Тақырыбы: «Құстар – біздің досымыз!»
Мақсаты:
1) Оқушыларға жалпы құстардың пайдасы туралы, олар жөнінде мағлұмат беру. Негізінен оларға қамқор болуға, құстарды аялауға бейімдеу.
2) Құстар туралы жұмбақтар шешу арқылы қызығушылығын арттыру, құстарды қорғауға деген сезімін арттыруға жетелеу.
3) Оқушыларға экологиялық тәрбие беру, яғни құстарды қорғауға, оларға тиіспеуге, ұя жасап қарсы алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, нақыл сөздер.
Әдісі: әдеби - монтаж, түсіндіру, ойын.
Барысы:
1 – бөлім: «Құстар - біздің досымыз!»
2 – бөлім: «Жұмбақтар әлемі»
3 – бөлім: «Халық болжамдары»
4 – бөлім: Ойын «Құстарға жем шашайық»
5 – бөлім: «Ертегілер елінде»
6 – бөлім: Қорытынды
Мұғалім
-Құрметті балалр,қонақтар бүгінгі «Құстар – біздің досымыз» атты тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер. Біздің халқымыз кең далада, табиғат құстары бай далада өскен.
Табиғатты құрайтын тіршіліктің бірі – құстар.Халық ежелден –ақ құстарға әуес, оларға деген сүйіспеншілігі шексіз , ең жақсы көретін адамның құсқа теңеу арқылы ықыласын білдіріп отырады.
Қазақстанда қанаттылардың 500 түрі мекен етеді. Ал бүкіл жер шарында 9000 жуық түрі бар. Әр құстың өз «кәсібі» бар. Біреулері ән айтса, екіншілері –құрылысшы.. Құстардың пайдасы өте көп. Олар табиғаттың байлығы ағаштарды, өсімдіктерді зиянкес жәндіктерден құтқарады.Құстар бір орныда тұрмайды.Олар бір жерден екінші жерге ұшып –қонып жүреді.
Барлық құстарға ортақ қасиеті:
- ұшады
- қанаттары
- мамықтары
- тұмсықтары болады
- олар жұмыртқалайды
- балапан басады.
Құстардың айырмашылығы:
тұмсықтары
дене пішіні
дыбысы
түстері әртүрлі
Олардың етін, жүнін, мамығын, жұмыртқасын адамдар керегіне пайдаланады.
Табиғатқа сән беріп, өз әуенімен табиғатты құлпыртып,
адамдардың көңіл - күйін көтереді.
Құстардың түрлері өте көп. Оның ішінде жыл құстары туралы әңгімелесек.
Сұрақ:
- Қандай құстарды «жыл құстары» деп атаймыз?
Жауап:
- Салқын түсе жылы жаққа ұшып кетіп, көктемде қайта ұшып келетін құстар. Ол құстарға көкек, қарлығаш, аққу, қараторғай, бұлбұл, үйрек, қаз, тырна.
Мұғалім:
Құстар туған жерге топ - тобымен ұшып келеді. Олар жолда талай қиындықтарды бастан кешіреді. Биік асулардан асады.
Жыл құстарының кейбірінің тіршілік қамы туралытоқтала әңгімелесейік.
Мысалы: қарлығаш құс туралы не айта аласыңдар?
Қарлығаш - адамға дос. Ол өзінің ұясын үйдің, ауланың айналасына салады. Оның өз әні бар, әні құлаққа жағымды.
Қарлығаш адамға саулық, жақсылық тілеп жүретін және қауіп қатерден қорғап жүреді. Үй салуды да адамдар қарлығаштан үйренген.
1-оқушы: Қарлығаш
Қарлығашпын мен
Адамның тұрағымын
Мекен етіп тұрамын
Тазалаймын үй - ішін
Ел аузында мақтаулы
Тазалықшымын төселген
Мұғалім: - Бір қарлығаш бүкіл жаз бойы 1 миллион құрт жейді -деп ғалымдар зерттеген.
Қараторғай - өзі кішкентай, өте пайдалы құс. Орман қорғаушысы. Ауылға қараторғай келісімен күннің көзі ашылып, күн жылынады. Қараторғайды әнге қосып, шырқаған.
2-оқушы: Қараторғай
Мен қараторғаймын
Шегірткедей жұртыңды
Қырғи болып қиямын
Егістікке жайылымға
Қорғаушы боп тұрамын
Жәндіктерді зиянды
Құртатұғын батырмын
Дайындайтын ұямды
Достарға келе жатырмын
Мұғалім: - Пайдалы құстардың бірі – қараторғай.Бір топ қараторғай бүкіл балапандарымен бірге 22 тонна шегірткені азық етеді.Қараторғай –орман қорғаушысы.
Сұрақ: - Аққу туралы не айта аласыңдар?
Оқушылардың жауаптары.
3 – оқушы: Аққу
Құс сұлуы аққумын
Табиғат көркін сыйлаған
Мылтығын кезеп еш мерген
Атуға көзі қимаған.
Сұлулықты паш етіп
Жырлаған талай ақындар
Нәзік үнді, көл көркі
Құс патшасы мен болам
Мұғалім: - Аққу - 30 - 40 жыл өмір сүреді. Ол көрсе көз тоймайтын сұлу құс. Халық аңызына сүйенсек жылан да аққу жұмыртқасына тиіспеген, адамдар да аққуды атпаған. Ол киелі құс. Қазақ сұлу қыздарын аққуға теңеген.
Мұғалім: - Күзде барлық жыл құстары жылы жаққа үшып кетіп,қыста суыққа төзе алатын құстар ғана қыстап қалады.Оларды «қыстайтын құстар» деп атайды.Олар:торғай,құр,кептер,сыуқторғай,сарышымшық,тоқылдақ.
4 – оқушы:Тоқылдақ
-Тоқылдақты халық «орман емшісі»-деп атайды. Ол ағашты зиянды құрт - құмырсқадан тазартады.
Тоқылдақ:
Құртты іздеп ініне
Қарағайды үңгіген
Тоқылдақ құс дәрігер
Қашан да ол әбігер
Мұғалім: - Тоқылдақ – орман құсы. Ол өз тұмсығымен ағаш қабығының астынан оңай табады. Бір тәулікте 200-ден астам зиянкестің көзін жояды.
5 - оқушы: Торғай
Мен торғаймын,торғаймын
Көк аспанда шарлаймын
Жерге бетер қонбаймын
Суықтан да тоңбаймын.
Құрт –құмырсқа,шіркейден
Бау-бақшаны қорғаймын.
Мұғалім: - Үйіміздің қасындағы кіп-кішкентай торғай бір жылда бір өзі ғана 4 миллионға жуық зиянды құрттарды жейді. Торғайдың жүрегі минутына 260 рет соғады.
6 – оқушы: Көгершін
Бейбітшілік құсы - менмін көгершін,
Жер жүзінде бейбіт еңбек көгерсін,
Аспан тұнық ,шат көңілді болайық,
Ақ ниетті адал жандар көбейсін.
Мұғалім: - Көгершін- дүниежүзінің көптеген халықтары үшін бейбітшілік
белгісі.
Қыста құстар ағаштардың бұтақтарын паналап күнелтеді.Қарны ашып,жаураған құстар адамдарға жақын келіп,тамақ қалғандықтарын шоқып жейді.Бұл кезде олар қорқуды да ұмытып кететін сияқты.Олар адамдардан көмек күтіп жүреді.Сондықтан,біз құстарға ұя жасап,қамқорлық жасаумыз керек.
Сұрақ: - Сендер құстарға қандай қамқорлық жасайсыңдар?
Оқушылардың жауаптары.
Есіне түсірейік!:
Тиым сөздер.
Жұмыртқасын жарма.
- Жұмыртқасы мен балапаны бар ұяны бұзба.
- Аққуды атпа.
- Құсқа тас лақтырма.
Мақал -мәтелдер.
Қарға келсе,қатқақ келер.
Шаңқан келмей,боз болмас.
2 – бөлім: Жұмбақтар әлемі
Көктемде құстар қайтқанда,
Ең алдымен келетін.
Өзіміз күтіп алатын,
Ұя жасап беретін,
Бұл қандай құс, балалар?
- (қараторғай)
Маң-маң басқан жүрісі,
Барлық құстың ірісі.
Қашқанда құстай ұшпайды,
Қуғанын бірақ ұстайды.
- (түйеқұс)
Өзі сақ, өзі ұсақ,
Шықылықтап тұрмайды.
Құйрығы ұзын, өзі ала,
Бұл қандай құс?
- (сауысқан)
Дамылсыз барабан қағады
Сол жерден тамағын табады.
- (тоқылдақ)
Ұя салып ,балапан баспайды
Өз атын атап қақсайды.
- (көкек)
Туысы дейді құстардың
Інісі дейді тышқанның
Тышқан да емес, құс та емес
Екеуінен де тыс қалдым .
- (жапалақ)
Қызығып әр адам
Ұстап ап даладан
Жүнімен жұлып ап
Бесікке қадаған
Бұл қай құс?
- (үкі)
Түсі қара мақпалдай
Төсі ақ сыр жаққандай
Ұшса оқтай зулайды
Көктен жұлдыз аққандай.
- (қарлығаш)
– бөлім: «Халық болжамдары»
Мұғалім: - Халқымыз құстардың келуіне, кетуіне қарап болжамдар жасаған. Енді солардың біразына тоқтала кетейік.
Қарлығаш жоғары ұшса, күн жылы болады, ал төмен ұшса жаңбыр жауады.
Көктемде қаздар қайтқанда жоғары ұшса, су тасқыны болады.
Жаңбыр жауарда қарғалар у - да шу болады.
Шымшық ұя салса, қыс қатты болады.
Шағала келсе сең бұзылады.
Жыл құсы қаптап келсе, көктем ерте келеді.
Бозторғай ән салса, күн ашық болады.
Торғай шаңға аунаса, жаңбыр жауады.
Сары шымшық ысқырса, шынымен күз болады.
Үйрек бір аяғымен тұрып басын қанатының астына тықса, аяз
болады.
жоғары самғап бара жатса , күн ұзақ болады делінеді,
кеш қайтса ,қыс жылы болады.
Мұғалім: Жылы жаққа ұшпайтын,
Біздің жақта қыстайтын.
Құстар жүрсе жыуқта,
Жем шашуды ұмытпа.
4-бөлім: Ойын: «Құстарға жем шашайық»
- Құстар туралы біраз мағлұмат жинадық.Ендеше көрейік:
1. Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады? (Бүркіт)
2.Ғалымдардың зерттеу бойынша бір қарлығаш бүкіл жаз бойы қанша құрт жейді ? (1 миллион)
3. Қандай құс хат тасушы атанған? (Көгершін)
4.Аққу қанша жыл өмір сүреді? (30-40 жыл)
5. Торғайдың жүрегі минутына қанша рет соғады? (260)
6. Құстың негізгі баспанасы? (Ұя)
7. Қай құста мүлде ұя болмайды? (Көкек)
8. Бір топ қараторғай балапандарымен қанша тонна шегірткені азық етеді?
(22 тонна)
9. Қазақстанда құстардың неше түрі бар? (500 түрі)
10.Тоқылдақ бір тәулікте қанша зиянкестің көзін жояды.(200-ден астам)
5 – бөлім: «Ертегілер елінде»
«Құстардың айтысы»
Шымшық:
- Адам тұрағына жақын келіп қоныстанғанымыз жақсы болды! Бізге дастарқан дайындап қойыпты. Тіпті жеміс те бар екен.
Құр:
- Бұғылар да келмеді ғой. Олардың ізіндегі қардан ашылған шөптің дәнін теріп жеп, бір тоятын едім!
Қарға:
- Мынадай қалың қарда дән қайдан табылсын! Ағаш бүршігімен, кепкен жеміс-жидекпен күн көре тұрамыз да.
Сауысқан:
- Ей, қаздар, сендер жылы жаққа кетпеп пе едіңдер? Қыс түскенде мұнда неғып жүрсіңдер?
Қаздар:
- Әй, сауысқан-ай, танымадың ба? Біз үй қаздарымыз ғой. Сен, өзің неге жылы өлкеге кетпедің?
Сауысқан:
- Мен туған жерде қыстайтын отырықшы құспын ғой. Мен сияқты алақарға, шымшық, тоқылдақ, торғай, суықторғайлар да қыста өз туған жерлерінде қыстайды.
Тауықтар:
- Бұл, жазда біздің ұядағы жұмыртқаны ұрлап алып кеткен қарақшы ғой, танып тұрмыз.
Сауысқан:
- Тауықтар, сөздеріңді естідім. Жұмыртқаңды ашып тастапсың. Көрген соң біреуін алып, ауыз тидім. Жұмыртқа менің басты қорегім емес. Мен бунақденелілер сияқты ұсақ жәндіктерді көбірек аулап жеймін. Мені пайдалы құс деп өсімдіктер қадірлейді. Мұны білгендерің жөн. Әрине, қазір олар жоқ, азық тапшы, тіршілік ету оңай емес. Онан да сендер, үй құстары, мына қыстағы өз жағдайларыңды айтыңдар.
Үй құстары:
- Жағдайымыз жақсы. Ұядай жылы орын, мол азықты біздер үшін адам дайындайды. Біз адамға дәмді ет, жұмыртқа, жұмсақ мамық, сыйлаймыз. Сол үшін бізді адам күтіп бағады, бізге қамқорлық жасайды.
6 - бөлім Қорытынды
Оқушылар: Құс анасын атпаймыз,
Қыста жемдеп баптаймыз
Бауырмал боп бәріңе,
Қорғау заңын сақтаймыз .
Мұғалім: - Құс адамға қуаныш сыйлайды. Құс адамды аспанда қалықтау сезіміне бөлейді.
-Бүгінгі тәрбие сағатымызды осы өлең жолдарымен аяқтағым келеді:
Құстар – біздің досымыз,
Бау-бақшаны қорғайды.
Ұя жасап қарсы алсақ,
Құстар бізді қолдайды.
Оқушыларға «Есте сақта!» парақтары таратылады.