Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білімдік сала: «Таным», «Қатынас» Кіші сала: Математика, Тілдамыту Тақырыбы: «Мақтақыздың тапсырмалары» Мақсаты: 1.Балаларға түрлі тапсырмаларды орындай білуге, қарапайым математикалық сұрақтарға жауап беруге үйрету. Өткен сандарды ойын арқылы еске түсіріп пысықтау. 2.Танымдық шығармашылық белсенділіктерін арттыру, ойын арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. 3.Балаларды адамгершілікке, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Билингвалдық компоненттер: Қыз – девочка- girl, сиыр – корова-cow, сатушы – продовец -suller
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Шаттық шеңбері:
Қайырлы күн достым,
Қайырлы күн болсын,
Сәрсенбінің сәті,
Сәттілікке толсын!
Біздің балабақшамыз,
Жақсылықпен қуанышқа толсын!
(Балалар сандықшаға тілектерін үрлеп жасырады)
Рахмет балалар! Тілектерің қабыл болсын!
Есік қағылып, поштасы хат алып келеді.
Хатта: Мысық: Маған көмектесіңіздерші. Мақтақызбен достасуы ма?
Кәне, бәріміз мониторға көңіл аударайық.
Балалар шеңберге тұрып тілектер айтады.
Қимыл іс- әрекетпен айтады.
Ұйымдастырушылық – ізденістік
Экранға Мақтақыз бен мысық ертегісі шығады.
-Балалар бұл қандай ертегі?
-Дұрыс, балалар, Мысық бізден көмек сұрайды. Көмектесеміз бе?
Экраннан карта көрінеді.
(Карта сызылған сол картамен жүру)
-Олай болса, біз қатық алу үшін қайда барамыз?
Сиырды үш тілде айтайықшы?
Олай болса, сиырдың тапсырмасын орындайық.
1. «Кімнің ойы ұшқыр?»
1.Кемпірқосақтың неше түсі бар?
2. Екі керіктің неше құлағы бар?
3. Үш адамның неше көзі бар?
4. Екі қоянда неше көз бар?
5. Жұлдызда неше үшбұрыш бар?
6. Бір қолда неше саусақ бар?
7. Тасбақа жүйрік пе, қоян жүйрік пе?
(Үн таспадан сиырдың қарны аш екенін, жапырақ керектігін естиді).
-Балалар, сиыр жапырақ сұрайды. Жапырақты қайдан аламыз?
Ағаштың тапсырмасы: 2.«Адасқан сандар»
Балалар пойыздың вагондарын ретімен орналастырады. (тура және кері санау)
(«Мен шөлдеп тұрмын маған су керек»-дейді ағаш)
-Балалар, ағаш не сұрайды?
(Экранға қыздардың суреті шығады)
Балалар кімдерді көріп тұрсыңдар?
«Қыз» сөзін үш тілде айтайықшы.
Қыздар шаршап келе жатырмыз дейді, қыздармен бірге бой сергітіп алайық.
3.Сергіту сәті. (видеоклип)
(Үнтаспадан) Қыздар бізге сағыз берсең, біз саған су береміз.
-Балалар сағызды қайдан аламыз?
-Дүкенде жұмыс істейтін адамды кім деп атайды?
Онда «сатушы» сөзін үш тілде айтайықшы.
Дүкеншінің тапсырмасы:
4.«Қай жерде тұр?» ойыны
(Үнтаспадан)
Сатушы: «Менде сататын жұмырқа бітіп қалды, маған жұмыртқа керек».
Тауықтың тапсырмасы:
5. «Өнерлі балақай» Шаршыдан не жасауға болады? Восколовичтің ғажайып шаршысынан үй, конфет, ұшақ, төртбұрышты құрастыру.
Тышқанның тапсырмасы:
6. «Кім тапқыр?»
1.Заттардың санына қарай санды сызық арқылы қосу.
2. Барабан соғу. Барабан қанша рет соғылды? Сол санды көрсет.
Жарайсыңдар балалар! Тышқан тарысын береді. (Экраннан слайд арқылы)
«Мақта қыз бен мысық» ертегісі
Балалар көмектесетіңдерін айтады.
-сиырға
- сиыр – корова-cow
-жеті түсі бар
-төрт бар
- төрт көзі
-төрт көзі
-бес бұрыш
-бес саусақ бар
- қоян жүйрік
-ағаштан
Балалар сандарды тауып кері және тура санайды. Үш тілде санайды.
Су сұрайды.
-қыздарды
Қыз – девочка- girl
Балалар бірге жасайды.
-дүкеннен аламыз
-сатушы
сатушы – продовец -suller
Балалар кьюзнер таяқшаларынан дүкен сөресін бөледі. Әр Әр сөреде неше ойыншық бар болса, кьюзнер таяқшасын мөлшерлеп орналастырады.
Экраннан тапсырмалар шығады балалар соны орындайды.
Көрсетілген заттарды құрастырады.
Балалар сандарды тауып қосады.
Тышқан тарыны береді. Тарыны тауыққа береді. Тауық жұмыртқасын береді, жұмыртқаны дүкеншіге береді, дүкенші сағыз береді. Сағызды апарып қыздарға береді. Қыздар су береді, суды апарып ағашқа береді. Ағаш жапырағын береді, жапырақты сиырға береді. Сиыр оған сүт береді, сүтті апарып Мақтақызға береді. Мақтақыз Мысыққа құйрығын қайтарып береді.
Рефлексиялық түзетушілік
Қорытынды:
-Балалар, сендерге бүгінгі оқу іс – әрекет ұнады ма?
-Несімен ұнады?
-Кімге қандай тапсырма орындаған ұнады?
-Қай тапсырма қиын болды?
-Қандай тапсырма қызықты болды?
Балаларды мадақтау, мақтау.
Балалар өз ойларын айтады.
-ұнады.
-маған экраннан тапсырмалар орындаған ұнады,
-сандарды ретімен қою ұнады.
Күтілетін нәтиже: Жаңғыртады: Балалар түрлі математикалық тапсырмаларды орындаудыф біледі Түсінеді: Әрдайым көмек беруді, достық қарым -қатынасты сақтауды түсінді. Қолданады: Ертегінің мазмұнын айтып беруді, кейіпкерлердің түрлі тапсырмаларын орындауды.