Презентация Көктем аруы - 2016

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«КӨКТЕМ АРУЫ – 2016» сайысының сценарийі (8-10 сынып аралығы)

16.03.2016

Жүргізуші: Құрметті жиналған қауым!

Бүгін біздің мектепте дүбірлі той,

Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.

Жырдан шашылсын, күй күмбірлеп,

Қош келдіңіз халайық, сергісін бой.

Бүгінгі 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні мерекесіне орай өткізгелі отырған «Көктем аруы -2016» атты арулар сайысына қош келдіңіздер.

Жүргізуші: Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық.!
1)_______________________________ 8 Ә сынып –Русланқызы Мереке 2)ЗИЕДА қыз білімді
Меңгерген бар ілімді –
8 Г сынып-ИКРАМОВА ЗИЕДА 3)ДИЕРА қыз шығады
Бұрымдары желбіреп. 8 Г
сынып – РАШИДОВА ДИЕРА

4) Білімді оқу озаты сыныптағы,
Талай қиын істерді құрықтады.
МАРЖАННЫҢ алдында талай іс тұр,
Болашақта жандырар үміт отты. 9 Ә сынып –
ЖОЛДАС МАРЖАН 5) Аққу құстай қанат қағып самғаған,
Адал жолмен арам іске бармаған.
Адамдықты жаны сүйген қашаннан,
НҰРСӘУЛЕ де қатарынан қалмаған. 9 Б сынып – БАҚБЕРГЕНОВА НҰРСӘУЛЕ

6) 9- сыныпта оқитын,
Өрнектеп тоқыма тоқитын,
Ән айтып, би де билейтін.
ҰЛБИКЕ өнерлі қызымыз. 9 Б сынып –
ОМАР ҰЛБИКЕ
7) Атыңнан айналайын АРАЙЛЫМ деген,
Сенің ісіне жақсы баға берем.
Жеңіс туын тігерсің болашақта,
Үміті зор осы мектептің саған деген. 10 А сынып –
ШАМШИЕВА АРАЙЛЫМ

Ендігі сәтте бүгінгі байқауымыздың шарттарын атап өтейін.
1 - шарт. «Таныстырсам өзімді»деп аталады–әр ару өзін - өзі таныстырады. (3 мин)
2 - шарт.
«Қағаздан аппликация жасау», әр ару өзі жасап келген аппликация бұйымын көрсетеді.
3 - шарт. «Шебер қолдар» 2 бөлімнен тұрады.

1) Шаш өру түрін көрсету. 2) Кез-келген матадан киім үлгісін көрсету 4 - шарт. «Білімді мыңды жығар...» сұрақ – жауап (5 мин)
5 - шарт. Сән үлгісі

6 – шарт «Өнерлі өрге жүзер» деп аталады. Өз өнері

Жүргізуші: Шалқытып мерекеде ән салайық,

Өнерпаз өрендерге тамсанайық.

Әділдік пен шындықты арқа тұтқан,

Әділқазы алқасымен танысайық.

  1. ДТІЖО – Құрмантаева Айгүл апай

  2. Психолог – Тұрғанбекова Мария апай

  3. Музыка жетекшісі – Төлентаева Салтанат апай

Жүргізуші:
Ақ арулар келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға,
Қорықпастан сахнаға келіп жетті.
Әдеппен, ізетпен танысуға, - дей келе қыздарымыз өздерін таныстыруды бастасын. Ендеше
І –кезең. Таныстыру.

( әділ-қазылар алқасының бағаларын білу)

ІІ – кезең. Қағаздан аппликация

Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,

Көрінер толған айдай жүзі жарқын.

Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес,

Халқының сақтай білген ізгі салтын. ( әділ-қазылар алқасының бағаларын білу)

III кезең. Қол өнері

Шеберлерім өнер тамып қолынан,

Жаңылмаған ата-баба жолынан.

Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін

Біз айтайық төрелігін соңынан

1-ші шаш өру үлгісіне кезек берейік. БӘРІ ТҮГЕЛ БІТКЕСІН 2-ШІ КИІМГЕ КЕЗЕК БЕРІЛЕДІ.

2-ші киім үлгісіне кезек берейік.

( әділ-қазылар 1-ші және 2-ші бөлімдерге жеке-жеке баға береді)

ІҮ- кезең. Сұрақ-жауап

Жас ару жас ғұмырдың талғамысың ,

Қуантқан әрбір үйдің арманысың.

Дәл бүгін қанат қомдап, сыналарда,

Сан сұрақтан сүрінбей, самғап ұшқын. ( әділ-қазылар алқасының бағаларын білу)

V -кезең. Сән үлгісі

Ал,халайық ықыласпен демейік,

Арулардың сән үлгісін көрейік.

Сыры менен сымбатына қара біз,

Әділдікпен бағаларын берейік. ( әділ-қазылар алқасының бағаларын білу)

ҮI- кезең. Өз өнері

Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп, ал біреулер ән салыпты.

Бүгінгі қыз сынынан бәйге алуға

Арулар аянбай-ақ жан салыпты. ( әділ-қазылар алқасының бағаларын білу)


Жүргізуші: «Қыз –ұлттың жаны» демекші,аяулы арулар, ата-аналардың аяулысы, құрбы-құрдастарыңыздың қадірлісі мен қымбаттысы , даламыздың гүлі, өміріміздің сәні бола беріңіздер.

Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі,

Тал бойына жарасқан күлкі әлемі.

Бір көргенде болмай-ақ сахнада,

Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі. Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,

Аруы деп мектептің жүрейікші-дей келе, сайысымыздың қорытындылау үшін әділ-қазыларды ортаға шақырамыз.


Өнеріміз сайыста,

Жетелейді алысқа .

Бүгінгі күннің жеңісі,

Достық болып қалуда.

Баршаңызды Жыл басы – Наурыз мерекесімен құттықтай отырып сайысымызды аяқтаймыз!