Тақырыбы: «Аяулы күз, Алтын күз – 2015»
Өтетінорны: Жамбыл 38/6 (колледж жатақханасы)
Өтетінуақыты: 16 қазан 2015 жыл.
Нұрберген:
Көк аспаным мөлдіреп,
Шуақты көзім елжіреп
Асыр салып жүретін
Сары көйлегім желбіреп,
Айтшы Меруерт
Бұл қай мезгілдің келгені.
Меруерт:
Жайдары күз, жарқын күз
Аяулы күз, алтын күз
Дәнге толы ен далам
Дариядай шалқар күз
Нұрберген бұл
Алтын күздің келгені
Нұрберген:
Қайырлыкүн, қымбаттыұстаздар, оқушылар! «Аяулы күз, Алтын күз – 2015»аттыкүзгі бал кешіне, қошкелдіңіздер!
Армысыздар, ұлағаттыұстаздар!
Бармысыздар, жадырағанжасдостар!
Берекелі, мерекелі алтын күзқұттыболсын!
Меруерт:
Уа, халайықхалайық,
Мұнданазарсалайық!
Мерекесіхалықтың
Алтын күзгеарналған
Кешіміздібастайық!
Ендешеортағасайысқақатысушыүміткерлеріміздішақырайық .
Нұрғиса мен Жансая
Бекарыс пен Оксана
Роллан мен Гулбарам
Мейірбек пен Мейрамгүл
( Сайыскерлерортағашығады)
Нұрберген:
«Аяулы күз, Алтын күз – 2015» байқауының үміткерлеріне ақ жол тілеп, қошемет көрсетейік, құрметті көпшілік.
Меруерт:
Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем
Әділдікке бас иеді күллі әлем
Жүйрік озар сайыстарда неше бір
Сарапқа сал әділдікпен шеше біл, - дей келе бүгінгі сайысымызға қазылық жасайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар!
Әділқазыларалқасы:
Директордыңоқу –ісіжөніндегіорынбасары – Г.Г. Исмагулова
Математика пәнінің оқытушысы – М.Ш.Джумина
Колледж кітапханашы – Қ.Г. Қазбаева
Жатақхана меңгерушісі – Д.Ж.Сергазиев
Химия пәнінің окытушысы және жатақхана тәрбиешісі – А.А.Тлегенова
Нұрберген:
Ендеше бүгінгі кешіміздің бағдарламасымен таныс болыңыздар. Бағдарламамыз 6 кезеңнен тұрады.
Таныстыру (эмблема, киімдері бірдей болу керек)
Викторина (сұрақ - жауап)
Өз өнерін көрсету (би, ән тағы басқалары)
Сиамдық егіздер (ойын түрінде)
Мәдениет (мимикамен)
Сән көрсету (әр түрлі материалдан жасау)
Ескерту: Әділқазылар алқасы үміткерлеріміздің бағасын жұп – жұппен шығарады. Ең төменгі балл – 3, ең жоғары балл – 5.
Меруерт:
Құрметті көпшілік көрерменім
Жақсылыққа әрдайым артқан сенім
Ақжол тілеп үкілі үміткерге
Таныстыру шартына кезек бердім.
Нұрберген:
Ендеше бірінші шартымыз «Кел танысайық» үміткерлеріміздің өздерін таныстыруы.
1 – кезең. Таныстыру
Меруерт:
Күз келді, хан мен ханшайым
Өткізді күзгі бал айын
Ағызар сөйлеп сөз майын
Ал ханымыз ақылды
Барша жұртты шақырды
Би де билеп ән айтты.
Қуаныштан шалқыды.
Ханзадаларымыз бен ханшайымымызды танып білсек сайысмыздың екінші бөлімі «Викторина» сұрақ – жауапқа кезек берейік.
2 – кезең. 2 минут ішінде сұрақтарға жауап беру керек
1 – жұпқа
Дәрежесі айнымалы функция қалай аталады? (көрсеткіштік функция)
Жалғаудың түрлерін ата? (септік, көптік, тәуелдік)
ҚР 16 желтоқсан қандай мейрам? (Тәуелсіздік алған күн)
ҚР Мемлекеттік тәуелсіздігін заңы қай жылы қабылданды? (16 желтоқсан 1991ж)
2 – жұпқа
B13/b-3= (b16)
Қазақ тілінде септік жалғауы нешеу? (7) (атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес)
ҚР рәміздерін атаңдар? (Ту, елтаңба, әнұран)
«Дружба» сөзінің қазақшасы қалай? (достық)
3 – жұпқа
22*(64)2/84= (4)
Қазақ тілінде сөз табы нешеу? (9) (зат есім, сан есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, шылау, елуктеу сөздер, үстеу)
Елтаңба авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
Бала дәрігері? (педиатор)
4 – жұпқа
Бағытталған кесінді қалай аталады? (вектор)
Зат есім дегеніміз не? (зат есім дегеніміз заттың құбылыстың атын білдіріп, Кім? Не? Деген сұраққа жауап беретін сөз табы)
Қазақтың ұлы ақыны? (Абай)
Астана қаласының символы? (Бәйтерек)
Нұрберген:
Баршаға өнер сүйер жар саламыз,
Үкілі үміткерді қарсы аламыз
Күйге енейік баршамыз ерекше бір
Сіздер үшін би билеп, ән саламыз
3 – кезең. Өз өнерін көрсету (би, ән тағы басқалары)
Құрметті көрермендер ендігі кезекте үміткерлеріміздің дайындап келген өнерлерінің куәсы болуға шақырамыз.
Меруерт:
Өз өнерін көрсететін бірінші жұбымыз .................
Нұрберген:
Жігіттер мен аруларымыздың өнерлеріне көп рахмет айта отырып, келесі кезеңімізге өтейік.
4 – кезең. «Жұптасу» ойыны яғни Сиамдық егіздер (ойын түрінде)
Шарты: екі жұптың біреуінің оң, екіншісінің сол қолы байланады. Оң қолы бос оқушы қолына қайшы ұстайды, сол қолы оқушы қолына қағаз бетіне түсірілген өрнекті ұстайды. Екеуі бірігіп қағаздағы өрнекті қиып шығуы керек.
[pic]
Меруерт:
5 – кезең. Мәдениет (мимикамен)
Шарты: қатысушылар ортаға шығып карточканы таңдайды. Берілген карточкадағы тақырыпты ымдау арқылы басқа топқа кезекпен түсіндіруі тиіс. Егер сол жұп түсіндіріп, келесі жұп тауып алғанда ғана әділ қазылар баға қоюыңызға болады.
Тапсырмаға берілген сөздер:
Құс, күн, кітап, домбыра.
Қалам, телефон, доп, шаңғы.
Балға, сағат, оқушы, қолшатыр.
Қоңырау, сызғыш, қолғап, шар.
Ән орындайтын: Мағзомова Индира
Нұрберген:
Бар сұлулық құйылған бір басына,
Жарасып – ақ тұр бәрі сұлбасына,
Бетін шымшыл жауратып күз салқыны
Еркелейді еріксіз сырласына.
6 – кезең Сән көрсету (әр түрлі материалдан жасау)
Ендігі кезекте жұптарымыздың сән үлгісін тамашалаңыздар. Бірінші жұпты қошеметпен ортаға шақырайық!
[pic] [pic] [pic] [pic]
Ән орындайтын: Маусымов Жігер
Меруерт:
Сонымен Қымбатты көрермеңдер, жан дүниесі, рухани әлемі таза, адам баласының ең тамаша қасиеттерінің барлығын бойына сіңірген, арыстандай айбатты, жолбарыстай жүректі ер мінезді нағыз ханзадаға лайықты жігіттерімізбен................
Нұрберген:
Сыпайы да мейірбанды, ақ маңдай ашық жүзді, айдай сұлу, жылы жүздерінен күннің нұры төгілген нағыз ханшайымға лайықты, ақылды да парасатты қыздарымызды анықтайтын кезге келіп жеттік.
Меруерт:
Жеңістер мен жеңілістен тұратын
Өмір күрес, жеткізе ме мұратын
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін
Қатысу да бар жеңіс, болсаң егер ұғатын
Нұрберген:
Келешекте әрі талай сайыстар бар,
Өнерлерің шыңдалсын қалыспаңдар
Өнерлілер көбейсін күннен – күнге
Өмір күрес әлі талай жарыстырар – дей отырып, «Аяулы күз, Алтын күз – 2015» байқауының нағыз ханзадасы мен ханшасын жариялау үшін ортаға әділ қазылар алқасын шақырамыз.
Меруерт:
Қымбатты көрермендер!
Жеңімпаздарымызға биік шыңдарды бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсін дей отырып, кешімізді осымен аяқтаймыз?
ХОР
Жеңісті күндерде кездескенше достар!