|
Таным.Қоршаған ортамен таныстыру. Тақырыбы: Шуақты көктем
Автор публикации: Максот Ж.А.
Дата публикации: 2016-05-01
Краткое описание: ...
Білім беру саласы: Таным Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру Тақырыбы: Шуақты көктем Мақсаты: Көктем мезгілін сипаттау, балаларды табиғат тамашаларымен таныстыру. Табиғат ерекшеліктері мен өзгерістерін бақылау арқылы тілдерін дамыту, табиғатты аялауға, табиғаттың әсемдігін, сұлулығын көре, сезе білуге тәрбиелеу. Әдіс – тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап. Көрнекілігі: Көктем мезгілі туралы суреттер, құстардың суреттері, қызғалдақ гүлінің суреті.
Мативациялық қозғаушы: Балалар, қараңдаршы жарқырап күн шығып тұр, бізге шуағын шашып тұр. Қандай шуақты ерекше күн! Және де бізге көп қонақтар келіп отыр екен және солармен амандасып алайық. Шаттық шеңберіне тұру. Арайлап таң атты, күн сәулесін таратты жарқырайды қаламыз жарқырай түс, даламыз қайырлы таң! Қайырлы таң қонақтар (Шеңберге тұрады өлең жолына сәйкес қимылдар жасайды) Бүгін бізде ашық оқу іс - әрекеті: Айналамен таныстыру. Мен қазір сіздерге жұмбақ жасырамын. Мұқият тыңдап алыңдар. Қар еріп, су көбейіп, сай салаға ағады! Ағам басы бүршік шашып, жапырақ ашып, гүл бәйшешек толады Балалар, айтыңдаршы, Бұл қай кезде болады? Бұл көктем мезгілінде болады. Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады? Көктем мезгілінде күн жылынды. Қар еріп, жылғалардан су ақты. Туған жерге құстар ұшып келді. - Көктем мезгілінде қандай құстар ұшып келді? Ағаштар бүршік жарып, жапырақ жаяды. Жеміс ағаштары гүлдейді. - Қар ерігеннен кейін жер бетіне бәйшешек гүлі шығады. Жауқазын гүлі, қызғалдақ гүлдері шығады. - Көктем мезгілінде қандай алғашқы гүлдер шығады? Егістікте тракторшылар жер жыртып, сеялкамен дән себеді Көктем мезгілінде егістік жерлерде қандай жұмыстар жүргізіледі? Егістікте тракторшылар жер жыртып, сеялкамен дән себеді. - Наурыз айында қандай мерекелерді атап өттік? Наурыз айында 8 - наурыз аналар мерекесі, 22 - наурыз Ұлыстың ұлы күні Наурыз тойын тойладық.
Есік қағылды. Топқа музыка әуенімен қонаққа Ару Көктем кіреді. Ару Көктем: - Сәлеметсіздер ме қонақтар, балалар! Мен көңілді көктеммін. Былтыр келіп кеткенмін. Нұр боп көктен төгілем. Шуағым төгіп әлемге Қуатын күннің әкелем Табиғаттың төсіне, Тіршілігін әперем Қазір жылдың қай мезгілі? - Қазір жылдың көктем мезгілі. - Көктем мезгілінің қай айы? Көктем мезгілінің наурыз айы. - Көктем айларын атаңдар - Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр Ару Көктем: Балалар мен туралы не білесіңдер? Көктем, көктем көктемде Құстар келіп жеткенде. Қуанып бір қаламыз. Әнмен қарсы аламыз Көктем қандай көңілді, Күміс жаңбыр төгілді. Мөлдір аспан ашылып, Күн пердесі сөгілді. - Көкке бояп өңірді, Көктем келді көңілді. Бау - бақшада орманда. Құстар әні төгілді. Ару Көктем: Рахмет балалар! Көктем мезгілі туралы көп біледі екенсіңдер. Жарайсыңдар! Музыка әуені естіледі. Музыка әуенімен билеп «Қағаз ханшайымы» кіреді. -«Қағаз ханшайымы»: - Сәлеметсіздер ме қонақтар, балалар! Мен қағаздар елінен сендерге қонаққа келдім. Мен «Қағаз ханшайымы» боламын. - Мен сендерге құр қол келген жоқпын. Көптеген тапсырмалар әкелдім. Жұмбақтар айтады. - Таңмен көзін ашады, Әлемге нұрын шашады. Ол не? (Күн.) - Ағаш. - Жылт жылт етеді. Жылғадан өтеді. Ол не? (Су) - Қыста киімін тастайды, Көктем де киіне бастайды. Ол не? (Ағаш.) 2 тапсырма. - Кім жаңылтпаш біледі? Көктем күні шуақты, Көктем күні қуатты. Көктем күні шуақты, Сай - салад су ақты. Көктем күні күкіреп, Жаңбыр жауды сіркіреп. Көктем күні күркіреп, Шыға келді қыр түлеп 3 тапсырма. Кім тыйым сөздер біледі? Құстарды атуға болмайды. Құстардың ұясын бұзуға болмайды. Қағаз ханшайымы: - Жарайсыңдар, балалар! Рахмет! Сендер өте ақылды, Білімді балалар екенсіңдер.
Сергіту сәті: Күн болып жанайық. Су болып ағайық. Терең – терең демалып, Жүгіріп, жүгіріп алайық.
Енді маған қиынды пішіндерден көктемде өсетін қызғалдақ гүлін құрастырып жапсырайық. Қызғалдақ гүлінің үлгі суретін тақтаға іледі. «Көктемгі күн жерді қыздырып, табиғаттағы бар тіршілік иелері оянып, қызғалдақтар жер – анадан күш алып, жапырақтарын жайып, күлтешелерін көтеріп, күнге қарай қол созады. Себелеп өткен жылы жаңбыр гүлдің жапырақтарын аймалап жуып, шаңын кетіреді. Гүлдер жерді көріктендіреді, адамға жақсы көңіл – күй сыйлайды, олардан дәрі жасайды. Гүлдер жәндіктерге қорғаныш және тіршілік көзі болып қызмет етеді. «Қызғалдақ гүлін құрастыра отырып жапсырамыз». 1) сабағын 2) күлтешесін 3) төменнен жоғарыға қарай жапырағын жапсырамыз. Балалардың өз бетімен жұмыстар. Балалардың жұмыстарын мадақтау. Қағаз ханшайымы: Балалар мен сендерге өте ризамын. Сендер менің тапсырмаларымды өте жақсы орындадыңдар. Ал енді сендермен ойын ойнасақ бола ма?
Ойын: Жақсы мен жаман Мақсаты: Жақсы қасиет болса қолдарын шапалақтайды, жаман қасиет болса тыныш отыру. 1) Көшет отырғызу. 2) Ағаштарды сындыру. 3) Құстарға жем шашу. 4) Құстың ұясын бұзу. 5) Ағаштарға су құю. 6) Гүлдерді жұлу. 7) Құстарға ұя жасау. (Ойын ойнайды) Балалар қолдарын Шапалақтайды. Шапалақтамайды
Рахмет, сендермен өте тамаша күн өткіздім сендерге өте ризамын қош сау болыңдар. Рефлексивті коррекциялаушы: - Бүгін бізде қандай оқу іс - әрекеті болды? - Оқу іс – әрекеті ұнады ма? - Қонаққа кімдер келді? - Сендерге не алып келді?
Күтілетін нәтиже: Көктем мезгіліндегі табиғат құбылыстары туралы түсінігі қалыптасты. Білуі тиіс: Көктем мезгілінің ерекшеліктерін біледі. Игеру: Шығармашылығын дамыту.
|
|