Тақырыбы: Аяласаң, табиғатты аяла
Мақсаты: оқушылардың табиғаттағы барлық тіршілік иелерінің бір-бірімен өзара байланыстылығы туралы түсінігін қалыптастыра отыра экологиялық білімдерін дамыту
Дамытушылық: Қоршаған ортаны қорғау, өлкеге деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Тіршілік иелерімен таныстыру.
Тәрбиелік. Табиғатты қорғау, елін, жерін сүюге тәрбиелеу
Көрнекілігі: эмблема, слайд, шарлар, табиғат туралы нақыл сөздер
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Мұғалім: Қазіргі кезде барлық адамзат алдында тұрған күрделі міндеттердің бірі – табиғатты қорғау, оның сан алуан байлықтарын ұқыпты пайдалану, яғни экологиялық қатерден сақтау. Бүгінгі сайысымызды ерекше етіп өткізгім келіп отыр. Сайыс сабағымызды бастамас бұрын «Табиғат ананы қорғайық » атты слайдымызды көрсетуден бастаймын.
Бүгінгі сайысымзға қатысатын оқушыларды мынандай үш топқа біріктірдік. Тақырыбымыз табиғатқа байланысты болғандықтан 1-топ «Жер», 2-топ «Су», 3-топ «Ауа» деп аталады.. Сендерді бүгінгі жарысымызға кіріспес бұрын сайысымыздың бағдарламасымен таныстырып өтейін.
1-бөлім: «Сәлем сөздің анасы...» (оқушылар топтың атын, ұранын, әнін, эмблемасын қорғап шығады)
2-бөлім: «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы..» Әр топ табиғатқа байланысты өлең оқиды
3-бөлім: Табиғатқа қамқорлық сайысы (топтар сахналық көріністер көрсетеді)
4-бөлім: «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» ( қойылған жұмбақтардың жауабын тауып, мақалдардың жалғасын табу)
5-бөлім: «Үйге тапсырма» (табиғатты қорғауға байланысты сурет салып келу)
Жарысымызды бастамас бұрын сайысымызға төрелік ететін әділ-қазы алқаларымен таныстырып өтейін :
Бас төрешіміз тәрбие жөніндегі орынбасары: Төлеубаева Алма
Әлеуметтік –педагог: Сейдалиева Әнипа
Педагог-психолог: Күмісбекова Малика
1-жүргізуші:
Қазақ халқының асыл мұраларының бірі - табиғатқа деген аса бір сүйіспеншілігі мен асқан адамгершілік қасиеті болады. Халақ ұғымында табиғат деген қасиетті сөз, туған жер,өскен ел, атамекен, аяулы өлке,ауылым деген тұла бойына нәр беріп, жүрегіңді шымырлататын аса қымбат сөздермен тепе –тең.
Сайысымыздың 1-бөлімін бастаймыз. «Сәлем сөздің анасы...» (оқушылар топтың атын, ұранын, әнін, эмблемасын қорғап шығады) Кезекті «Жер» тобынан бастаймыз.
1. Біздің топ: «Жер» 2. Біздің ұран: «Жері байдың елі бай»
3. Біздің ән: «Туған жер»
4.Топ жетекшісі жерге байланысты жасаған эмблемаларын қорғап шығады.
«Су» тобы
Біздің топ: « Су » 2. Біздің ұран «Су өмір жүрегі,
Денсаулықтың тірегі»
3. Біздің ән: «Саржайлау»
4.Топ жетекшісі суға байланысты жасаған эмблемаларын қорғап шығады.
«Ауа тобы»
1. Біздің топ: «Ауа» 2. Біздің ұран: «Ауадан тыныс ап,
Өседі ырыс бақ»
3. Біздің ән: «Өз елім»
4.Топ жетекшісі ауаға байланысты жасаған эмблемаларын қорғап шығады.
2-жүргізуші:
Табиғаттың бауырысың, досысың,
Аянбау да керек шығар дос үшін.
Екеуіңнің араңдағы байланыс
Өмірбақи үзілмесін, қосылсын- деп келесі сайысымыз табиғатқа байланысты өлең оқуға береміз. Топтарымызға кезек берейік.
1-жүргізуші:
О, табиғат! Сен не деген жомартсың, не деген дархансың, әлемді жайқалтып, тербелтіп тұрасың. Сенің бізге, адамдарға берген байлығың ұшан - теңіз. Ата – бабалардың өсиетін сақтап, сені қоғауға, сақтауға, еңбекпен жақсылықтар жасап, сенің жанашырың болуға барлық балаларды шақырамын-деп оқушыларымызды табиғат тақырыбына байланысты көріністер көрсетуге шақырамыз. Топтарымыздың өнерлерін тамашалайық.
«Жер» тобының көрінісі
(қатысушылар: әкесі, баласы, құс.)
Әкесі: Ағаш та қалмапты ғой?
Баласы: Әке, бар ағашты өзіміз қырқып болдық қой.
Әкесі: Е, міне, жалғыз қайың қалыпты ғой.
Баласы: Әке, ол әлі жас қой, әлі өссінші. Обал емес пе, табиғаттың сәні ғой.
Әкесі: Немене, табиғатқа жаның ашып қалды. Заманның бізге ашымағанда, табиғатты ойлайды деп тұрасың ба? Көп сөйлеме, ұста араның арғы басын. .
Құс: Тимеңдерші бұл ақ қайынға, ұямды бұзбандаршы, қырықпандаршы
Әкесі: Мына қайтеді өзі шиқылдап, балам таспен атып ұршы.
Баласы: Әке, өз ұясын қорғап жүр ғой. Осы ағашты қырықпай – ақ қояықшы.
Әкесі: Көп сөйлеме, ұста араны. Ай, сенде, нәзік жүрек. Мә, саған.
Құс: Ей, адамзат, ойланшы сен бір сәт қана,
Жауыздықтан күңіреніп жылап тұр ғой мына бала.
Табиғаттың ысырапсыз пайдаланып бар байлығын
Не көрінді? Не қалады артындағы ұрпағына?
Мен көрдім жас қайыңның құлағанын,
Бас ұрып қара жерге сұлағанын.
Сарғайып жапырағы өлімсіреп,
Байғұстың кім тыңдады жылығаның
Келесі көріністің кезегі «Су» тобына беріледі. Көрініс «Табиғат -ана»
«Ауа» тобың көрсететің көрінісі «Таза бұлақ»
Ән: «Туған жерге сағыныш» орындайтын Молдалиева Рабиға
2-жүргізуші:
Ой салып ақылға, оң істі мақұлда.
Табиғат сайлаған емдерді мақұлда.
Талпынсаң құрыспай емдерді пайдалан.
Ие боп атаққа, жетесің мақсатқа-деп сайысымызды «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» бөлімімен жалғастырамыз. Әр топқа төрт жұмбақ және екі мақалдан беріледі. Жұмбақтардың жауабын тауып, мақалдын жалғасын жалғастыру керек.
«Жер» тобы
Орманда гулейді 2. Күнде ертемен туылады,
Далада сыбырлайды. Ата-анасыз қуылады.
Теңізде ұлиды, (Күн)
Ал өзінде жан жақ.
(Жел)
3.Шатырдың 4. Мұнараға биік,
Шымбайына батады. Сорылатын сұйық.
(Қар) Қолданамыз күнде,
Ыдыстарға құйып.
(Су)
Мақал-мәтелдің жалғасын табу
Бір тал ексең,...
Жалғыз ағаш орман болмас.....
«Су» тобы
Ұланға іні-қолқанат, 2. Билетіп көкке парақты,
Білеміз бе, балалар, Ұшырды құстай қанатты.
Басылымды-альманах (Құйын)
(Жыл-он екі ай)
3.Өсіреміз бөлмеде-от басында 4. Соққан желмен түтілік,
Тікенегі жапырақ тақтасында. Қалқып ұшты үпілік.
(Кактус) Ұстатпайды қусаң да,
Өкпең өшіп, жүгіріп.
Мақал-мәтелдің жалғасын табу
(Бақбақ)
Гүл өссе елдің....
Жаңбыр жауса...
«Ауа» тобы
Дейміз біздер қадірлеп 2. Іші қызыл, сырты көк,
асыл анамыз, Ала жаздай үрдім доп.
Мен де, сен де- перзентпіз (Қарбыз)
ортақ оған.
(Жер)
3.Жаңбыр жоқта бұғады 4. Киіз бастым, оңбады,
Жаңбыр жауса-шығады. Жіп иірдім, болмады.
(Жауын құрт) Жібек жүнін мың қойдың
Желге ұшырып жібердім.
(Тұман)
Мақал-мәтелдің жалғасын табу
1.Қыс азығын....
2. Арпа, бидай-ас екен.......
1-жүргізуші:
Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусәр тынысын.
Пәк, табиғат, әр жүректің тымылжыған жырысың.
Ей, адамзат! Ақылға сал, қатыгездік жасама.
Өзіңдағы содан тудың, табиғаттың ұлысын – үйге табиғатты қорғау туралы сурет салып келу тапсырмасы берілген болатын. Суреттеріңді әділ-қазы алқалары бағалап, жеңімпаз болған топты марапаттасын.
Мұғалім сөзі:
Қазақстан туған жерім киелім,
Қастерлеймін басымды да иемін.
Табиғаттың-таптырмас жан байлығын,
Бәрін, бәрін аялаймын, сүйемін.
Табиғат сен тіршілік тұнып тұрған,
Сен –Күнсің көтерілген күліп нұрдан.
Сен –көлсің, сен-ормансың, сен –бұлбұлсың,
Адамға сұлулықты шын ұқтырған-деп бүгінгі «Аяласаң, табиғатты аяла» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Міне оқушылар бүгінгі сабағымыздан бізді қоршаған ортаның қаншалықты құдіретті екенін түсіндік. Біз әрқашан өзімізді қоршаған ортаны қорғауға міндетті екенімізді түсіндік. Бүгінгі кешімізді «Атамекен» әнімен аяқтамақпын. Көріп тамашалағандарыңыз үшін рахмет.
Хор: «Атамекен»