерен ер, жұлдызды батырлары, халқымыздың мәңгілік мақтанышы, жастарымыздың өшпес үлгі-өнегесі – біздің қаһармандарымыздың даңқы арта берсін демекпіз.